ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТЕЛЕГЕН ЖЕТПІС ЖЫЛ

Руханият
19 Views

КІТАПХАНА ТАРИХЫНАН СЫР ШЕРТСЕК

Биыл «Шымкент қаласының Абай атындағы орталық көпшілік кітапханалар жүйесі» мемлекеттік коммуналдық мекемесіне 70 жыл толып отыр. Осыған орай аталмыш құтхана ұжымы «Жетістікке жетелеген 70 жыл» атты арнайы жинақ шығарыпты.
Бұл кітапхана 1954 жылдың шілде айында құрылған екен. Қалалық орталық кітапхана 1964 жылы Бауыржан Момышұлы атындағы даңғылдағы №20 үйдің бірінші қабатында орналасқан. Еңбекшілер депутаттары Шымкент қалалық Кеңесі атқару комитетінің 1965 жылғы 12 ақпандағы №34 шешімімен қалалық №2 көпшілік кітапханаға классик жазушы Антон Павлович Чеховтың, ал қалалық №9 көпшілік кітапханаға жазушы-публицист Максим Горькийдің (Алексей Максимович Пешков) есімі берілген. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 3 наурыздағы №200 Қаулысы бойынша Шымкент қаласының Максим Горький атындағы қалалық орталық кітапханасына қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының есімі берілген. Шымкент қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 20 мамырдағы №711 қаулысына сәйкес «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» –«Орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі» мемлекеттік мекемесі, «Шымкент қаласының орталықтандырылған балалар кітапханаларының жүйесі» мемлекеттік мекемесі болып екіге бөлінген. Шымкент қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 9 сәуірдегі №290 қаулысына сәйкес «Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының «Шымкент қаласының орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі болып бекітілген.
Қазіргі таңда құтханаға 104 000-ға тарта оқырман тіркелген. Жалпы кітап қоры – 550 935 дананы құрайды. Соның 177 012-сі – мемлекеттік тілде. Оқырмандардың сұранысын қанағаттандыру мақсатында жылына 1 450 904 кітап ұсынылады. Орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінде 23 бөлімше бар.
Шымкенттегі орталықтандырылған кітапханалар жүйесін Фатима Александровна Дерипас (1976-1980 жылдар), Вера Павловна Хворова (1980-1983), Кенжехан Белқожақызы Ысқақова (1983-2003), Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының «Кітапхана саласының ардагері», Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының «Кітапхана саласының үздігі» төсбелгілерінің иегері Перизат Бекмырзақызы Алшабаева (2003-2017), Гүлнәр Қамбарбекқызы Ендібаева (2017-2018), Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының «Кітапхана саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Гүлсім Әлкебайқызы Шатырбекова (2018-2021), «Мәдениет саласының үздігі», «Кітапхана ісінің шебері» төсбелгілерінің иегері Зәкира Сембекқызы Парымбекова (2021), Оңтүстік Қазақстан (қазіргі Түркістан) облысы әкімінің «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалі мен «Кітапхана ісінің үздігі» төсбелгісінің иегері Нұрила Серікбайқызы Жұманова (2021 жылдан бері) басқарып келеді.
Кітапханада жергілікті қаламгерлерден Омарбай Малқаров, Нәсіредин Серәлиев, Қарауылбек Қазиев, Мекемтас Мырзахметов, ЕркінбекТұрысов, Мархабат Байғұт, Исраил Сапарбай, Мұхтар Шаханов, Нармахан Бегалыұлы, Захардин Қыстаубайұлы, Ханбибі Есенқарақызы, Сарманбай Исақ, Серік Жанәбіл, Қабылбек Төретай, Әмзе Қалмырзаев, Шойбек Орынбай, Әбілда Аймақ, Сәрсенбек Сахабат, Нұрбибі Омар, Момбек Әбдәкімұлы, Қазыбек Иса, Сабырбек Тұрлыбек, Сабырбек Олжабай, Мұхтар Шерім, Әбдісаттар Әліп, Иса Омар, Бақытжан Алдияр, Дәурен Айманбетов, Арайлым Мұратәлиева, Әлішер Әлімжан, Сүндет Сейітов, тағы басқалардың ізі мен сөзі қалған, шығармашылық кештері, кітаптарының түсаукесер рәсімдері мен мерейтойлары өткен.
Сөз орайы келгенде кітапхана тарихы туралы және оның қазіргі қызметі жайлы жазылған «Жетістікке жетелеген жетпіс жыл» деп аталатын танымдық еңбек Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының қолдауымен «Шымкент қаласының орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің ұйымдастыруымен шығарылып отырғанын тілге тиек ете кетейік. Редакциялық кеңестің құрамына Нұрила Жұманова, Момбек Әбдәкімұлы, Гүлжан Садық, Раушан Сұлтанбек, Рахат Момынова, Айман Бұралхиева, Жанар Меңгелбекова, Ақбалғын Бостанова, Нұргүл Тасмұрзаева енгенін, архив құжаттарын Айдын Исатаева, Айпар Амангелдиева жинағанын, корректоры Әділ Әбдіраманов, дизайнері Мұрат Серікбайұлы екенін естеріңізге салғымыз келеді.

МЕРЕЙТОЙЛЫҚ САЛТАНАТ

Шымкент қаласының орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі өздерінің жетпіс жылдық мерейтойын атап өтті. Концерттік-көрме орталығында «Жетістікке жетелеген жетпіс жыл» атты арнайы іс-шара ұйымдастырылды.
Қадірменді қонақтар алдымен «Таңдаулы туындылар төрімізде» акциясымен танысты. «Абай ауылы» фотоаймағындағы «Ұлы даланың Ұлы Абайы», «Шырайлы Шымқала» атты кітап көрмесін аралап көрді. Абай Құнанбайұлы бейнесін Жұмат Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрының актері, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Еркін Шымырқұлов сомдады.
«Қазына» халық би ансамблі (көркемдік жетекшісі – Зәуре бекембайқызы Әжібекова) жиналған жұртшылық назарына «Көңілашар» биін ұсынды. Құтхана тарихынан сыр шертетін «Руханиятқа риясыз қызмет» бейнеролигі көрсетілді.
Мерейтойға зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, журналистер, ардагер кітапханашылар, жоғары оқу орындарының ректорлары мен ғалымдары, қалалық мәдениет мекемелерінің басшылары, қаладағы құтханалардың басшылары мен кітапханашылары қатысты. Салтанатты кешті Сымбат Орынтай мен Нұрсұлтан Әріпхан жүргізді.
Алғашқы құттықтау сөз Шымкент қаласы әкімінің идеология жұмыстары жөніндегі орынбасары Сәрсен Абайұлы Құранбекке берілді. Ол қала әкімі Ғабит Әбдімәжитұлы Сыздықбековтің құттықтау хатын аталмыш кітапханалар жүйесінің басшысы Нұрила Серікбайқызы Жұманова ханымға салтанатты жағдайда табыстады. Өзінің атынан да кітапхана ұжымын айтулы мерейтойымен шын жүректен құттықтап, толағай табыс тіледі.
Құтхана тарихынан сыр шертетін «Жетістікке жетелеген жетпіс жыл» атты кітаптың тұсаукесер рәсімі өткізілді. Оған қала әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлы Құранбек, журналист, жазушы, ғалым, педагогика ғылымының кандидаты Қуандық Оразбекұлы, ақын, Физули атындағы Халықаралық әдеби сыйлықтың лауреаты Құрал Көмек қатысты.
Шымкент қалалық мәслихатының төрағасы, республикалық «Amanat» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Бахадыр Мәдәліұлы Нарымбетов құттықтау сөз сөйледі. Бес кітапханашыға Алғыс хат тапсырды.
Келесі құттықтау сөз Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Альбина Балғабайқызы Елшиева ханымға берілді. Ол бес кітапханашыны марапаттады.
Енді бір сәтте «Кітапхана – рухани байлық ордасы» тақырыбындағы арнауға кезек берілді. Мейіржан Жақып, Нұрғали Әнапия, Қалижан Білдәш секілді суырып салма айтыскер ақындар сөз маржанын төгілтті.
Ару Астанадан ат терлетіп келген Қазақстан Республикасы Академиялық кітапханасының құжаттарды өңдеу қызметінің басшысы, Жанна Серікққызы Тәуекелова мен Алматыдағы Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы ғылыми әдістемелік қызметінің әдіскері Гүлназ Таңбалықызы Ауғанбаева ханымдар құттықтау сөз сөйлеп, кітапхана қорына жаңа кітаптар сыйлады. 35 қызметкерді марапаттады.
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің Басқарма төрайымы – ректор міндетін уақытша атқарушы Гүлжан Дәулетбекқызы Сүгірбаева, жазушы, ғалым, педагогика ғылымының кандидаты Қуандық Оразбекұлы, ақын, Физули атындағы Халықаралық әдеби сыйлықтың лауреаты Құрал Көмек, жазушы Бақтыгүл Рүстемқызы Ауданова сөз сөйлеп, өздерінің сый-сияпатын тапсырды.
Түркістан облыстық «Farab» ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры Жанат Сәдібекқызы Шардарбекова, Әл-Фараби атындағы Шымкент қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры, филология ғылымының кандидаты Анар Абусайылқызы Жаппарқұлова, Түркістан облысындағы Созақ аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Эльмира Қайдауқызы Бейсеқұлова, Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті Ақпараттық білім беру орталығының директоры Индира Қабыланқызы Сауырбаева құттықтау сөз сөйлеп, өздерінің жүрекжарды ізгі тілектерін жарыса жеткізді.
Аталмыш орталықтандырылған кітапханалар жүйесін ұзақ жылдар бедерінде басқарған, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Перизат Бекмырзақызы Алшабаева, кітапхана ісінің ардагері Гүлсара Мұқашқызы, бухгалтерлік қызметін кітапханашы мамандығына алмастырып, басшылық қызметке дейін өскен Зоя Оралбайқызы Бекежанова құттықтау сөз сөйледі.
«Шымкент концерт» концерттік ұйымының әншісі Өсербай Бөріханов Абай Құнабайұлының «Желсіз түнде жарық ай»; әнші Марал Қайратбекқызы Махамбет ақын Бақыт Беделханның сөзіне жазылған сазгер Б.Оразақынұлының «Сағындым сені туған жер» әндерін; әлеуметтік желіде жарияланған «Абай әлемі» байқауының жеңімпаздары – Қазақстан Республикасы мәдениет саласының үздігі Мақсат Айтжанов Абайдың «Сегіз аяқ», Әзімхан Исабек «Есіңде ме жас күнің?», аталмыш байқаудың лауреаттары – Аяжан Жұмабек, Дәулет Сұлтанғали «Абай шығармаларынан әдеби композиция», Бекмұхаммед Мақсатұлы Айтжанов «Абайдың қара сөздерінің бірін»; «Шымкент концерт» концерттік ұйымының әртістері – Қайырбек Қалиев, Нышан Әліби, Данияр Мәдібеков, Қабыл Арнат күй тартысқа түссе; «Қазына» халық би ансамблі «Қазақ биін» орындады. Кеш соңында бір топ кітапхана қызметкерлері Мұқағали Сейітқазының сөзіне жазылған Мұратбек Тәжіғұловтың «Бұл біздің жер» әнін шырқап, көрермен қауымға керемет көңіл күй сыйлады.
Шымкент қаласындағы көпшілік кітапханалар жүйесінің директоры Нұрила Серікбайқызы Жұманова қорытынды сөз сөйлеп, мерейтойға қатысқан барлық қадірменді қонақтарға жүрек төрінен шыққан шынайы ризашылық сезімін жеткізді. Осылайша өткенін ардақтайтын, ұлыларын ұлықтайтын, рухты ұрпағымыз өсіп келе жатқанына куә болдық.

МӘРТЕБЕЛІ МАРАПАТТАРЫҢЫЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Қазақстандық кітапханалық одақтың төсбелгісі (Ғ.Қ.Нұрғалиева, Астана қаласы):
АПАШЕВА Рахия

Алғыс хат:
ДАУМЕНОВА Жұпаркүл
БАҚХОДЖАЕВА Гүлсінай
КУБЕЕВА Рыскүл

Астана қалалық Кітап палатасының Алғыс хаты
САДЫҚ Гүлжан
ТҰҢҒЫШБАЕВА Мария
ИСКАКОВА Гүлмира

Қазақстандық кітапханалық одақтың «Қазақстанның Құрметті кітапханашысы» төсбелгісі (Б.Қ.Оспанова, Алматы қаласы):
МОМЫНОВА Рахат
ОРЫНБАСАРОВА Гүлсара
БҰРАЛХИЕВА Айман
САПАРОВА Гүлмира
ЕМҚҰЛОВА Гүлназым

«Кітапхана ісінің ардагері»:
ҚЫСАНБАЕВА Зинегүл
ОРАЗБАЕВА Ұлман
РЫСБАЕВА Гүлмира

«Кітапхана ісінің үздігі»:
ҚАППАРОВА Назгүл
БОСТАНОВА Ақбалғын
ТАСМҰРЗАЕВА Нұргүл

Құрмет грамотасы:
АПАШЕВА Рахия
АСЕНОВА Ардагүл
НҰРМҰРАТОВА Қалбибі
ШЫМЫРБАЕВА Зәуре
БАЙМҰХАНБЕТОВА Айжан
ДАУМЕНОВА Жұпаркүл
МАМЫТОВА Жәмила
ЖҰМАБАЕВА Гүлмира
САПАРБЕКОВА Гүлназ
ҮСЕНОВА Зухра

Алғыс хат:
ТҰРСЫНБАЕВА Тұрсынай
ҚҰТБЕРГЕНОВА Сахия
ДҮЙСЕНБАЕВА Жанат
ТҰРАШЕВА назира
МӘДЕНОВА Индира
КАБУЛОВА Мунира
БАЙМАХАНБЕТ кәмшат
СЕЙІТЖАНОВА Нәзира
МАҚАШОВА Ботагөз
ӘБІЛДАБЕКОВА Бибігүл

Шымкент қалалық мәслихатының Алғыс хаты (Б.М. Нарымбетов):
СЛАМБЕКОВА Әлия
ЫСҚАҚОВА Гүлмира
САУЫРБАЕВА Жанат
ДӘУЛЕТОВА Айдана
ИБРАГИМОВА Гүлмира

Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының Алғыс хаты (Б.О.Орынтаев):
СӘБДЕНҚҰЛОВА Әсия
ӘЛИЕВА Ләззат
ҚАЛДАРБЕКОВА Жанат
ДӘУЛЕТОВА Сәлима
КЕНЖЕБЕК Нұрила

Шымкент қаласының орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің Алғыс хаты (Н.С.Жұманова).
АЙТБАЕВА Ажар
БЕКАЙДАРОВА Эльмира
АЙТУАРОВА Нұрлыхан
ӘБІЛҚАРЫ Зәкира
МУТАЛИФ Айғаным
БАЙБОСЫНОВА Арайлым
МИЛЬДАХОДЖАЕВА Айгүл
АДЫЛОВА Динара
МҰРАТОВА Айнұр
АПАШЕВА Рахия

Ә. КЕЛЕСҰЛЫ.
Шымкент қаласы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *