ЕЛІН СҮЙГЕН, ЕЛІ СҮЙГЕН ЕЛБАСЫ

Билік Ел және Елбасы
2 713 Views

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің президенттік өкілеттігін тоқтататынын мәлімдеп, бұл лауазымдық қызметке Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының спикері Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев тағайындалды.

Өз кезегінде Қазақстан Республикасы Президенті ретінде ант қабылдаған Қ.К.Тоқаев бұл жоғары лауазымдық қызметке тағайындала салысымен Тұңғыш Елбасыға «Халық Қаһарманы» атағын беру жөнінде Жарлыққа қол қойды. Елбасының елге сіңірген ұзақ жылғы жемісті еңбегінің құрметіне Астана қаласының атауын Нұр-Сұлтан қаласы деп өзгерту жөнінде ұсыныс жасады. Бұл ұсынысты Қазақстан Республикасы Парламентінің қос палата өкілдері бірауыздан қолдады. Халық қалаулылары сондай-ақ Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаеваны Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының спикері етіп сайлады. Сонымен қатар жаңа Президенттің еліміздің ірі мегаполис қалалары мен облыс орталықтарындағы даңғылдар мен көшелерге Тұңғыш Президенттің есімін беру идеясы да қызу қолдау тапты. Осы орайда Шымкенттегі бұрынғы Астана даңғылының Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы болып өзгертілгенін де тілге тиек ете кетейік.

Осылайша саясат сахнасындағы қызметін сақтап қалған Н.Ә.Назарбаев енді Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы, Nur Otan партиясының Төрағасы, Конституциялық Кеңестің мүшесі қызметтерін қатар атқара беретін болады. Оның жұмыс орны – Назарбаев орталығы. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры жұмыс істейді.

Қазақстан Республикасының негізін қалап, оны отыз жылға жуық уақыт жемісті басқарып, демократиялық құндылықтарды өрістетуге сүбелі үлес қосқан, егемен елін сүйген, елі сүйген Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа еліміздің, халқымыздың атынан шынайы ризашылық сезімімізді білдіріп, оған ұзақ та бақытты ғұмыр, толағай табыс тілейміз!

«Әділет. Рухани жаңғыру» газетінің ұжымы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *