ДҮНИЕДЕ НЕ ЖАМАН?

Әдебиет
1 498 Views

(Бүгінгі күннің толғауы)

Патшаң болса парықсыз,

Дүниеде – сол жаман.

Парақор болса әкімің,

Бұл жалғанда – сол жаман.

Жерін сатқан шетелге

Биліктегі сұр жаман!

Депутат болсаң қайтейін,

Тіліңді саттың – сол жаман.

Министр болсаң қайтейін,

Құлқының жаман – сол жаман!

Жетімдерді жылатқан,

Қуыс кеуде – ит жаман.

Жесірлерді қорлаған,

Доңыз басты – сұм жаман.

Өз қазағын алдаған,

Екі аяқты – мал жаман.

Дүниеге сатылған,

Алаяқтар – сол жаман!

Жақсыларды жамандап,

Жала жапқан – сол жаман.

Жамандарды құтыртып,

Басыңа шықса – сол жаман.

Өз жақсыңды сыйдырмай,

Елден қусаң – сол жаман.

Келімсектер төріңнен,

Орын алса – сол жаман.

Дұшпанына сатылған,

Құлақ кесті – құл жаман.

Бар әлемді бүлдірген

Парамен келген – пұл жаман.

Өз елінде ұл мен қыз,

Еңсесі түссе – сол жаман!

Әділдікті айтам деп,

Азап шексе – сол жаман.

Өз қандасын қинаған,

Қолын қанға былғаған

Сорлылар көп – сол жаман!

Өз қазағын менсінбей,

Негрге шыққан – қыз жаман.

Қас жауына жағынып,

Отанын сатқан – ұл жаман!

Үйіріне қағынып,

Айғыр шапса – сол жаман.

Жақынына көз тастап,

Қырындаған – ер жаман.

Бедірейіп әйелің,

Сыйламаса – сол жаман.

Ұлың, қызың орысша,

Шүлдірлесе – сол жаман.

Ата болдың не пайда,

Санасыз болсаң – сол жаман.

Ана болдың не пайда,

Тәрбиең жоқ – сол жаман.

Туысың болса іші тар,

Қиналасың – сол жаман.

Өтірік күліп бетіңе,

Қастық қылған – жау жаман.

Басыңа күн туғанда,

Тайып тұрған – дос жаман.

Пайдасы болмай адамға,

Кеуіп қалған – көл жаман.

Рухани адам шөлдесе,

Бәрінен де – сол жаман!

Қазақтың салт-дәстүрін,

Ұмытып кетсең – сол жаман.

Туған жердің қадірін,

Білмей өтсең – сол жаман.

Мейірімсіз, қатыгез,

Тас бауыр болсаң – сол жаман.

Жетімдерді жылатып,

Шетке сатсаң – сол жаман.

Мекемесі қарттардың

Көбейіп жатса – сол жаман.

Қарт анаңды тапсырып,

Өксітіп кетсең – сол жаман!

Дүниеге тоймайтын,

Аш көз болсаң – сол жаман.

Байлықтың қуып артынан,

Өліп кетсең – сол жаман.

Миллиардтар ұрланған,

Өзгеге кетсе – сол жаман.

Жұмысы жоқ, үйі жоқ,

Қазақтар көп – сол жаман!

Өсіп кетіп несиең,

Кіріптар болсаң – сол жаман.

Жалақыға болмашы,

Қалт-құлт еткен – сол жаман.

Жиі-жиі Ата заң,

Өзгеріп жатса – сол жаман!

Билікке қалай сенеміз,

Қулыққа басса – сол жаман.

Отыз жыл бойы ұрандап,

«Керемет» болды – сол жаман.

Биліктің аузы көпіріп,

Өтірік айтты – сол жаман!

Патшамыз айтқан ертекке,

Баладай сендік – сол жаман.

Өтірікке мәз болып,

Қосылып айттық – сол жаман.

Ел тоналып жатқанда,

Соқыр болдық – сол жаман!

Шындық өліп жатқанда,

Керең болдық – сол жаман.

Жағымпаздар жиылып,

Нұрсұлтанға иіліп,

Пайғамбардай әспеттеп,

Құдай көрді – сол жаман.

Ал, патшамыз талтаңдап,

Соған сенді – сол жаман!

Жылан қытай ысқырып,

Жеріңді алса – сол жаман.

Қысық көзді көршіңе,

Сіңіп кетсең – сол жаман.

Ниеті арам орысқа,

Басыңды исең – сол жаман!

Табанында кәпірдің,

Езіліп жатсаң – сол жаман.

Барлық қазақ қосылып,

Бірікпесе – сол жаман.

Есесі кетіп, әркімге,

Таланып жатса – сол жаман.

Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК,

жазушы-режиссер Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *