Шымкентте жол жөндеу жұмыстары кестеге сай атқарылуда. Жұмыстың сапалы орындалуы басты талап. Бүгінде бірқатар көшелерде құрылыс жұмыстары аяқталуға таяу. Солардың негізгілерін айта кетсек.
– Еңбекші ауданы Төле би көшесінде «Алем Транс Жол» ЖШС тарапынан орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Орташа жөндеу жұмыстарында жолдың беткі қабатын жаңарту, жарамсыз ирригациялық лотоктарды алмастыру қаралған. Көшенің ұзындығы 2,6 шақырым, енді 2х7 метр. Бүгінгі таңда, жолдың беткі асфальт қабатын жаңарту жұмыстары істелінуде. Нысанды биыл қыркүйек айында пайдалануға беру жоспарлануда.
– Әл-Фараби ауданы Түркістан көшесідегі (Әл-Фараби алаңынан Адырбеков көшесіне дейін) орташа жөндеу жұмыстарында жолдың беткі қабатын жаңарту, ирригациялық лотактарды алмастыру, жаяу жүргіншілер жолы мен велосипедшілерге арналған жол салу қаралған. Жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан көше бөлігінің ұзындығы 1,9 шақырым, ені 13 метр. Қазіргі таңда жолдың беткі қабатын асфальттау жұмыстары атқарылуда. Нысанды қазан айында пайдалануға беру жоспарда.
– Еңбекші ауданы Жібек жолы көшесіндегі (Рысқұлов көшесінен Аймауытов көшесіне дейін) орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу «СадиСтрой» ЖШС-іне жүктелген. Көшенің ұзындығы 1,2 шақырым, ені 2 х11 метр. Бүгінгі таңда жолдың беткі қабатын асфальттау жұмыстары жүргізілуде.
– Таскен тұрғын алабы, Абылайхан, Түгейболат көшелерінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар №115 мектепке баратын атауы жоқ көшеге жаяу жүргіншілер жолын орнату жұмыстары атқарылуда.
Ал, Түркістан көшесіндегі жөндеу жұмыстары қазан айында бітетін болады. Шымкент қаласында ішкі орамдағы жүргізіліп жатқан орташа жол жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен аяқталып жатыр. Бүгінде Самал-3 шағынауданындағы ұзындығы 1,5 шақырым, ені 5 метр болатын Абдраманов көшесінде орташа жол жөндеу жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді.