ЖҮЗІҢІЗ ЖАРЫҚ, ЖАНЫҢЫЗ ТАЗА ЕДІ, УӘЛИХАН АҒА!

Өмір-өзен
753 Views

Ұлтымыздың тұнып тұрған қаймағы – оңтүстікте туып, өнерді өмірім деп қабылдаған, елімізге аты мәлім рухани кемел тұлғалар Сатыбалды Нарымбетов, Бақытжан Әшірбаев, Әселхан Қалыбекова, Ертай Бекқұл, Қалыбек Атжан, Аягүл Мантай, Бақытжан Әшірбеков, Айбол Әлібек, Мұхтар Атабек сынды исі қазақ білетін бауырларымыз биыл дүниеден озды.

Тағы да сол зиялы қауымның қатарын ойсыратып, өмірдің базарынан мәңгі дүниенің бақиына сапар шеккен Уәкең – Уәлихан Қожақ ағамыздың қазасы санымызды сілкіп, ойымыз он орап терең тұңғиыққа батырды. Телевидение мен радиода қоңыр үні мен сабырлы келбеті енді естелік боп қалардай… Жалпы журналистиканың сұр шинельді жауынгері атанған Уәлихан Қожақ ағамыздың орны біз үшін бөлек. Кеше ғана редакциямызға бас сұғып, келелі әңгімесін өрбітіп, қаламынан туған кесек дүниелерін жас буынға көрсетіп қауқылдасқан бейне бүгін жоқ. Әттең, шолақ дүние-ай!

Сізді Өзіңізсіз осылай тебірене еске алып, қайран шығармашылық естеліктеріңізбен бөлісетін күн келгені ме?! Батырға оң-солы бірдей деген, журналистік ғұмырыңызда газет-журналды да, телевидениені, радионы да жатсынбай, әрбір саласында өшпестей із қалдырғаныңыз бүгінгі буынды тамсандырар еңбек. Тек кеше ғана арамызда болып, бүгін келместің кемесіне мініп кеткеніңіз өкінішті… Сіз біздің мәнгі жадымыздасыз, әрі жүрегіміздесіз!

Жаныңыз жәннатта болсын, бақұл болыңыз, аға!

«Әділет. Рухани жаңғыру» газетінің ұжымы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *