Абай облысының Ақсуат ауданында ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, халық театрлары негізін қалаушылардың бірі М.Баймурзин атындағы республикалықхалық театрларының байқау-фестивалы өткізілді. Оған кең-байтақ еліміздіңтүкпір-түкпірінен келген бірқатар халық театрлары қатысты. Нәтижесінде Жамбыл облысынан келген халық театры Бас жүлдені (300 000 теңгелік қаржылай сыйақы)жеңіп алды.

Түркістан облысының Келес ауданындағы Қазақстанның халықәртісі Әшірәлі Кенжеев атындағы аудандық мәдениет үйінің Келес халық театры «Үздік халық театры» аталымының иегері (200 000 теңгелік қаржылайсыйақы) атанды. Олар жазушы, драматург, Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттіксыйлықтың лауреаты Дулат Исабековтың «Ескі үйдегі екі кездесу» аттыдрамасын қойды. Екі актер ғана қатысатын моно-спектакльдегі Айтөре образын – Жангелді Мырзалиев (қоюшы режиссер), ал Зейнепті – Сейдана Есенқұлова (Шындәлиева) сомдады.
Сөз орайы келгенде олардың былтыр Түркістан облысындағы Ордабасы ауданының 60 және Темірлан халық театрының 50 жылдық мерейтойларынаорай өткізілген «Театр – өмір айнасы» деп аталған облыстық байқау-фестивальдеБас жүлде жеңіп алғанын тілге тиек ете кетейік. Онда келестік өнерпаздардраматург Байғали Есенәлиевтің «Тірі өліктерін» (режисері – Ұ. Нарманова)қойған тұғын. Гүлжан бейнесін Сейдана Есенқұлова (Шындәлиева) бедерлегенболатын.
Ә. ҚАҢТАРБЕК