ЕҰУ ЕРЛЕДІ

Білім
16 Views

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті көшбасшылар қатарында

Қазақстандық ЖОО-лардың білім беру бағдарламаларының «Атамекен» ҰКП рейтингі: ЕҰУ – көшбасшылар үштігінде «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2026 жылға арналған қазақстандық жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламалары рейтингі нәтижелері бойынша Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бакалавриат деңгейіндегі 42 білім беру бағдарламасы көшбасшылардың алғашқы үштігіне енді.
1-орынды 22 білім беру бағдарламасы иеленді: Көлікті тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және пайдалану; Информатика (білім беру); Аударма ісі; Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі; Дене шынықтыру және спорт; Геодезия және картография; Қолданбалы химия; Инженерлік жүйелер және желілер; Педагогика және психология; Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері; Физика (ғылым); Шетел тілі: екі шетел тілі; Өсімдіктер биотехнологиясы және микробиология; Физика пәні мұғалімдерін даярлау; Математика; Мемлекеттік және жергілікті басқару; Биология; Әлеуметтік жұмыс; Сәулеттік дизайн; География; Қазақ филологиясы; Көлік, көлік техникасы және технологиялары.
Соңғы 3 жыл қатарынан Информатика (білім беру), Аударма ісі, Дене шынықтыру және спорт, Қолданбалы химия, Инженерлік жүйелер және желілер, Сәулеттік дизайн білім беру бағдарламалары 1-орынды тұрақты түрде иеленіп келеді.
2-орынды 12 білім беру бағдарламасы иеленді: Графикалық дизайн; Қазақ тілі мен әдебиеті; Саясаттану; Техникалық физика; Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша); Қоғаммен байланыс; Жылу энергетикасы; Туризм; Автоматтандыру және басқару; Электр энергетикасы; Ғимараттар мен құрылыстарды жобалау; Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар.
3-орынды 8 білім беру бағдарламасы иеленді: Орыс тілі мен әдебиеті; Халықаралық қатынастар; Тарих; Тұрғын және қоғамдық ғимараттар мен құрылыстар архитектурасы; Халықаралық құқық; Экономика; Психология; Ақпараттық жүйелер.
Бірқатар бағдарламалар соңғы 3 жыл қатарынан 1-орынды сақтап келеді.
Бұл – сапалы білім, сұранысқа ие маман және бәсекеге қабілетті түлек даярлаудың айқын дәлелі.
ENU ұжымын үлкен жетістікпен құттықтаймыз!

ЕҰУ Баспасөз қызметі материалдары негізінде дайындалды

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *