«ЖАНЫМДЫ ЖАРНАМАҒА САЛДЫМ»

Қоғам
717 Views

Қазіргі таңда тұрмысын түзеп, кәсібін дөңгелетіп отырған жандардың қатары күн санап артыпкеледі. Сүйікті жұмысын бар ықыласымен жасап, табысын тауып жатқандар да аземес. Алайда, мемлекет тарапынан бөлінген қаражатты игілігіне жаратып, халыққапайдасын тигізер кәсіп ашу көптің қолынан келе бермесі анық. Газеттің бүгінгікейіпкері жолында кезіккен сан түрлі соқпақтар мен қиындыққа мойымай, түбіжеңіс тұғырынан көрінді.

Нұрсұлтан Ташимов. Жаңа дүниемен айналысып, жетістікке жетуді қалаған Нұрсұлтан 2015 жылы Қызылорда облысынан Ордабасы ауданы, Бадам елді-мекеніне қоныс аударып, күнделікті күйбең тіршілікпен күн кешеді. Аграрлық білімі бар кейіпкеріміз киелі Түркістан шаһарында білімін жетілдіріп, дене шынықтыру мамандығы бойынша толық оқу курсынан өтеді. Қолына дипломын алған соң табысы жоғары, қолайлы жұмыс орнын іздеп, ойы сан-саққа жүгіреді. Нәтиже болмаған соң жұмыспен қамту орталығының көмегіне жүгініп, алты ай бойы мектепте ұстаздық қызмет атқарды. Еңбекқор Нұрсұлтан арада уақыт өтпей-ақ, Бизнес бастау жобасы жайлы ақпараттар жинастыра бастайды. Кәсібін өрлетіп, елге пайда тигізуді қалаған ол жеке жоспарын жасап, жарнама орталығын ашу идеясымен демеушілердің көзіне түседі.

– Мемлекет ұсынып жатқан мүмкіндіктер туралы 2017 жылы естіген болатынмын.Алайда, белгілі бір себептерге байланысты ойлаған дүниемді аша алмай, қатты қиналдым. Өткен жылы сөнген үмітім қайта жанғандай болды. Бәсекелестерімнен ерекшеленіп тұру үшін қолдан келгеннің бәрін жасадым, тіпті күні-түні жобамның сәтті аяқталуы үшін көз ілмеген кездерім болды. Жаратушы еңбектің жемісін береді ғой. Бірнеше уақыттан кейін 575000 көлемінде грант ұтып алдым, – дейді ол.

Нұрсұлтан берілген қаражатқа жарнама агенттігіне қажетті компьютер сатып алып, кішігірім орталығын ашып, кәсібін бастап кетеді. Қоныс тепкен елді-мекендерінде небәрі 700-ге шақты тұрғын болғанына қарамастан, жарнамалық орталықты іздеп келетіндердің қарасы қалың көрінеді. Себебі, қазіргі таңда тұрғындар өз өніміне өтімді жарнама жасау үшін барын беруге әзір. Кейіпкеріміз сол үшін де кәсібін бастау жайлы бір тоқтамын жасап, байламға келеді. Орталықтары қызметін сапалы ұсынып, бірталай жетістікті бағындырып жатқандықтан, Нұрсұлтанның ісі алға басып, еңбегі жанып келеді. Әрине, ол әрекетке берекет берілетінін есінен шығарған жоқ. Жұмыссыздық атты белең алған мәселенің күрмеуін оңай шешіп, мемлекеттің арқасында табысқа кенеліп отыр.

– Бұл кәсіпті бастамас бұрын жанұяммен ақылдастым. Бүгінде әйелім де дизайн жұмыстарын жасауды еркін меңгеріп алды. Көмекшісі екеуі кішігірім орталықта бар жұмысты тындырып, келушілердің ұсыныстарын жүзеге асырып отыр. Бастапқы ниетіміз елге пайда тигізу болғандықтан, қызмет құнының бағасын қолжетімді етіп қойдық. Жарнамалық графиканың бір метр квадраты 2000 теңгеден басталады. Ал, келушілер постерлерді іліп беруге қосымша қаражат төлейді. Бірақ, бұл біздің талап емес, қызметкерлердің еңбегінің ақысы. Кәсіптің шығынын қоспағанда, әр айда 300 000 теңге пайда көреміз.

Кейіпкеріміз қашан да екі қолға бір күрек табылатынын жеткізді.Әрі кәсіпті бастауға нақты шешім қабылдамас бұрын қосымша қаражат жағын қарастырып алыңыз. Өйткені, керекті дүниелерді сатып алуға 575000 теңге аздық етуі мүмкін. Ал тәуекел етсеңіз, таңдаған жолыңызды жүріп өтуге тура келеді.

– Бизнес бастау бағдарламасы біраз жанның бағын ашты. Себебі, ел тұрғындары қаражаттарын алып, кәсіптерін бастады. Халықтың басым бөлігі дән риза. Тек құрған бизнес жоспарды нақты қадамдар арқылы қорғап шығу қажет. Ойларыңыз өзге бәсекелестерге ұқсамаса, тіптен жақсы. Сонда ғана демеушілердің қолдауын алып, грант иеленесіз, – дейді ол.

Нұрсұлтан алдағы уақытта орталығын кеңейтіп, мегаполистен филиалдарын ашуды жоспарлап отыр. Компьютерлік қызметтің барлық түрін ұсынатын кейіпкеріміз мемлекеттің мүмкіндіктеріне дән риза. Бар жұмысты жүзеге асырып, көптің алғысына бөленіп жүрген ол, азаматтарға қорқыныш пен үрейді артқа тастап, кәсібін ашуды ұсынады. Еңбектің берекесі болатынын ұмытпаған абзал.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *