ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ТҮНГІ СЕРУЕНІ ҮШІН ЕКІ МЫҢНАН АСА АТА-АНА ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ

Жастар Қоғам
568 Views

Шымкент қаласының тәртіп сақшылары балалардың қадағалаусыз қалуының алдын алу, тұрғын үйден тыс жерде заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта жүрген кәмелетке толмағандарды анықтау мақсатында олардың ата-аналарына әкімшілік ықпал ету шараларын қабылдай отырып, күнделікті рейдтік іс-шаралар өткізеді. Рейд барысында ювеналды полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандар көп жиналатын орындарға, яғни саябақтарға, компьютерлік клубтарға, үйлердің аулаларына ерекше назар аударады. Ағымдағы жылдың қаңтар мен маусым айларының аралығында түнгі уақытта жүргізілген профилактикалық жұмыстардың нәтижесінде 2 283 азаматқа қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 442-бабы бойынша шаралар қолданылды. Заңнамаға сәйкес жасөспірімдерге заңды өкілдерсіз 22:00-ден кейін ойын-сауық мекемелерінде және 23:00-ден кейін тұрғын үйден тыс жерде болуға тыйым салынады. ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабына сәйкес бұл шектеуді бұзу ескерту жасауға немесе жасөспірімдердің ата-аналары мен заңды өкілдеріне әкімшілік айыппұл салуға әкеп соғады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *