2020 жылғы 26 маусымда М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Қоғамдық сананы жаңғыртудың» жобалықкеңсесі «Рухани жаңғыру» бағдарламасының 3 жылдығына, Шымкент қаласының 2200жылдығына, Әбу-Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерей тойын атап өту, 2020 жылыШымкент қаласының ТМД елдерінің мәдени астанасы қызметіне арналған «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫ ТҰРҒЫСЫНАН ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІЛІМ, ТӘРБИЕ, ҒЫЛЫМ және ӨНДІРІСБАҒЫТЫНДАҒЫ ДӘСТҮРІ, ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ мен ИННОВАЦИЯЛАРЫ» атты ХАЛЫҚАРАЛЫҚОНЛАЙН КОНГРЕСІН» өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасының 3 жылдық тәжірибесін жинақтау және қорытындылау; 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Мемлекет Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауына сай, 2019 жылы 12-27 қарашада Парижде (Франция) өткен ЮНЕСКО-ның 40-шы конференциясында 2020 жылы Халықаралық деңгейде аталып өтетін Шымкент қаласының 2200 жылдығы және Шығыстың ғұлама ойшылы әрі ғалымы Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150-жылдығын Халықаралық мерейтойлар тізіміне енгізу туралы арнайы қарарына сәйкес Шымкент қаласының тарихы мен дамуы және Әбу Насыр әл-Фарабидің ілімі туралы талдаулық ой-тұжырымдар жасау; Шымкент қаласы – 2020 жылы ТМД елдерінің мәдени астанасы болуы, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының шеңберінде ХХІ ғасырдағы қазақстандық қоғамның жаңа парадигмасының қалыптасуын талқылау, ғылыми және мәдени зерттеулермен танысу, үшінші мегаполистің өсуі мен өркендеуі жөнінде Қазақстанның отандық және шетелдік мамандардың жобаларды іске асыруы; Қазақстан және Шымкент мегаполисіндегі дәстүрлі және инновациялық жобалар: техника, ІТ, инфрақұрылым, экономика және туризмнің дамуы; мәдени-ағарту, гуманитарлық-педагогикалық бағытындағы өзекті мәселелері, рухани жаңғыру бағдарламасының насихаттауға еріктілердің корпусын қалыптастыру және дамыту.
Ұйымдастырушылары тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, М.Әуезов атындағы ОҚМУ ректоры Қожамжарова Дария Пернешқызы, философия ғылымдарының кандидаты, доцент, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Мәжинбеков Сакен Аралбайұлы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің «Қоғамдық сананы жаңғырту жобалық кеңсесінің» басшысы Жанысбекова Гульнар Амирбаевна, тарих магистрі,М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің «Қоғамдық сананы жаңғырту жобалық кеңсесінің» бас менеджері, мектеп оқушылары мен студенттерге арналған «Мирас» рухани жаңғыру Академиясының (қоғамдық ұйым) жетекшісі Торгаутова Шолпан Аширалиқызы болды.
Ал конгресс қатысушылары жалпы 110 адамды құрады. Олар: Қамзабекұлы Дихан – филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры. Абжанов Ханкелді Махмұтұлы – тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінің «Рухани жаңғыру» гуманитарлық зерттеулер орталығының жетекшісі Байтанаев Болат Әбішұлы – тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институтының директоры (Алматы, Қазақстан Республикасы); Хасбулатов Андрей Равильевич – РhD докторы, қауымдастырылған профессор, Қазақстанның еңбегі сіңген қайраткері, Қазақ мәдениет ғылыми-зерттеу институтының Бас директоры; Ситдиков Айрат Габитович – тарих ғылымдарының докторы, профессор, А.Х. Халиков атындағы Археология институтының директоры (Қазан, Татарстан Республикасы, Ресей Федерациясы); Воякин Дмитрий Алексеевич – тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, ЮНЕСКО Орталық Азия зерттеулерінің Халықаралық институтының директоры (Самарқан қаласы, Өзбекстан Республикасы); Биімбаева Зарина – «Tarlan HM Group» Алматы импакт хабының негізін қалаушы, PINE Holding-тің атқарушы директоры, қытайтанушы (Алматы, Қазақстан Республикасы) Динашева Ләззат Сәрсенбекқызы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, Х.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің «Рухани жаңғыру және тәрбие істері жөніндегі Департамент директоры; Толысбаева Әдемау Тұрдыбайқызы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент, Х.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің «Рухани жаңғыру» ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры; Кәрібаев Сарсебай Өскенұлы – тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің «Қазақстан тарихы» кафедрасының меңгерушісі; Тасыбаева Шолпан Бакибулдақызы – биология ғылымдарының кандидаты, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің әдістемелік бөлімінің жетекшісі; Қорғанова Сайыпжамал Сұлтанқызы – философия ғылымдарының кандидаты, М.Әуезов атындағы ОҚМУ доценті; Отарбаева Гүлжан Көбеевна – «Жалпы тарих және мұражай ісі» кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент болды.
Жиынға бейнехабарлама жолдап, сөз бастаған Дихан Қамзабекұлы:
– Бұл конференцияның елдіктің, ұлттық деңгейінің жаңа кезеңін анықтайды. Біз Рухани жаңғыру арқылы еліміздің, тарихымыздың, рухани құныдылықтарын, жәдігерлерін қайта толықтырдық. Мәдени мұраның жаңа тынысы ашылды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы дәуірлік сападағы, дәуірлік деңгейдегі еңбек. Сондықтан бұл еңбек отарсыздандыру, тарихымызды түгендеу, ұлттық құндылықтарымызбен жас ұрпағымызды тәрбиелеу. Елдік, тарихи, мәдени, рухани бірлігімізді дамытатын, оған жаңа сипат беретін, сонымен бірге ғалымдарымыздың елдік идеяға, мәңгілік елдің жаңа бір негіздеріне жұмылдыратын үлкен салалық мемлекеттік іс-шара. Бұл жиын алыс-жақындағы біздің әріптестерімізді, гуманитарлық саланың мамандарын топтастырып, жаңа ойларды ортаға салады, – деп сөз бастады.
Шымкент қаласының Жоғары оқу орындарынан М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің Қоғамдық сананы жаңғырту жобалық кеңсесінің өкілдері – тоғыз ЖОО-ның әрқайсысынан бір адамнан қатысты. Атап өтсек, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медициналық академиясы М.Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институты, SILKWAY Халықаралық университеті, «Мирас» университеті, Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті, Шымкент университеті, Академик Ә.Қуатбеков атындағы Қазақстан халықтар достығы университеті, Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті. Қатысушылар тізімінде БАҚ өкілдері де болды.
Іс-шара нәтижесінде «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының негізгі бағыттарын оқу және білім беру, тәрбие, ғылыми процесінде әрі қарай дамыту. «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының 3 жылдық қорытындысын жасау; Шымкент қаласының 2200 жылдық тарихын ғылыми тұрғыдан негіздеу; Әбу Насыр әл-Фараби ілімінің қазіргі заманғы қоғам дамуы үшін өзектілігі нақтыланды. Семинар-тренингтің қатысушыларына арнайы сертификаттар табысталды.
Г. ҒАНИҚЫЗЫ.