SILKWAY Халықаралық университетінің ұйымдастыруымен және Халықаралық Балтық академиясы(Латвия), Ж.Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университеті (Қырғызстан), Новосібірхалықаралық білім беру орталығы NICE (Ресей) оқу орындарының қолдауыменжелтоқсан айының 11 жұлдызында «ЖОҒАРЫ БІЛІМ САПАСЫ-ЕЛДІҢ ЗИЯТКЕРЛІК ДАМУЫНЫҢКЕПІЛІ» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы болып өтті.
Конференция мақсаты жоғары білім беру саласының өзекті мәселелері, мемлекеттің зияткерлік әлеуетін қалыптастыру мен дамытудағы жоғары білімнің рөлі мен маңызы, білім беру сапасы, ЖОО-ның академиялық дербестігі және оның мәселелері туралы ғалымдардың зерттеу нәтижелері мен тәжірибелі мамандардың ой-пікірлерін, ұсыныстарын ортаға салу және ғалымдардың ғылым мен білімді дамытуға қосқан үлесін насихаттау болып табылады.
Конференцияға Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының вице-президенті, ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессоры Кәрімбек Арыстанбекұлы ҚҰРМАНӘЛИЕВ, Astana IT университетінің бірінші проректоры Өмірбаев Серік Мәуленұлы, «Қайнар» Академиясының президенті, Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының вице-президенті, физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор Еренғайып Сәліпұлы Омаров, Тұран-Астана университетінің профессоры, заң ғылымдарының кандидаты Иманбаев Серік Мауленұлы, Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, техника ғылымдарының кандидаты Тұрашев Ақжайық Сейітқонжаұлы арнайы келіп қатысты. Ал, Еуропа қайта құру және дамыту банкінің сарапшы-консультанты, Дублин технологиялық университетінің экс-вице президенті Пол Салливан (Ирландия), п.ғ.д., Вильнюс университетінің профессоры (Литва, Вильнюс қ.) Римантас Жялвис, Қаржы академиясының ректоры, п. ғ.к., қауымдастырылған профессор, Жоғары білім беруді реформалау ұлттық командасының мүшесі Скиба Марина Александровна және алыс-жақын шет елдерден Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Литва мемелекетінің ғалымдары онлайн қатысты.
«Әділет – ақпарат».