«БҰЛ МӘСЕЛЕДЕ КЕЗ КЕЛГЕН ЖӨНСІЗ ӘРЕКЕТТІҢ САЛДАРЫ АУЫР»

Ақорда
361 Views

Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» атты ХХХІІ сессиясына қатысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXI сессиясынан бері елімізде түбегейлі өзгерістер болғанын атап өтті.

– Барлық азаматтың мемлекеттік тілді меңгеру мәселесі саясатымыздың стратегиялық бағыты болып қала береді. Қазақ тілі – азаматтық интеграцияныңтиімді құралы, мәдени-рухани тұтастықтың жарқын көрінісі. Сондай-ақ қазақ тіліғылыми прогресс пен білімнің озық жетістіктеріне жол ашатын құралға айналуыкерек.

Бұл – тек салалық министрліктердің ғана емес, бүкіл қоғам болып шешетінтарихи міндет. Осы ретте асырасілтеушілік пен даңғазалыққа жол бермей, парасатты әрі дәйекті түрде әрекет еткен жөн. Мемлекеттік тілді оқымаған жәнетиісті деңгейде меңгермеген азаматтар тіл білмегені үшін қысым көрмеуге тиіс.Сонымен қатар біздің қоғамда мемлекеттік тілді үйрену, оны білуге ұмтылуқалыпты жағдайға айналуы қажет.

Қазақ тіліне сұраныс артқанда ғана ол көпшілік кең қолданатын тіл болады. Түптеп келгенде, бірнеше тіл білу – әр адамның мәдениеттілігінің белгісі. Ал мемлекеттік тілді, әсіресе ана тілін, яғни қазақ тілін білу – қандай да бір азаматтың мәдени өресі, азаматтық жауапкершілігі қаншалықты биік екенін білдіреді. Сондай-ақ қаншалықты патриот екенін көрсетеді.

Жалпы, мемлекеттік тіл төңірегінде оң көзқарас ұстану қажет. Тіл мәселесіне қатысты барлық пікірталас этникалық емес, азаматтық және саяси сипатқа ие екенін түсіну маңызды. Бұл мәселеде кез келген жөнсіз әрекеттің салдары ауыр, тіпті қайғылы болуы мүмкін, – деді Мемлекет басшысы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *