ЖУРНАЛИСТЕРДІ ЖАҚСЫЛЫҚТЫ КӨБІРЕК ЖАЗУҒА ШАҚЫРАМЫН

Қоғам
1 288 Views

Малика АБДАЛИЕВА, «Меdiaon.kz» ақпараттық-сараптамалық құқықтық агенттігінің директоры-бас редакторы, «Қазақстанның құрметті азаматы»  қоғамдық «Марапат»  орденінің иегері:

ЖУРНАЛИСТЕРДІ ЖАҚСЫЛЫҚТЫ КӨБІРЕК ЖАЗУҒА ШАҚЫРАМЫН

Шымкент қаласы әкімдігінің қазіргі құрамы мықты кадрлардан жасақталған. Солардың ішінде Отбасы және жастар басқармасынан келген Жандос деген жігіт  бар. Ол Өмір Шыныбеков ағамыздың мектебінде тәрбиеленген. Оның айтуынша, өздері білім алған мектепте қатаң тәртіп орнатқан.

Жалпы, барлық басқарма өз жұмыстарын ойдағыдай атқаруда. Мысалы, Бейсен Жанбосынов мықты мамандардың бірі. Ол  қаланың жылуы мен жарық мәселесіне жауап береді. Қайрат Мырзақұлұлы да білікті маман, мықты саясаткер. Қызметке жаңадан келген облыс әкімдігінің аппарат басшысы Әлімқұлов, тағы бір мықты кадр Рашид Аюпов та  іскер азаматтар. Шымкент қалалық білім басқармасының басшылығына келген Ақерке Абылайхан  жан-жақты білімді, қазақша өте сауатты жан екен.

Жалпы, мен журналистер қауымын бірлікке, берекелі тірлікке  шақырамын. Елбасының сарабдал саясатын жүйелі түрде жүзеге асырып отырған қазіргі Шымкент қаласы әкімдігі аппараты мен білім басқармасының атқарған  игі істері жайында көбірек жазып, қалың жұртшылыққа насихаттай беретін болайық.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *