ЖАНЫ ЖАҚСЫ АҒАНЫҢ ЕТЕГІН БАСПА, ЖОЛЫН ҚУ…

Билік
1 634 Views

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сара да дана саясатының арқасында Оңтүстік өңірін Түркістан облысыетіп қайта құру – тарихи да танымдық шешім болғаны белгілі. Күллі Түркі әлеміде мұны өте дұрыс әрі әділ шешім деп бағалап отыр. Осы орайда Түркістаноблысына талапшыл, еңбекқор, экономист, биліктің талай баспалдақтарынансүрінбей өткен жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан іскер басшы Өмірзақ Шөкеевтітағайындағанның өзі күншуақты өңірдің дамуына үлкен серпіліс бергені айдананық.

Уақыттың басты талабы – оң өзгерістерді, дамуды және жаңашылдықпен алға ұмтылуды талап етеді. Осы орайда Өмірзақ Естайұлының тың бастамалары Түркістан облысындағы қатып қалған сеңді бұзып, іргелі дамуды қамтамасыз етіп, оны барлық салада республикадағы көшбасшы өңірге айналдыруды көздейді. Соңғы кезде облыс орталығы – Түркістанды абаттандыруда қыруар жұмыстар қолға алынғаны көңілге қуаныш сезімін ұялатады. Мемлекеттік қызметшілерден бастап қарапайым тұрғындарына дейін абаттандыру, гүлдендіру шаруаларына жаппай кіріскен. Рухани астанамызға ат басын бұрған кез келген қадірменді қонақтар ондағы оң өзгерістерді бірден байқайды да.

Таяуда облыста шығатын бір басылымның кезекті нөмірі қолымызға түсті. Ағылшын тілінен аударғанда – «Деңгей» мағынасын білдіретін бұл басылымның бірінші бетінде жарияланған облыс басшысы Шөкеевке қатысты мақалаға назар аудардық. Оқи келе мұның сыни-сараптама ретінде жазылғаны байқалды. Әріптестеріміздің бұл мақаласында өңір басшысы туралы оның өткерген қызметі жайында әдемі айта келе қазіргі саясатына көшіп, күдікті сұрақтармен бұл орайда, яғни өздеріне беймағлұм болып көрінетін мәліметтерді сын көзбен қарағандай кейіп танытқан. Әрине, бұл олардың құқы. Көңілге қаяу салатыны білікті басшының жүзеге асатын тың бастамаларына күмән келтіруі.

Талай сын-соқпақтан сүрінбей өткен Шөкеевтің Мәскеуде оқыған экономист-математик, экономика ғылымының кандидаты екенін ескерсек, жемісті де жеңісті үш индустриалды аймаққа көшуге, бар күш-жігерін сол салаға, жобаларға айрықша назар аударғанына кінәлі қылғандай. Асылы, бұған дейін облыстағы тоғыз индустриалды аймақтың жұмысы әншейін көзбояушылықпен жасалып, жұмысы нашар, кейбіреулері мүлде жұмыс істемегенін Шөкеевке дейін де көзі ашық, көкірегі ояу халық көріп, біліп отырған. Сол жұмыс істей алмайтын аймақтардың орнына машина құрастыру, азық-түлік өндірісі және жеңіл өнеркәсіп, сондай-ақ, құрылыс индустриясына сапалы серпін беруді алға қойып, халық пен халық қалаулары алдында ортаға салып, талқылап, қолдау тапқан соң, оған күмәнмен қарап сынауы әбестікпен жазылған сыңайлы.

Әлде, әріптестерімізге пысықай біреу өкпе-назын айтып, «тапсырыс» берді ме екен деп те ойлап қаласың кейде. Әрине, бұл олардың өз шаруасы. Соңғы кезде Оңтүстік өңірін басқарған әкімдердің қатарында Б. Атамқұлов пен Ж. Түймебаев сынды ел ағалары да қысқа мерзім болса да өздерінің хал-қадерінше еңбек еткені екінің біріне аян. Біздің де олардың артынан жұмысын саралап тас лақтыру ниетіміз жоқ. Өмірзақ Естайұлы да мұндай ойдан аулақ шығар! Бірақ ол екі әкімнің жасаған қызметін ел мен Елбасы жақсы біледі емес пе?! Бұл орайда біздің айтарымыз, ата-бабаларымыздан өсиет болып жеткен, сол қасиет бойымызға дарыған аталы сөзіміз:

«Жаны жақсы ағаның Етегін баспа, жолын қу. Болайын деген баланың Бетін қақпа, белін бу», – демекші, ынтымақпен жұмыс жасап, ел болашағы үшін қажырлы еңбектенуімізде. «Деңгейдің» деңгейін айта берсек, сөз көп! Бірақ шындықты көріп тұрып, суға түкіруге жол бергіміз келмейді әсте. Өнімді өзгерістерге жаны құмар, елдің тұрмыс сапасын арттыруға бар ғұмырын бағыштағысы келетін басшының қосшысы болған абзал! Ел мен Елбасы сеніп Түркістан өңіріне басшылыққа тағайындаған Өмірзақ Шөкеевтің елімізге әлі берері көп деп білеміз.

Әділ ҚЫРАН.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *