«ЕЛ ЕРТЕҢІ – БІЛІМДІ ҰРПАҚ»

Білім
80 Views

Шымкенттегі Орталық Азия инновациялық университеті (ОАИУ) жас ұрпақ тәрбиелеуге айрықша мән беруде. Жоғары оқу орнының профессор-оқытушылары студентерге сапалы білім беріп қана қоймай, адал азамат болып қалыптасуына игі ықпал етіп келеді.

6В01404 – «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасы – адамның физикалық және психологиялық денсаулығын нығайтатын, салауатты өмір салтын қалыптастыратын маңызды сала.

6В01401 – «Бастапқы әскери дайындық мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдараламасы – жастарға патриоттық тәрбие беру, әскери дағдыларды қалыптастыру және төтенше жағдайларда әрекет ету қабілетін дамытуға бағытталған маңызды пән. ОАИУ студенттерге сапалы білім беріп, олардың кәсіби спорт пен дене тәрбиесі бағытында немесе болашақ әскери, құқық қорғау салаларында қызмет істеуіне, жетістікке жетуіне барынша мүмкіндік жасайды.

Біз қызмет істейтін Орталық Азия инновациялық университетінде аймақ, республика және Халықаралық деңгейдегі бірқатар салаларға арналған мамандар даярланады. Қазіргі таңда ОАИУ – аймақтағы интеграция мен жаһандану үрдістеріне белсенді қатысатын ілгері білім беру орталығы. Университетте 4 факультет құрамындағы 10 кафедрада 20 ғылым докторы, 140 ғылым кандидаттары мен доценттер, ғылым магистрлері мен Қазақстан Республикасы Білім саласының үздіктері студенттерді өздерінің өнегелі тәрбиесі мен терең білімімен нәрлендіруде.

«Бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру және спорт» кафедрасында 2024-2025 оқу жылында 62 профессор-оқытушы, соның ішінде: 6 ғылым докторы, 11 ғылым кандидаты, 22 Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушылары мен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің полковниктері, 23 ғылым магистрі мен аға оқытушы қызмет істейді.

Сонымен қатар «Бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру» кафедрасының 8 – Әлем чемпионы, 10 – Азия чемпионы, 50 – Қазақстан Республикасының спорт шебері, 60 – Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткер білім алушылары төрткүл әлемнің сан түрлі қалаларындағы жоғары деңгейдегі жарыстарда өнер көрсетіп, білім ордасының абыройын асқақтатып, беделін биіктетуде. Кафедраның материалдық-техникалық базасына келетін болсақ, 3 жабық спорт кешені, 4 ашық спорт алаңы, 9 дәріс залы, 13 семинар сабақтарының аудиторияларынан тұрады. Аудиториялар компьютерлік құрал-жабдықтармен жабдықталған. Кафедрада бірнеше спорт түрінен спорт секциялары жұмыс істейді.

6В01404 – «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасы бойынша бакалавр академиялық дәрежесі берілген бітіруші түлектер келесі кәсіптік қызмет түрлерінде қызмет атқара алады:

— Спорттық жаттықтырушы.

— Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі.

— Фитнес-нұсқаушы.

— Спорттық психолог.

— Денсаулық сақтау саласындағы маман.

— Спорт менеджері.

Бастапқы әскери дайындық курсын тәмамдаған студенттер әскери қызметке, құқық қорғау органдарына, құтқару қызметтеріне және азаматтық қорғаныс құрылымдарына жұмысқа орналасуға мүмкіндік алады. Сонымен қатар, бұл пән жоғары әскери оқу орындарына түсуге жақсы дайындық береді.

Оқу формасы және мерзімі:

1. Жалпы орта білім негізінде күндізгі оқу формасы (мектептен кейінгі) – күндізгі оқу формасы бойынша мерзімі – 4 жыл.

2. Орта кәсіби білім негізінде күндізгі оқу формасы (қысқартылған) – оқу мерзімі – 3 жылдан кем емес.

3. Жоғары білім негізінде (екінші жоғары) – оқу мерзімі – 2 жылдан кем емес.

Дене шынықтыру және спорт – тек денсаулықты жақсарту ғана емес, сонымен қатар табысты мансап пен салауатты өмір салтының негізі. Орталық Азия инновациялық университеті осы салада білім алып, кәсіби біліктілігіңізді арттыруға мүмкіндік береді. Егер Сіз спортпен айналысқыңыз келсе және осы бағытта мансап құрғыңыз келсе, ОАИУ Сізге тамаша таңдау ұсынады!

Бастапқы әскери дайындық – жастардың бойында жауапкершілік, тәртіп және патриотизм қалыптастыратын маңызды пән. ОАИУ осы бағытта сапалы білім беріп, студенттердің әскери дағдыларын жетілдіруге ерекше көңіл бөледі. Бұл – тек әскери қызметке емес, кез келген салада көшбасшы болуға көмектесетін құнды тәжірибе.

Мамандық таңдау – өте жауапты және маңызды іс, яғни мамандық – өмір таңдауы екенін назарда ұстаңыз!

Бастапқы әскери дайындық пен дене шынықтыру пәндері бір-бірін толықтырады. Дене шынықтыру физикалық денсаулықты, төзімділікті нығайтуға, ал бастапқы әскери дайындық осы физикалық дайындықты әскери мақсаттарға бағыттап, патриоттық сезімді қалыптастыруға арналған. Осы екі пәннің өзара ықпалдастығы жастарды қорғаныс қабілеттілігі жоғары, денсаулығы мықты және тәртіпті азамат етіп тәрбиелейді.

Қайрат ҚАЛМҰРЗАЕВ,

Нұрлан АЛДАБЕРГЕНОВ,

Орталық Азия инновациялық университеті «Бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыружәне спорт» кафедрасының аға оқытушылары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *