«Төрелерге сенім жоқ,
Ел сенбесін…» –
Қожаберген Жырау.
«Тәуелсіз –
Құдай ғана…» —
Автор.
Батыр –
Туған,
Ел –
Едік,
Бөрі-Байрақ!
Ел –
Қорғаған,
Ер –
Едік,
“Елім-ай-лап”!!
“Тәуелсіздік” –
Алғалы,
“Тәуенденіп”:
Қазақ –
Мазақ болғандай,
Соры –
Қайнап!!!
Сыры,
Неде –
Болғаны:
“Мұның” –
Бұлай?!
“Қарағаны” –
Емес пе,
Қырын –
Құдай!
Бұрынғыдай,
Өмірді –
Сүре алмастай
Һәм
Өле –
Алмастаймыз,
Бұрынғыдай!!
Не –
Істедік,
Елім-ай,
Не –
Істемедік?!
Істемей,
Тірідей –
“Өліп”.
Өшпек –
Едік:
Қожаберген Жыраусыз,
“Елім-ай-сыз” –
Жоғалып,
Жер –
Бетінен,
Көшпеленіп…
Күні –
Кеше,
Жексұрын –
“Желкемдегім”:
Жұлын-Жүйкемді –
Езгілеп,
Дерт –
Емгенмін!
Бұрын-Соң,
Көрген –
Бар ма,
“Ежелгі-Елде”:
Ғажайып –
Ғимараттар,
Өртенгенін?!
Қирағанын –
“Жан-Дүниең” …
Сезе ме –
“Ішің”;
Тура –
“Ажалдың”:
“Автомат” –
Кезенісін?!
“Сездім! –
Деп,
“Кезенді!” –
Деп.
“Кіндік-Қаның” –
Тамған,
Туған-Жеріңнен –
Беземісің?!
Безбейсің!
Есіңе –
Алсаң,
“Елім-ай-ды”:
“Түк” –
Көрмеген,
“Түбінде” –
Жарымайды!
Суынып,
“Өзі” –
Туылып,
Шешесінен:
“Өзі” –
Болған,
“Әкесін” –
Танымайды!!
…Не –
Қылдық,
Қам-Қазағым,
Не –
Қылмадық?!
Қылындық,
Түге:
Хайуан –
Қобынданып!
Біз –
Қылмаған,
Құрмет –
“Елім-ай-ға”:
Со –
Күйінше,
Сом-Алтын –
Сағымданып…
“Айтысын” –
Аңдып,
Мәң-Гүс –
“Тамашаның”:
Рухани –
Қортықтанып,
Аласардым…
…”Елім-ай-ды”,
Гректің –
“Иллиадасына”,
Теңегенше:
Қайраным –
Манаш-Айбын!
Күллі –
Әлемнен,
Сезінем –
“Қобыз-Демін”:
Түп-Тұқиянымды,
Тегімді,
Көп –
Іздедім…
…”Манастың”,
1000 –
Жылдығын,
Мәңгілеген –
Қырғыздардан,
Ұқпадым:
“Неміз” –
Кемін?!
Болғым –
Келмей,
“Қашарға” –
Өгіз-Масыл:
Құлағым –
Мүкіс,
Көңілім-Көзім –
Басыр!
Тәңіріндей –
Табынған,
Тарихына:
Русьтің –
“Игорь Полкына”,
“VIII –
Ғасыр!”!
Жандай-Шабы,
Жарамсақ –
Көтек-Құр-Жан,
Жеп-Тышары –
Сұйық-Сөз,
Сөкет-Қылжаң:
“Кер-Кеткен” –
Заманында,
“ Елім-ай-лап” –
“Іштегі –
Жауға-Шапқан”,
Бекет-Мырзам…
“Елім-ай-лап”,
Ер-Бекет,
“Шапқан-Жауға”:
“Шабам” –
Деп,
Белшесінен –
Батқан-Дауға!
“Мыңмен –
Жалғыз алысқан”,
Ол да –
“Абай”:
“Шаппаса” –
Адам-Затқа,
Жат –
Болмай ма?!
“Қаратаудың Басынан –
Көш келеді,
Көшкен сайын –
Бір тайлақ бос келеді…”
“Елім-айы” –
Жеткені,
Бүгініне:
Қазақтың,
Жанған Оты –
Өшпегені!
…“Елім-ай-ды”,
Оқыдық?!
Оқымадық:
Байланып,
Бекер-Босқа –
“Оқыранып”!
“Елім-ай”,
Ахиреттік –
Дем-Деніміз:
“Мал-Қорада” –
Жатпасын,
“Боқыланып”!!
Қазақ Елі –
Киелі…
Жыр-Кешені:
Хақ-Тағала –
Құдіретпен,
Тілдеседі!
“Гүл-Төбеде” –
Тумаса,
Қожаберген:
Ұлы –
Абай,
“Қарауылда” –
Тумас еді…
Туды,
Туған,
Туылған,
Талай –
Алып:
Туады –
Әлі,
Сафтанып –
Сараланып…
…Бүгіннің –
“Елім-ай-ын”,
Жазған –
“Гөйдің”:
Жатпасын,
“Басы” –
Жерде,
Домаланып?!
Солай!
Солай…
Алжаспа –
Жеңіл-Ойлап:
Өмірді,
Көрге –
Тығар,
Өлім –
Айдап!!
…”Елім-ай-лап” –
Келелік,
Бұ Дүниеге:
О Дүниеге,
Кетелік –
“Елім-ай-лап”…
«ХАН»
«Хан»:
Халықтың –
Қалауы,
Арқалаған –
Сенімін;
Жыртығының –
Жамауы,
Елі менен
Жерінің;
Ұлт –
Тағдырын,
Шешудің –
Кепілі
(Ең –
Қиыны)…
Жетім менен
Жесірдің,
Көз-Жасының –
Тыйымы;
Өркениеттің –
Су-Жаңасы,
Руханияттың –
Ер-Данасы,
Жоқ-Жітіктің –
Панасы
Яки
Адамның –
Баласы;
Жемқор-
Жебір-
Жұтқынның,
«Қиямет-Қайым» –
Тауаны;
Сұм-
Сұрқия-
Зытқынның,
«Заман-Ақыр» –
Зауалы;
…Кісіліктің –
Ұзаны,
Кішілікке –
Күн-Айбын;
Ұлылықтың –
Құзары
Және
Құлы –
Құдайдың…
ҚАЗАҚ ЖЕРІ
Адам –
Келіп-Кетеді,
Өмір –
Зая –
Өтеді!
Қазақ Жері –
Кең-Байтақ:
Бәрімізге –
Жетеді!
Жер,
Жетеді –
Маған да!
Жер –
Жетеді –
Саған да!
Жер,
Жетеді –
Оған да
Және
Күллі Ғаламға!!
Жер,
Жетеді!
Жетеді:
Әлем –
Сыйып кетеді!
Келсін,
Бірақ,
«Келгеннің»:
Болмасын –
Де…
«Бөтені»?!
Келсін!
Көрсін!
Барласын!
«Ұжымағымды» –
Шарласын!
«Ішсін»!
«Жесін»…
«Тойғасын»:
«Келген»,
Кетіп –
Қалмасын?!
Тағдыр –
Нәсіп-Еткесін:
Кем –
Боп…
Қасірет –
Шекпесін!
Тусын!
Өссін!
Өркейсін…
…Өлсін!
Топырақ –
«Кеппесін»!
Иранбек ОРАЗБАЕВ,
ақын, драматург,
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты