ДАМУДЫҢ ЖАҢА ДӘУІРІ

мәдениет
1 167 Views

Шымкент қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау, насихаттау мақсатында арнайы мәжіліс өткізді.

Алғаш болып сөз алған ОККЖ директорының орынбасары Гүлнар Ендібаева: 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы көлемі 1,5 есеге, қаржылай есептегенде 28 мың теңгеден 42 мың теңгеге дейін көбейтіледі. 275 мыңдай бюджеттік қызметкерлердің айлығы 35 пайызға өсетіні туралы айтып өтті.

Өз кезегінде осы жолдардың авторы: Жолдауда сондай-ақ, еліміздің бизнес саласына жеке инвестицияларды тарту тапсырмасы міндеттелді. Кәсіпкерлік сала қарқынды дамыса, жаңа жұмыс орындарын ашуға жағдай туады. Осы ретте Елбасы «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының жұмысын 2025 жылға дейін ұзарту қажеттігін жеткізді. Оны іске асыруға қосымша 30 миллиард теңге бөлу қарастырылмақ. Бұл үш жыл ішінде 22 мыңдай жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Өндірілген өнімнен түскен қаражат та еселенеді. Салық түсімі де көбейеді. Импортты азайтып, халық тұтынатын тауарларды Қазақстанда көптеп шығару қажет. Бұл Елбасының Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауында айтқан тапсырмаларының бірі, – деді.

ОККЖ әдістеме бөлімінің әдіскері Гүлжан Садық: Балалардың 95 пайызы балабақшаға барады. Бұл – жоғары көрсеткіш. Назарбаев зияткерлік мектебінің стандартын орта мектептер үшін қолданылуы қажет. Үш ауысымдық және апатты жағдайдағы мектептердің мәселесін жедел түрде шешуді тапсырды. Келесі жылы «Мұғалімнің мәртебесі туралы» заң қабылданатын жеткізді. Әрбір аулада сауықтыру орталықтарын болғаны мақұл. «100 денешынықтыру-сауықтыру орталығын салу жөніндегі тапсырмаларын көпшілік қуана қабылдағанын айтып өтті.

Абай атындағы орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Мария Тұңғышбаева: Елбасы агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін арттыру үшін ауыл шаруашылығындағы өңделген тауар экспортын 2022 жылға дейін көбейтуді тапсырды. Мемлекеттік қолдаулар шараларын заманауи агротехнологияларды енгізуге бағыттау, Аграрлық секторда әлемнің озық тәжірибелерін енгізу мәселесі айтылды. Осы орайда, Елбасы Үкіметке үш жыл ішінде қосымша 100 миллиард теңге қарастыруды тапсырды. Мемлекет басшысы мәлімдеген міндеттемелер іске асса, әлеуметтік саладағы өзекті мәселелер түбегейлі шешімін таппақ, – деді.

Мерзімді басылымдар залының кітапханашысы Нәзира Сейітжан: Елбасы Үкіметтің және басқа мемлекеттік органдардың жұмысында бюрократизм мен формализмді қысқартуды тапсырды. Ұлттық модернизация кабинетін құру жөнінде тапсырма берді.Елбасы: «Жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау мемлекеттік саясаттың басымдығына айналуы тиіс. Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек», – дей келе келесі 2019 жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынды. «Ауыл – ел бесігі» деген жобаны іске асыру керектігін де атап көрсетті.

Қорыта айтқанда, Шымкент қалалық ОККЖ-нің қызметкерлері Елбасы Жолдауымен танысып, талқылап қана қоймастан, оны оқырмандар арасында кеңінен насихаттауға да белсене кірісіп отыр. Бұл жұмыс ОККЖ-ге қарасты кітапханалар бөлімшелерінде де қызу қолға алынуда.

Раушан СҰЛТАНБЕК,

Шымкент қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі әдістеме бөлімінің меңгерушісі.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *