ЕЛ ІРГЕСІ БҮТІН, ЖҰРТЫМЫЗ АМАН БОЛСЫН!

Қоғам
1 219 Views

Құрметті де, ардақты қазақстандықтар!!! Киелі облыс тұрғындары!!!

Өткен 2019 жыл еліміз бен халқымыз үшін өте маңызды оқиғалармен есте қалды. Мақтанышпен айтар болсам, Президенттік сайлау, Президентіміздің Жолдауы, спортшыларымыздың жеңіс тұғырынан көрінуі, мемлекеттік қызметкерлерге халықпен байланысты одан әрі күшейту үшін әлеуметтік желіге басымдылықтың берілуі, жалақылар мен әлеуметтік жәрдемақылардың көбейіп, азаматтардың тұрмысын көтеру үшін ыңғайлануы, кәсіпкерлерге көрсетіліп жатқан қолдаулар тағы басқалар.

Ал ішкі істер органдарына қатысты: ҚР ІІМ полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаевтың тағайындалуы, халықпен жақындықты күшейту, полицияның ашықтығы мен қолжетімді болуы үшін ашылып жатқан халықтық кеңселер, ерлік жасаған қызметкерлердің Президент Жарлығымен марапатталуы, полиция басшыларының қабылдауларды көбейтуі секілді көптеген жағымды жаңалықтар болды.

Осындай маңызды оқиғалар орын алған 2019 жылдан кейінгі жаңадан есігімізді ашқан 2020 жылда да жаңа бастамалар, еліміз үшін елеулі істер, полиция қызметкерлерінің жаңа ерліктері мен батырлық әрекеттерін күтеміз. Сондықтан осы жылдан ақ ниетпен үлкен үміт күте отырып, кемелді келешек, бейбіт өмір мен халқымызға тыныштық, осынау даму жолында қарыштап қадам басып келе жатқан Қазақстанымызға әлемдегі мемлекеттерден жаңа әрі адал достар табуына, ал мемлекетіміздің әрбір шаңырағына шаттық, әрбір отбасыға ортаймас бақ, ерінбей еңбек еткен жандарға таусылмас табыстар тілеймін!

Жаңа жылмен бастау алған жаңа күннен бастап барлық арман тілектеріміз, алға қойған мақсат-мұраттарымыз орындалсын! Ел іргесі бүтін, жұртымыз аман болсын! Дана халқымызға ұлттық сана, жетістіктер мен патриоттық сезімдерді тілеймін!

Жаңа 2020 жылдарыңыз құтты болсын!!!

Ыстық ықыласпен,

Қайрат Сұлтанбайұлы ДӘЛБЕКОВ,

Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *