ЕҰУ «QS WORLD UNIVERSITY RANKINGS 2025» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ РЕЙТИНГІНДЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК ҮШ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАТАРЫНДА

Білім
150 Views

«QS World University Rankings 2025» халықаралық рейтингінде ЖОО қызметінің кезекті нәтижелері жарияланды. Ағымдағы жылы ЕҰУ 34 позицияға жоғарылап, әлемнің 1503 жоғары оқу орындарының арасында 321 орынға ие болды.
Талданған көрсеткіштер бойынша «Студенттердің педагогикалық ұжымға қатынасы» критерийі дәстүрлі түрде ЕҰУ үздік көрсеткішіне айналды. 2024 жылы университет бұл көрсеткіш бойынша 92,6 балл жинап, қазақстандық орташа 49,6 баллдан 43 баллға асып түсті.
Көрсеткіштер келесі бағыттар бойынша да жақсарды: жұмыс берушілер арасындағы бедел; академиялық беделділік; шетелдік оқытушылар саны; тұрақты даму.
Дәйексөздер мен Халықаралық ғылыми ынтымақтастық индексіндегі бұрынғы ұстанымдарды сақтай отырып, ЕҰУ ғылым саласындағы тұрақты және тиімді халықаралық ынтымақтастықты көрсетеді, сонымен қатар кең мағынада бірлескен зерттеулердің маңыздылығын мойындайды.
Айта кету керек, бұл рейтингте ұсынылған отандық жоғары оқу орындарының саны биыл өзгерген жоқ және 21 университетті құрайды.

ЕҰУ-нің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *