ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 81 КӨШЕ ТОЛЫҚ ЖӨНДЕУДЕН ӨТКІЗІЛЕДІ

Қоғам
632 Views

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалық етуімен өткен апталық мәжілісте өңірдегі құрылыс қарқыны мен Мақтаарал ауданындағы төтенше жағдайдың салдарынжою барысы жайлы айтылды. Мырзакент шағын аудандағы жаңа 386 үйдің 125-деқұрылыс жұмыстары толық аяқталған. Фирдауси мен Өргебас ауылдарында да жаңабаспаналар бой көтерген. Ондағы инфрақұрылымдар жаңартылуда. Өмірзақ Естайұлысала басшыларына бекітілген кестені басшылыққа ала отырып, барлық құрылыснысандарындағы жұмыстарды жіті бақылауды тапсырды.

Түркістанда биыл пайдалануға берілетін ірі нысандардың құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Тұңғыш Президент саябағы, Арбат, Қ.А.Ясауи мен Рәбия Сұлтан Бегім кесенелерін қалпына келтіру, Мәдени-рухани орталығының инженерлік инфрақұрылымының құрылысы мен абаттандырылуда. Сондай-ақ Әзірет Сұлтан қорық мұражайының аумағын абаттандыру, Күлтөбе көне қонысының тарихи орындарын қалпына келтіру, желілік саябақ, Кеңсай-Қосқарған-2 су қоймасы, сауықтыру кешені, Шошқакөл көлдер жүйесін жаңғырту және дендросаябақ нысандары бойынша құрылысы жүргізіліп жатыр.

Биылғы жылы жол инфрақұрылымын дамыту мақсатында әкімшілік-іскерлік орталығына іргелес орналасқан, яғни, инфрақұрылымы толық аяқталған жерлерде 106,3 шақырым құрайтын 81 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізу жоспарланған болатын. Бүгінде 70 көшеде сарқынды су жүйесіне арналған футляр орнату, жол негізін даярлау, аяқ жолдардың жиектастарын орнату жұмыстары жүргізілуде. 60 көшеде асфальт төселіп, басым бөлігінде аяқжолдар жүргізілген. Күрделі құрылыс нысандарының аумағында және оларға іргелес жатқан 11 көше бойынша жөндеу жұмыстары күзге дейін аяқтау жоспарланған.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *