ДҰРЫС ТАМАҚТАНУДЫ ӘДЕТКЕ АЙНАЛДЫРАЙЫҚ

Денсаулық
1 069 Views

Жынысына, жасына, тағы басқа да ерекшеліктеріне қарамастан әр адамның ағзасы бірдей жұмыс істейді. Ал қалыпты жұмыс үшін оған биологиялық белсенді заттар қажет. Олардың негізгі массасы тағаммен келіптүседі. Бүгінгі таңда адамдардың өмірін бірнеше рет жеңілдететін түрлі заманауи қоспалар, консерванттар мен жартылай фабрикаттар көп пайда болды. Кез келген фаст-фудтық өнімдердің кең таралуына байланысты аштықты тез және артыққиындықсыз жоюға болады. Бірақ мұндай тамақтанудың қаншалықты пайдалы екені –бүгінгі таңдағы өткір мәселе. Осыған орай «Тамақтану мәдениеті – жақсытәрбиенің негізі!» акциясы аясында «Арбат» отбасылық демалыс аймағындадұрыс тамақтану төңірегінде халықтың хабардарлығын арттыру мақсатында Шымкентқаласының денсаулық сақтау басқармасы мемлекеттік мекемесі мен қалалықсалауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен арнайы іс-шараөтті.

Аталған ауқымды шараға Қазақ тағамтану академиясының мамандары, дәрігер-эндокринолог және терапевт мамандары, сонымен қатар қала тұрғындары қатысып, белсене атсалысты. Сондай-ақ жиында халыққа денсаулыққа зиянды, пайдасыз тағамдар мен сусындарды тұтынудан бас тартудың маңыздылығы мен құндылығы түсіндірілді.

Қазақ тағамтану академиясының салауатты өмір сүріп, мықты денсаулықты қалыптастырудағы дұрыс тамақтануға арналған өнімдердің көрмесі ұйымдастырылды.

Эндокринолог-дәрігердің, диетолог және қазақ тағамтану академиясы мамандарының кеңестері халыққа ақысыз түрде берілді. Арнайы дене салмағының индексін, қант деңгейін, артериялық қысымды өлшеу жұмыстары жүргізілді.

Қазақ тағамтану академиясының жетекші маманы Майгүл Қайнарбаеваның айтуынша, «Бұл шара халықтың денсаулығын нығайту үшін, дұрыс тамақтану дағдыларын, ережелерін үйрету, халыққа таныстыру мақсатында өткізіліп отыр. Мұнда бірнеше мамандар жұмыс атқаруда. Тағамтанушы, эндокринолог, терапевт те жиналған халыққа ақысыз түрде кеңестер берді. Ауырып, химиялық заттардан жасалған түрлі дәрі-дәрмекпен емделгеннен гөрі сол аурудың алдын алып, денсаулыққа жете мән берген жөн».

Мұндағы мамандар деннің саулығына пайдалы табиғи тағамдарды тұтынудың артықшылықтары жөнінде әңгімеледі. Мысалы, қайнап піскен ет темірге бай болғандықтан, оны көп жеген адамдарда қаназдық ауруы сирек кездесетін көрінеді. «Ал балық еті жеңіл, ағзаға сіңімді, оңай қорытылады әрі ағзаны йодпен байытуға септігі мол», – дейді мамандар.

Шымкент қаласының тұрғыны Кәмшат Бесеубай: «Дұрыс тамақтану туралы көптеген пайдалы кеңестер берілді. Тағамтану орталығынан тексеріліп, қажетті мәліметтер алдық. Осындай пайдалы акциялар жиі өткізіліп тұрса құба-құп болар еді»,– деп өзінің ұсыныс-ниетін білдіріп, алғысын да жеткізді. Дұрыс тамақтанып, салауатты өмір салтын ұстануға шақырған мамандар осылайша көпшіліктің ризашылығына бөленді.

Осы орайда айта кетеріміз, біздің денсаулығымыз үш құрамдас бөлікке тікелей байланысты: өмір салты, ұйқы және тамақтану ұзақтығы. Әрине, әлі де тұқым қуалайтын фактор бар. Денсаулық сақтауда дұрыс тамақтанудың маңызды рөл атқаратыны белгілі. Егер дұрыс тамақтанудың негізгі қағидаларын ұстанса, онда ағза іркіліс бермейді және мінсіз дене бітімнің үйлесімдігі қамтамасыз етіледі. Өкінішке орай, көптеген адамдар дұрыс тамақтану дегеніміз – диетаға отыру деп санайды, бірақ бұл жаңсақ пікір. Дегенмен, оның салмағы мен рационын үнемі қадағалау, дұрыс тамақтанудың негізгі ережелерін білу, зерделеу және сақтау қажет.

Дұрыс тамақтану – денсаулықты сақтау үшін ағзаны барлық қажетті заттармен, яғни ақуыздармен, майлармен, көмірсулармен, витаминдермен, макро және микроэлементтермен, басқа да биологиялық маңызды компоненттермен қамтамасыз ету. Ал, Сіз қалай тамақтанып жүрсіз? Дұрыс тамақтанып, денсаулықты сақтап, салауатты өмір салтын ұстанып жүрмін деп ойлайсыз ба?

Денсаулықты әрдайым алдыңғы қатарға қоя біліңіз!

Аягөз ДҮЙСЕНБАЕВА.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *