ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

Қоғам
1 035 Views

World clean up day Дүниежүзілік акциясы аясында Шымкент қаласында сенбілік өтті. Дүниежүзілік акцияның мақсаты – экологиялық білімді арттыру және қоршаған ортаның ластануына жол бермеу. Аталған сенбілікке қала әкімі Мұрат Әйтенов, қала әкімі аппаратының және мәслихат аппаратының қызметкерлері қатысып, Дендросаябақ аумағына тазалық жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, шаһар басшысы дендрологиялық саябақтағы тұқым бағын аралап, отырғызылған көшеттерді көрді. Биыл саябаққа гендік қорды көбейту үшін жаңа ағаш түрлерінің 42 түрінен жаңа көшет, 39 түрінен 5 341 дана ағаш-бұта отырғызылған болатын. Ал тұқымбақта 62 ағаш түрлерінен 8469 түп көшет өсірілуде.

Сенбілік кезінде құрылымдық басқармалар мен аумақтық органдар қала көшелерінде, жергілікті аудан әкімдері коммерциялық нысан қызметкерлерінің, кәсіпорын ұжымдарының, ауыл билері мен кондоминиум нысандарының төрағаларын тарта отырып тұрғын үй аулаларының тазалау жұмыстарын жүргізді.

Қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан: «Бүгінгі күннің идеясы Жер шарының күні десе де болады. Себебі біз, үйімізді қалай таза ұстайтын болсақ, көшемізді, ауыл-аймағымызды, қаламызды да солай ұстауға тиіспіз. Бүгін жастардың да жиналып, тазалау жұмыстарына қатысуы қалада бір жақсы дағды қалыптастырады деген ниетіміз бар», – деп пікір білдірді.

Сонымен қатар Еріктілер жылына орай акцияның өтуіне 100 -ге жуық қалалық жастар орталығыныңмамандары мен жастар ұйымдарының белсенділері ат салысты. Олар Шымкент қаласыбойынша экология департаменті қызметкерлерімен бірге Бадам өзені аумақтарынтазалап, қоқыстарды түріне қарай бөлек жинады. Іс-шараға жалпы 30 000-нан астамадам қатысып, 60-қа жуық қоқыс тасымалдайтын және артатын техникаларжұмылдырылды. Қалалық қоқыс полигонына 220 тоннадан астам қоқыс шығарылды. Айтакету керек, барлық жұмыстар санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырыпжасалды.

МЕМҚЫЗМЕТТІҢ 86 ПАЙЫЗЫ ЭЛЕКТРОНДЫ ТҮРДЕ КӨРСЕТІЛЕДІ

Шымкент қаласында салаларды цифрландыру мен мемлекеттік қызметтерді электронды форматқакөшіру бағытында бірқатар ауқымды жұмыстар жасалынуда.

Атап айтқанда, биыл сегіз ай ішінде Шымкент қаласы әкімдігі 2, 5 миллион қызметтің 2 миллион 200 мыңы немесе 86,1 пайызын электронды түрде көрсеткен. Яғни былтырғы жылмен салыстырғанда мемлекеттік қызметті электронды түрде алған азаматтардың саны 700 мыңға өскен.

Бұл жөнінде бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Шымкент – адалдық алаңы» жобасы ANTIKOR LIVE тікелей эфирінде айтты.

– Қала әкімдігі былтыр 181 қызмет түрін көрсетсе, биыл тұрғындарға ыңғайлы болуы үшін кейбір қызмет түрлері оңтайландырылып, олардың саны 160 болып бекітілді. 2019 жылы 181 қызметтің 91-і, яғни 50 проценті электронды форматта көрсетілсе, осы жылы 160 қызметтің 132-сі (83%) электронды түрде көрсетіледі. Бұл өткен жылмен салыстырғанда қызметтерді электронды түрде көрсету 33 пайызға өскенін білдіреді, – деді шаһар басшысы. Сондай-ақ, әкім жылдың соңына дейін қалған 28 мемлекеттік қызмет түрін электронды форматқа ауыстыруды жоспарлап отырғанын айтты.

20 МЫҢНАН АСА АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛҒАН

Шымкент қаласында биылғы 8 ай ішінде «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде 20 471 адам жұмыспен қамтылды.

Бағдарламаның бірінші бағыты — инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен азаматтарды жұмыспен қамтуға арналған. Шымкентте осы бағыт бойынша 3 196 азаматты тегін кәсіби оқуға жолдау жоспарланған. Бүгінде нақты 2 000 адам қысқа мерзімге кәсіптік оқытуға жолданса, 1 196 адам техникалық және кәсіби білімі бар кадрлар даярлауға жіберіліп отыр. Жоспар 100 пайызға орындалған.

Екінші бағыт – кәсіпкерлік бастаманы ынталандыруға арналған. Осы бағыт бойынша 6819 тұрғынға қолдау көрсетіледі деп жоспарланған. Қазіргі таңда іс жүзінде 4 204 адам қамтылған. Оның ішінде «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерге оқытуға жоспар бойынша 1 850 адамды жолдануы тиіс еді. Дегенмен бүгінде 2 820 адам оқуға жолданып, жоспар артығымен орындалып отыр. Ал, 40 адамға шағын несие берілген. 1 361 азамат мемлекеттік грант иегері атанған.

Үшінші бағытта – халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру арқылы еңбек нарығын дамыту көзделген. Осы бағытқа жыл бойына 22 790 адам қатысады деп жоспарланған. Бүгінгі күнге дейін 16 740 адамға жұмыспен қамту бойынша көмек көрсетілді.

Атап айтқанда, 5 755 азамат тұрақты жұмысқа орналасқан болса, 313 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жолданған. 2 099 адам жастар практикасына, 4 494 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылған. «Жұмыспен қамту жол картасы» аясында 4 079 адам жұмысқа орналастырылған.

«QYRGY BAZAR» АУМАҒЫ ҰЛҒАЯДЫ

Жерасты автотұрақтары, жеке павильондар мен хамам моншасы – жаңарған «QYRGY BAZAR» аумағында осының барлығы болады. Көтерме және бөлшек сауда орталығы ретінде қызмет көрсететін «Қырғы базарда» бүгінде құрылыс жұмыстары қарқынды түрде жүріп жатыр. Шымкент қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының тапсырысымен базар алдына гүлзар салынған. Бұл тұрғындарға қолайлы жағдай туғызып отыр. Жаңғырту жобасына сәйкес, базар аумағы 30 мың шаршы метрден 85 мың шаршы метрге дейін ұлғайтылмақ. Оған 5 млрд. теңге инвестиция салынады. Жоба бойынша базарда үш қабатты және бес қабатты сауда павильондары болады. Олардың әрбірінде жерасты автотұрағы қарастырылған.

Инвесторлардың айтуынша, тауардың әрбір түріне жеке аймақ бөлінеді. Кептірілген жемістер, кондитерлік өнімдер, көкөніс, сүт және нан өнімдері бар сөрелер орталық алаңның айналасында орналасады. Ал, жеке павильондарға тұрмыстық техника, құрылыс материалдары және үйге қажетті басқа да тауарлар қойылады. Сондай-ақ, жүк сақтау камералары, қоймалар, хамам моншасы, балалар алаңы, 600 орындық автотұрақ, тіпті қонақ үй үшін де орын қарастырылған. Келер жылы жаңа базардың 40 пайызы пайдалануға берілсе, 2023 жылы жұмыс толығымен аяқталады деп күтілуде.

Бетті дайындаған Г. ҒАНИҚЫЗЫ.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *