ДемоКРАТИЯДАҒЫ…

Саясат
1 019 Views

Бюрократиядағы деспоттар мен тирандар

Газетіміздің биылғы 30 мамырдағы №15 (58) санында «Елу жылғы жара» аттымақала жарияланған болатын. Онда бұрынғы КСРО-да ұлттар мен ұлыстардың еңбекші, жұмысшы, шаруа және зиялы қауым өкілдерінің еркі мен мүддесін білдіретін жалпыхалықтық Кеңестік Социалистік Республикалар Одағында бүткіл билік халыққа тиесілі,азаматтар мемлекет және қоғамдық істерді басқаруға, заңдарды талқылап,қабылдауға, жалпы мемлекеттік және жергілікті істерді шешуге қатысуға құқылы;социалистік құрылысты дамыту және нығайту мақсатында сөз, баспасөз еркіндігінкепілдендіреді; сын үшін қудалауға тыйым салынады және оларды қудалағантұлғалар жауапкершілікке тартылады; БҰҰ «Адам құқығы жөніндегі жалпыға бірдейдекларациясының» 13-бабына орай, КСРО заңына сәйкес, оның әрбір азаматыКСРО-дан шығып кетуге және КСРО-ға қайтадан келуге құқылы деген. Солай болатұра мақала авторын 1969 және 1972 жылдары КСРО азаматтығынан шығып, Бразилияғатұрақты қоныстануға кетуге рұқсат сұрап арыз жазғаны үшін ол жоспарын жүзеге асырғызбаумақсатында ауыр психикалық диагноздар қойып, Шымкент қаласыныңпсихоневрологиялық диспансеріне (әрі қарай мәтін бойынша – ПНД) жасырын түрдеесепке алған. Оны заңсыз деп есептеп, ПНД-ға қойған ар-намысты қорғау туралыталап арыздарын Шымкент қаласының Дзержинский (қазіргі Әл-Фараби) аудандық соты1991 жылғы 19 тамыз және 1993 жылғы 23 қыркүйектегі шешімдерімен толығыменқанағаттандырған. Онысы үшін ПНД талапкерден кешірім сұрап, барлықматериалдық-қаржылық шығындарын толығымен өтегені, тағы басқалар баяндалғанеді.

Жоғарыда келтірілген жағдайларды ескеріп, материал мазмұнын, тағы басқа құжаттарды зерделеп, сол кездегі КСРО Конституциясының 6-бабындағы: «Кеңес қоғамының басшылық ету және бағыттаушы күші, оның саяси жүйесінің, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарының ядросы – Кеңес Одағының Коммунистік партиясы. КОКП халық үшін тіршілік етеді, өмір сүреді және халыққа қызмет жасайды», – дегенін негізге алсақ, Кеңес Үкіметі мен Коммунистік партияның оған кереғар әрекет етіп, маған және отбасыма қатысты жасаған қастандықтарын жауыздықтың ең жоғары шегі мен түрі – деспотизм деуге болады. Оны жоғарыда аталған мақалада келтірілген мән-жайларға қосымша растауға негіз беретін нақты ресми деректермен қатар ондаған, жүздеген адамдардың тәлкек болған тағдырларын мысалға келтіруге және архивтерден іздеп табуға болады.

Мақалада келтірілгендей, Шымкент қаласының Дзержинский аудандық соты шешім қабылдаған 1991 жылы 19 тамыз күнгі, біздіңше сағат 11.00-де Мәскеу уақыты бойынша таңғы сағат 8.00-де бүкіл КСРО-да Төтенше жағдай жарияланған… Бұл туралы құрылған мемлекеттік комиссияның әрекеті Одақтың бір оқсыз ойран болып, Компартияның масқарагершілікпен өзін-өзі таратып, дербес әрі ерікті деп есептеген 15 ұлттық республикалардың тәуелсіздік алуына әкеп соқтырған болатын. Сол күнді КСРО аумағы мен оның құрамындағы республикалардың барлық іс-әрекетіне бағыт-бағдар беріп бақылаған, материалдық-қаржылық құндылығы, тағы басқа да байлықтарына иелік еткен Ресейдің боданынан құтылып, жаңа – Тәуелсіз өмір сүру уақытын есептеуді бастаған үйлестіру жүйесінің анықтаушы «нүктесі» деуге болады.

Сондықтан, менің және барлық отбасы мүшелерінің сол «нүктеге» дейінгі және одан кейінгі өмірлері мен іс-әрекеттерінің табын Тәуелсіздік алып, зайырлы, демократиялық бағыт алған Қазақстанның, оның Үкіметі, билеуші партиясы, тағы басқа да қоғамдық ұйымдармен қарым-қатынастарынан іздеп, тауып, талдап, зерделеп және баяндауды жөн көрдім…

БІЛІМ, ТЕҢДІК ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗДІК ҮШІН КҮРЕС

Өзім туып-өскен Леңгір (қазіргі Төлеби) ауданы, «Қазығұрт» кеңшары, ХХІ партсъезд атындағы бөлімшесі, Елтай ауылынан Шымкент қаласына 1978 жылы отбасымызбен көшіп келгенбіз.

Қала тұрғыны болуымыздың алғашқы күндерінен перзенттерім оқитын қазақ тіліндегі орта мектептердің бір қолдың саусақтарының санына жетпейтінінен қиындықтар туындады. Жоғары сыныпта оқитын қызым Гүлиананың, біз тұратын 17 шағынауданынан шалғайдағы №44 орта мектепке барып оқуы өзіндік қиындықтар, қорқыныштар мен қатерлер туындатты. Өйткені, сол 1978-1979 жылдары болса керек, нақты мезгілі есімде жоқ, спорттық гимнастикамен айналысатын 13-14 жастағы екі қыз іс-түзсіз жоғалып кетіп, кейіннен олардың мүрделерін қала сыртынан тауып алды деген сөз тараған…

Соны ескеріп, түс қайта оқитындықтан, көп жағдайда кештетіп, кейде жолаушы автобус болмай, түнге қалып кетіп, жаяулатып келетіндіктен, мен үшін қызымның оқуынан гөрі өмірі қымбат болғандықтан, оқуына жібермей қойдым. Оның себебін сұрап, анықтауға келген білім беру саласы мен партия-кеңес органдарының өкілдеріне:

– «Шымкент қаласының жаңадан тұрғызылып жатқан шағынаудандарының әрбірінде, сондай-ақ оның шеткі аймақтарына дейін қамтамасыз етілген орыс тіліндегі бірнеше орта мектептер бар екен. Мен тұратын 17 шағынауданында қазақ тіліндегі орта мектеп салынбайынша, қызымды оқуға жібермеймін. Ол менің перзентім, сондықтан оның оқуы мен өмірі бірінші кезекте маған керек және оған жауапты да өзім», – дедім…

Бұл менің және отбасы мүшелерінің – Конституциялық құқықтары, қазақ тілі мен қазақ ұлтының намысы, болашағы үшін ресми түрде қойған алғашқы талабымыз бен наразылық акциямыз болды…

Содан кейін 17 шағынауданда тұрғызылуы жоспарланған және басталған, Быковский атындағы №24 орта мектеп құрылысы шұғыл түрде аяқталып, іске қосылды.

Бір тоқсаннан астам сабаққа бармаған қызым Гулиананы сынау үшін математика, тағы басқа сабақтардан жалпысыныптық жазбаша бақылау жұмыстарын алады. Үй жағдайында өзімнің үйретуімен және қадағалауыммен оқып дайындалғандықтан, сынып бойынша ең жақсы нәтижелер көрсетіп, жоғары бағалар алған… Бірақ сол мектеп оқушыларының ең белсенділері, үлгерімі ең жоғарылары әрі тәртіптілері болғанымен қыздарым – Гулиана, Динара, Гүлмира мектеп дирекциясы мен кейбір кеңестік-компартиялық өкіметтің орыстілді белсенділері тарапынан қудаланып, алтын медаль алудан шеттетілді… Ондай медальді мектепті 1992 жылы бітірген қызым Айсанаға бермеуге ешбір амалдары қалмады (оның өзі бөлек баяндауға тұратын нәр-се).

Мектепті бітіріп кеткендеріне 25-30 жылдай өткен соң кездескенімде сынып жетекшілері мен кейбір мұғалімдердің айтуларына қарағанда, алтын медальді Айсананың алдындағы үш қыздарым да алуға тиісті болған екен. Бірақ оған менің «алу-беруге» бармайтыным, компартиялық – кеңестің өкіметтің ішкі-сыртқы саясаты мен оның жергілікті органдарының іс-әрекетіне сын айтуым, ұлт мәселесін жиі қозғайтыным кедергі келтірген екен. Оны Динара алтын медаль алады деп жариялап қойып, басқа үміткерлерге тапсырған кезде оның аты-жөнін атаусыз қалдырғанымен Гүлмира бітіргенде оған бермей, басқа бірнеше оқушыға жария етпей, жасырын түрде бергенін кейіннен білгеніміз растайды. Осы жерде Гүлмира Әл-Фараби атындағы қазақ Ұлттық университеттің филология факультетіне түсердегі қабылдау комиссиясының мүшесі Тұрсынбек Кәкішовтың құжаттарды көріп: «… Аттестатыңда барлық пән бойынша 5 (бес) деген баға тұр. Алтын медалің қайда? Не себептен саған медаль берілмеген…», – дегенін факт ретінде келтіргім келеді.

Перзенттерім сол мектепте оқыған жылдары тағы басқа да әлеуметтік-тұрмыстық, саяси-құқықтық, ұлттық мәселелерге байланысты талап-тілектеріміз бен наразылық акцияларымыз білдірілді… Солар үшін компартиялық-кеңестік өкімет пен оның құрылымдық бөлімдерінің кейбір қызметкерлері мен белсенділері тарапынан перзенттерім болашақ «сахаровшылар», кеңес өкіметі әскерінің қатарында қызмет етуден бас тартатындар болуы мүмкін… деген «атақтарға» ие болды. Дәл сондай себептермен жоғары оқу орындарына түсерде де және оқып жүргенде де қудаланды…

Тарих тағылымы мен таңдауы солай болды, бүткіл КСРО-ның Ғылым академияларының академиктері сатқындық деп есептеген А.Д.Сахаровтың ядролық қаруды өндіруді шектеп, қысқартып, мүмкін болса тоқтату қажет деген ғылыми-тәжірибелік талап-тілектерінің өзектілігін төрткүл әлем мойындады.

Сол академик А.Д.Сахаров пен ақын-алтруист Мұхтар Шаханов көксеген Әділеттілік, Бейбітшілік, Теңдік, Қауіпсіздік сияқты арман-тілекпен өскен перзенттерім елі мен жерінің бүтіндігі, болашағы, ұлтының ар-намысы үшін күрестерін өздері оқыған Шымкент қаласының Қазақ химия-технологиялық институтында (Гүлиана, V курс), педагогикалық институтында (Динара, ІІ курс) Алматының Қазақ Ұлттық университетінде (Гүлмира, І курс) және Быковский атындағы №24 орта мектепте Айсана жалғастырды («Жас дәурен» газеті. 1990 жылдың 5 шілде – 20 желтоқсан күндері және «Қазақ» газеті, 1991 жыл, мамыр айы)…

КСРО өмір сүруін тоқтатып, Компартия заңды тұлға құқығынан айырылып, одақтастардың ең соңғысы болса да Тәуелсіздігін жариялаған Қазақстан ядролық қарудан бас тартты.

Кеңес Одағының Қорғаныс министрлігі мен оның қарулы күштері де бөлшектенді. Сондықтан, болашақ «сахаровшылар», Кеңес өкіметі әскерінің қатарында қызмет етуден бас тартуы мүмкін деген ұлдарымды КСРО-ның «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік туралы» заңымен одақтастар азаматтарын мерзімдік әскери қызметке шақыру құқығының күші көкке ұшты…

Осылай әлемге әйгілі академик А.Д.Сахаров пен қазақ халқының ұлы перзенттерінің бірегейі, Алматыдағы «Желтоқсан-86» көтерілісі, ұлттық салт-дәстүрі, тілі, тағы басқа да мәселелердің оң шешілуіне орасан еңбек сіңірген Мұхтар Шахановпен мүдделестер ретінде бізді де байқап, бағалап, үміт артқандар да болған екен…

ДЕМОКРАТИЯДАҒЫ ҚҰЙМЫРЛАР МЕН «ГЕРМАФРОДИТ» СИЯҚТЫЛАР

«Қайта құрудың» шегіне жеткен 1990-1991 жылдары орыс казактарының Қазақстанның батысы мен солтүстігінің біраз бөлігін Ресейге қосып алу мақсатында, Орал қаласындағы жиынына қарсы шыққан қазақ халқының ұлтжанды, ержүрек ұл-қыздарының қатарындағы ең белсенділерінің бірі – Мұхтархан Атаханов болған. Ол «Қазақ Тәуелсіз жастар одағын» құрушылар қатарында болған әрі оның белсенді мүшелері, қыздарым – Гүлиана мен Динарадан, менің «тағдырымнан» хабардар еді. М.Атахановтың айтуымен және ұсынысымен маған бейтаныс Адам құқығын қорғау жөніндегі «Алматы Хельсинки – Париж» демократиялық комитетінің президенті     Р. Ә. деген сұсты, қартаң тартқан ер азаматпен кездестім. Қысқаша өмір тарихым, білімім мен негізгі көзқарасым, ұстанымдарымнан хабардар еттім. Ол бәрі жақсы деп 1991 жылдың 30 қазан күні комитеттің жауапты хатшылығы қызметіне қабылдады…

Ресейдің қолы жеткен елдерді отарлап, жер байлықтарын иемденіп, халқын орыстандыру жолындағы сұрқия саясатының «тігістері» тыр-тыр сөгілген жерлерін қалай «жамау» керек екенін білмей жатқанда, Балтықбойы елдері бастаған одақтас республикалардың барлығының ең соңғысы болып Қазақстанның Тәуелсіздігін амалсыздан жариялағанын көрдік, қуандық, тойладық…

Сондай ел еңсесі көтерілген жағдайда, Р. Ә.-пен өзара тез түсінісіп, өтінішпен келген адамдардың бұзылды деп есептеген құқықтарын қорғаумен айналыстық. Сол кездегі Орал қаласындағы орыс казактары мен республиканың барлық аумағынан жиналған қазақтар қақтығысынан кейін беделі асып тұрған азаматтық «Азат» қозғалысы, тіл мәселесінің майталмандары «Қазақ тілі», ел Тәуелсіздігінің тарландары «Қазақ Тәуелсіз жастар одағы», «Азамат», «Әділет», тағы басқа ұйымдармен етене араластық. Олармен бірлесе жоспарланған мәселелерді ұйымдастыру мен шешуде Р. Ә.-тың беделді, сонымен қатар астамшыл, өркөкірек, ұрдажық екенін аңғардым…

Қазақ КСР «Қазақ КСР-дегі қоғамдық бірлестіктер туралы» заңының қабылдауына байланысты комитетті қайтадан мемлекеттік тіркеуден өткізу керек болды. Сондықтан, оған қатысты және болуы міндетті құжаттардың барлығын Р. Ә.-тен алып, танысып және тексеріп шығуыма тура келді…

Бұл қоғам алғашында республикалық «Алматы-Хельсинки-Париж» демократиялық комитет ретінде ұйымдастырылып, кейіннен «Адам» құқығы жөніндегі «Алматы – Хельсинки – Париж» демократиялық комитеті атанып, қайтадан құрылады. Комитет президенті болып КСРО халық депутаты, ақын Мұхтар Шаханов сайланған екен.

Комитеттің құрметті мүшелері болып Джон Эшпери, Брайон Джон Гриш, Катерина Косман (бәрі де – АҚШ), Туран Язған (Түркия), Ж.Гуррагча (Моңғолияның ұшқыш ғарышкері), Хазрет Мирза Тахер Ахмед (Ұлыбритания), Селим Журбан (Израиль) және Айман Абу Шаар (Сирия) сайланды («Казахстанская правда», 1991 жыл 5 ақпан күні №39 (50664).

М.Шаханов аталған комитеттің Шымкент облысындағы филиалын құру үшін Р. Ә.-ке 1991 жылы 5 наурызда №5 куәлік береді.

Не себептен екені белгісіз, облыс жұртшылығының жалпы жиналысының орнына Шымкент облысының филиалын құру туралы «Құрылтай тоқтамы» деген құжат рәсімделеді. Ондағы «филиал», «төраға» сөздері сызылып тасталып, қолменен «комитет» «президент» деп жазылады. Ондай өзгеріске сенім білдірілді деп «R.S.» белгісін жасап, Комитет президенті ретінде Р. Ә. 1991 жылы 29 сәуірде қол қояды. Сөйтіп, оны Алматы қаласының реквизиттерімен рәсімделген және онда «Шымкент филиалы» деп көрсетілген фирмалық бланктегі Жарғыны «Шымкент облыстық Демократиялық комитет» деп көрсетеді. Бірақ, ол Жарғының негізгі бөліктеріндегі «Шымкент облыстық филиалы», «төраға» сөздері бастапқы қалпында қалады.

Бұл «филиал», «төраға» сөз тіркесі, Жарғыны тіркеуге Шымкент қалалық халық депутаттарының Кеңесіне табыстаған арызында да сақталған (1991 жыл 28 мамыр күні, №2).

Мұндай қарама-қайшылықтар мен қолмен түзетулер тұрған қалпында мемлекеттік тіркеуден өткізуге болмайды. Сондықтан олардың барлығын заң талаптарына сәйкестендіріп, бірізділікке келтіру қажет дегенімді Р. Ә. түсінгісі келмеді. «Оларға мен жауап беремін. Сенің ісің Әділет департаментінде тіркету», – деді. Оның өз жетекшілігімен және қалауымен жасалған құқықбұзушылықтарды мойындағысы да, түзеткісі де келмейтінін аңғардым… Мүмкін болған түзетулерді енгізіп, бұрынғы мәліметтерді қолданып, Комитеттің жаңа нұсқадағы Жарғысын қазақ және орыс тілдерінде дайындадым.

Оның түпнұсқасына Р. Ә. екеуміз қол қойдық. Барлық құжаттарын бізден бұрын өткізіп қойған «Орыс-славян» мәдени орталығын тіркеу туралы шешім қабылдап қойғанына қарамай, оны екінші кезекке сырғытқызып, өзіміздің Комитетті Шымкент облысының Әділет басқармасынан №0001 санмен мемлекеттік тіркеуден өткіздім.

Қоғамның атауы, Жарғылық мақсаты мен міндеті – адам құқығын қорғау болғандықтан, жеке өзінің және өзі жұмыс жасайтын ұйымдардағы құқықтың бұзылуына қатысты ақыл-кеңес алуға, хабар айтуға немесе арызданып келушілер саны арта бастады. Бірақ, не себептен екені белгісіз, Комитеттің басқарушы органдарының Жарғы талабына сай жоспарлы мәжілістер өткізіп немесе өзекті мәселелерді талқылап, шешу мақсатында жиын өткізгендерін көрмейтінмін.

Негізінен қоғамға келушілердің көпшілігін Р. Ә.-тың өзі қабылдап, өтінген мәселелері мен ұсынған ақпараттарымен өзі жұмыс істейтін. Маған тек іс құжаттарын реттеп, қатынас хаттар дайындаумен, зерттеліп, соттасуға ұласатын жұмыстарды жүктейтін. Олардың қаралу барысы мен нәтижелерін қатаң қадағалайтын. Ал өзінің қандай істермен шұғылданғаны олардың мазмұндары мен нәтижелерінен хабардар етпейтін, құпияда ұстайтын. Мен де оған араласа бермейтінмін.

Бірде қатар орналасқан азаматтық «Азат» қозғалысының кабинетінде, оның төрағасы Ә. Ә. және бірнеше мүшелерімен әртүрлі тақырыпта әңгімелесіп отырғанбыз. Телефонның қоңырауы соғылды. Оны көтерген Ә.Ә.: «…Желтоқсан» оқиғасына қатысты деп сотталған Т.Тәшенов жанымыздағы №167/3 түзету мекемесінен тездетіп шығарып алып кетуді сұранады», – деді де: «Мә, сен сөйлесші…» – деп тұтқаны маған ұсынды. Ол «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының үкімімен ақталғанын, бүгінгі түні сағат 24.00-ге дейін шығып кетуім керек. Шымкентте баратын жерім де, танитын адамым да жоқ. Бар сенерім тек «Азат» қозғалысы мен соның мүшелері. Мүмкін болса солардың адамдары келіп, мені түрмеден алып шықса деген тілегім бар», – деді. Соны айтқанымда қасымда отырған «азаттықтардан» мен барайын деп ешқайсысы көтеріле қоймады. «Онымен сен сөйлестің ғой, өзің бара салсаң қайтеді», – деді. Мен жарайды дедім…

Түгелбай Тәшеновті 1992 жылдың 27 ақпан күні кешке №167/3 түзету мекемесінен шығарып алып келесі мен оның ақталып шыққаны туралы облыстық телерадиокомпаниясының басшылығымен сөйлестім.

Олардың тілшісі Татьяна Болдина сол күні кешке Т.Тәшенов туралы радиодан хабар берді. Ертеңіне жоғарыда аталған қоғамдық ұйым басшылары, тағы басқа да азаматтардың қатысуларымен баспасөз мәслихаты өткізілді. Сонда жоғарыда аталған қоғамдық ұйымдар басшылары, тағы басқа да демократтардың бейне жазу аппаратураларының объективіне түсіп қалуға таласқандай ығы-жығы болғандарына күлкім келген.

Сол күні қоғамдық ұйымдар мен жеке адамдардың қаржылай көмектерімен Т.Тәшеновті толығымен жаңа киімдерімен қамтамасыз еттік. Одан кейін Шымкент қаласы мен Оңтүстік Қазақстан облысының студент жастарымен, Шымкент педагогика институтының мәжіліс залында кездесу өткізілді.

Оған институт ректоры Ә.Омаров төрағалық етіп, хатшылықта өзім болдым. Конференция «Желтоқсан-86» оқиғасына және оның көптеген құрбандарының бірі – Т.Тәшеновке қатысты қаулы қабылдады.

Ол қаулыны қолдап облыстық демократиялық комитет атынан Р. Ә., «Қазақ Тәуелсіз жастар одағы» атынан А.Ә., Қазақстан Республикалық партиясының облыстық комитеті атынан Ш.П., облыстық азаматтық «Азат» қозғалысының атынан Ә. Ә., облыстық «Әділет» қоғамының атынан Қ. Ә., облыстық «Қызыл крест пен Қызыл жарты ай» қоғамы атынан М. Е., облыстық «Қазақ тілі» қоғамы атынан Х. Е. қол қойды…

Р. Ә. Түгелбай Тәшеновтің Қарақалпақстандағы ата-анасына ұлының ақталып шығуымен құттықтап, жанында сенімді өкілдің жолсерік болуымен еліне келетінімен құттықтаған жеделхат та жіберіп үлгерді (1992.02.28 күні).

Бірақ Т.Тәшенов Алматыдағы М.Шахановпен кездесуіне де және одан кейін Қарақалпақтағы еліне де тек А.Күмісбековпен бірге баратынын, басқа ешкіммен бармайтынын кесіп айтқандықтан, Алматыға менімен бірге барды да, одан еліне ағасы Қайырғалимен бірге кетті. Себебі, Р. Ә. Қарақалпаққа мені жібермейтінін айтып, оның себебін «өздігінше» түсіндірген болатын. Ол туралы «Жас Алаш» газеті 1992 жылғы 6 наурыз күнгі санында жазды.

Осы жерде ашығын айта кетуім керек, Ұлт болашағы – жастар ғой, офис ретінде пайдалансын деп төрт бөлмелі пәтерімді «Қазақ Тәуелсіз жастар одағына» тегін бергенмін. «Мал аласы – сыртында, адам аласы – ішінде» дегендей, ол Одақты ұйымдастырушы және басшылығында болғандардың «төрт көзді» алапесі «асын ішіп, астауына … » дегендей иттік істеп кетті. Кейіннен оның мемлекеттік басшылығында қызмет етушілер мен одан үміткерлердің үстінен компромат жинап, өзара шағыстырып, бәсекеге салып қойып, мерзімдік басылымдарда бірін қолдап, екіншісін «құртатын» мақала жариялатамыз деп үлкен ақша жасаумен айналысатынын аңғардым. Онда қудаланатын адамды «объект», оны әшкерелеуді қолдап, қызметінен кетіру ұсынысын жасайтынды «покровитель», ал ұсынысты қарап шешім қабылдайтынды «сам» деген шартты сөздерді қолданатыны белгілі болды!

Сол кездесудегі ойландырып-толғандыратын әңгіме арасында Мұхтар Шаханов маған: «…Анау Р. Ә. ел құлағын елеңдететін не істеп жүр өзі?» – деген сұрақ қойған болатын. Оны әлі жете білмегендіктен, қысқа мерзімде болса да сыйлай бастағандықтан: «… Сізге жауап беретіндей, елмен көп араласып үлгерген жоқпын. Егер ел құлағы елеңдеуде деген хабар Сізге жетсе, оның не үшін елеңдегенін білетіндер бар шығар. Ал, менің хабарым жоқ», – дегенмін.

Аманқұл КҮМІСБЕКҰЛЫ,

Шымкент қаласы.

(Жалғасы бар).

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *