«ЕЛДІКТІҢ ЖЕТІ ТҰҒЫРЫ» ҚАҒИДАТТАРЫ – ЖАСТАРҒА БАҒДАР

Рухани жаңғыру Қоғам
645 Views

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында сөз сөйлеп, «Елдіктің жеті тұғырын» ұсынды.

«Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттардың орындалуын Елбасымыз тікелей жастарға сеніп тапсырып отыр. Еліміздің болашағы жастар болғандықтан, қағидаттарда айтылған тәуелсіздігімізді сақтау, оны қорғау біздің ерен еңбек етуімізге байланысты. Бірлік пен татулықты сақтап, тарихымызды қастерлеп, жерімізді қорғап, отбасылық құндылықтарымызды арттырып, мәдениетімізді тереңнен танып, рухани жаһандануды арттырып, білім алып, бәсекеге қабілеттілігімізді өркендету-бізге қойылған мақсат деп білеміз. Жастар-еліміздің қозғаушы күші, сенім артар үміті. Тәуелсіз мемлекеттің тұғыры асқақ болсын десек, халқымызға пайдасын тигізер білікті мамандар шығарып даярлауымыз қажет. Сол жастардың дамуына аянбай еңбек етіп, қолдау көрсету біздің парызымыз деп білеміз.

Елбасы Н. Назарбаев ұсынған жаңа дәуірдегі қазақстандықтарға бағдар болатын «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттарында басты бағыттардың бірі Білім мен еңбек – бақуатты өмірдің кілті екендігін баса айтты.

Сондықтан да осы бағытта саналы ұрпақ тәрбиелеу, білікті маман дайындаудағы жауапкершілігі мол міндетті жүзеге асырып келе жатқан озық оқу орындарының бірі М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті. М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті -Қазақстан Республикасының ірі және көпсалалы университеті, аймақтың ғылыми-білім беру, зияткерлік, мәдени орталығы.

Аталған білім ордасы жанынан «Тоқыма және тамақ инженериясы» Жоғары мектебі құрылған. Жоғары мектепте текстиль және тамақ өнеркәсіптері салаларына «В070 – Тоқыма: киім, аяқ киім және былғары бұйымдары», «В068 – Тамақ өнімдерінің өндірісі» Білім бағдарламалары бойынша бакалаврлар, «М114 – Тоқыма: киім, аяқ киім және былғары бұйымдары», «М111 – Тамақ өнімдерін өндіру» Білім бағдарламалары бойынша магистрлер және де «D114 – Тоқыма: киім, аяқ киім және былғары бұйымдары» Білім бағдарламасы бойынша PhD докторлар даярланады.

Жоғарғы мектепте білім алушыларға сапалы білім алуға барлық жағдай жасалған. Атап айтқанда оқу аудиториялары заман талабына сай құрал-жабдықтармен жасақталған, материалдық–техникалық базасы жыл сайын толықтырылып отырады.

Студенттер өзінің теориялық білімін өндірістік процестерде қолдана білуі тиіс. Осы мақсатта бірқатар кәсіпорындардың негізінде оқу-ғылыми өндірістік орталықтар құрылған. Атай кетсек, «Қайнар май» ЖШС, «Шымкентмай – Елдос» ААҚ, «Sigma Brau» ЖШС және «Бал Textile kz» ЖШС осы қатардан болып табылады.

Жоғары мектепті бітірген жас мамандар еліміздің ірі тоқыма және тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарында, атап айтқанда «Нұр» ЖШС, «Эко продукт Груп» ЖШС, «Рахат Шымкент» ЖШС, «Ладушки» ЖШС және «Тұтынушы» ЖШС, «Azala textile» ЖШС, «Azala cotton» ЖШС, «Әлем БТ» ЖШС, «Қазагроэкс» ЖШС-нің мекемелері мен «Джин-Текс» ЖШС, «Нимэкс» ЖШС, «Асық Ата» мақта тазалау зауыттарында , «Назар Textile kz» ЖШС және «Бал Textile kz» ЖШС кілем фабрикаларында жемісті еңбек етуде.

Елбасының ұсынған қағидаттары жастардың өз тарапынан белсенділігі мен қабілеттілігін көрсете білуге мүмкіндік беретін үлкен бастама. Жастарымызға сапалы білім, жақсы тәрбие беріп қолдау көрсетсек, жастарымыз ұсынылған «Елдіктің жеті тұғыры» барлық қағидаттарының орындалуына және еліміздің дамуына ат салысады деп сенеміз!

А.А.ЕШЖАНОВ,

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті,

«Тоқыма материалдарының технологиясы және

жобалануы» кафедрасының аға оқытушысы,

PhD доктор

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *