ЕЛДІ ШУЛАТҚАН ЕСЕНОВА ҚЫЗМЕТКЕ ҚАЙТА КЕЛДІ МЕ?

мәдениет Мәселе
481 Views

2022 жылы Шымкент қаласының бір ғана мәдениет саласында15 қылмыстық іс қозғалған. Олардың басым көпшілігіне мемлекет қаражатынжымқырды, енді бірі бюджет қаржысын негізсіз жұмсады деп айыпталып отыр.Шаһарда мәдениет саласындағы жаға ұстатарлық мұндай жағдай бұрын соңдыболмаған. 2022 жылы Шымкент қалалық Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы қызметін атқарған Ханзада Есенованың (суреті ашық дереккөзден алынды) тұсында мұндайолқылықтар неге жиілеп кетті? Арада бір жыл өтіп, қазір бұл қызметтен босаған Есенова жайлы не себепті қозғап отырмыз? Өйткені, соңғы кездері қала әкіміӘйтеновтің жиналыстары мен іс-шараларында төбе көрсете бастаған. Көптегенкелеңсіздіктен соң ақыры қызметінен кетуге мәжбүр болған экс басшы үшіншімегаполисте қандай шақыртулармен жүр? Жалпы оқырманға түсінікті болуы үшіналдымен оның қызметке қалай келгені туралы әңгіме өрбітейік.

Әлқисса, осыдан бір жылға жуық уақыт бұрын Шымкент қаласындағы Мәдениет саласының қызметкерлері Ханзада Әзімханқызының басқармаға басшы болып келгенін жақсылыққа балаған. Алайда көп ұзамай ұжымның қуанышы су сепкендей басылыпты. Айтуларынша жаңа басшы қызметке тағайындала салысымен жұмыс барысында бірқатар күрделі мәселелер туындай бастаған. Ондағы басты проблема бюджет қаржысына тікелей қатысты болған көрінеді. Ханзада Есенова қызметке тағайындалған тұста мәдениет саласын дамытуға бөлінетін бюджет қалтасы 3,5 миллиардтан 37 миллиард теңгеге, яғни 12 есеге күрт өскен. Десе де өнер майталмандары қыруар қаржы жұмсалатындай іс-шараны көрмедік деп отыр.

Мәдени салада осындай олқылықтарға жол берген басшы ақыры қызметінен кетіп тынды. Жәй кеткен жоқ қоғамда үлкен резонанс тудырып кетті. Ал аталған басшы тұсында мәдениет басқармасына қарасты бірнеше мекеме басшылары мен қызметкерлеріне қылмыстық іс қозғалып оның біразы айыпты деп танылып, бас бостандығынан айрылған. Осылайша мәдениет басқармасы қылмыстық іс бойынша рекордтық көрсеткішке жетті. Ал, белгілі журналист, қоғам белсендісі Зауре Оралбаева осындай жөнсіздіктерге жол берген экс басшының мәдениет саласына қайта келуін дұрыс емес деп есептейді.

Осылайша арада көп уақыт өтпей Ханзада Есенова мәдениет саласына қайта оралғандай ма? Бұл жолы экс басшы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің мәдениет және әлеуметтік сала бойынша кеңесшісі немесе көмекші ретінде әкімдік жиналыстарында төбе көрсетіп жүрген көрінеді. Яғни бұл түптеп келгенде Ханзада Есенова Мәдениет басқармасын тағы да қамшы басып, уысында ұстайды деген сөз емес пе? Экс басшысының қайта келуінің астарында не бар? Осы тұста «Ит қорыған жеріне өш» деген мақал еріксіз еске түседі екен, айтпағымыз тағы жең ұшынан жалғасқан сыбайластық өршіп кетпесе игі…

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *