Әлеуметтің әлеуетін көтеру, бұқараны жұмыспен қамтумақсатында елімізде көптеген бағдарлама қабылданып жатыр. Ал солбағдарламаларда көрсетілген міндеттерді орындап, жоспарларды жүзеге асыру – жергіліктібиліктің міндеті екені даусыз. Бағдарламаларды мейлінше ел игілігіне жарату дабасты мақсат болуы тиіс. Бүгіндегі жаһандану заманында кез келген мемлекеттіңәлеуетін көрсететін, бәсекеге қабілеттілігін танытатын негізгі көрсеткіштердіңбірі – сол елдегі әлеуметтік жағынан және де жұмыспен қамтылған халықтың үлесі.Осы ретте тұрғындардың жағдайын көтеру мақсатында елімізде бүгінде көптегенкәсіпкерлік, жұмыспен қамту сияқты әртүрлі бағытта ауқымды шаралар іскеасырылуда. Анығын айтсақ, Президенттің Жолдауы және Елбасының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» материалы, мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсартушараларының орындалуы мен мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде жаңа жұмысорындарын құру Түркістан облысында өз деңгейінде жүргізіліп жатыр.
«Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі халықты әлеуметтік қорғау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. Қызмет бағыты – аз қамтылған азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету, мүгедектерді әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту және көші-қон.
Халықтың жұмыспен қамтылуы – бүгінгі күннің басты талабы.Осы орайда Түркістан облысында ілкімді шаралар қолға алынған. Бұған әрине,мемлекеттік бағдарламалар үлкен серпін беруде. Жағдаймен жақынырақ танысу үшінбіз тиісті Түркістан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалары жөніндегі басқарма басшысы Әсия Темірбаевамен тілдесіп,атқарылып жатқан ауқымды шаралар барысы жайында көкейімізде жүргенсауалдарымызға нақты жауап алдық.
Түркістан облысында бағдарламалар шеңберінде жаңа жұмыс орындары ашылып жатыр. Жұмыс іздеген жұрт Жұмыспен қамту орталығы арқылы еңбекпен қамтамасыз етілуде. Мемлекеттік бағдарлама облыс басшылығының қатаң бақылауында. Бағдарлама аясында бірқатар ірі инфрақұрылымдық нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр.
Шырғалаң күйге түсірген карантин кезінде алдымен ағайынның амандығы назарға алынып, шаруаның көбі тұралап қалды. Мұны жасыруға болмас. Дей тұрғанмен, жұрттың нәпақасыз қалмауы үшін мүмкіндігінше жағдай жасалып-ақ жатыр. Бұл бағытта киелі Түркістанда біраз жұмыс жүйелі ұйымдастырылып, еңбекке тартылған тұрғындардың қатары да көбейген.
Статистиканы сөйлетсек, 2020 жылдың қорытындысымен облыстың жұмыс күші 821,8 мың адамды құрады, оның ішінде 779,3 мың адам жұмыспен қамтылғандар, 421,6 мың адам жалдамалы жұмысшылар, 357,7 мың адам өздігімен жұмыспен қамтылғандар.
Халықты нәтижелі жұмыспен қамту өз жемісін беруде. Жеке кәсіп ашып, нәпақасын табуға үкімет қолдау көрсетіп келеді. Атап айтқанда, Түркістан облысында 2021 жылы осы мақсаттағы Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға 17 570,1 млн. теңге қаржы қаралып, 73 996 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру, оның ішінде 43714 адамды бос және жаңа жұмыс орындарына, 1140 адамды (146,9 млн. теңге) қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жолдау, 704 адамға шағын несие (3700,0 млн.теңге) беру, 3650 адамды «Бастау-бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, 3200 адамға (1 866,8 млн.теңге) мемлекеттік грант беру, 3050 адамды (1 006,5 млн.теңге) әлеуметтік жұмыс орындарына, 5390 адамды (2 358,4 млн.теңге) жастар практикасына, 12947 адамды (8 397,1 млн.теңге) қоғамдық жұмыстарға, 198 адамды (92,4 млн.теңге) «Алғашқы жұмыс орны» жобасына, 3 адамды (2,0 млн.теңге) мүгедектерге арналған арнайы жұмыс орнына жолдау жоспарланған.
Облыста жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтуға және кәсіп бастауға жан-жақты қолдау шаралары атқарылуда. Мәселен, 2021 жылдың 1 сәуіріне нақты 23 972 адам жұмыспен қамту шараларына қатысып, бөлінген қаржының 2 021,8 млн. теңгесі немесе 11,5 пайызы игерілген.
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының мәліметінше, бағдарламаның басты мақсаты – халықты нәтижелі жұмыспен қамту, кәсіпкерлікке тарту және тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту. Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде (Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету) қысқа мерзімдік оқу бойынша 22 мамандық пен 36 біліктілік курстарының тізбесі жасақталынып, мамыр айына жоспарланған халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссия отырысына ұсынылады. 2018-2020 жылдар аралығында техникалық және кәсіптік білім беру бойынша жолданған жалпы 5 264 адам оқуын жалғастыруда.
Бағдарламаның екінші бағыты (Жаппай кәсіпкерлікті дамыту) шеңберінде «Бастау Бизнес» жобасы бойынша Басқарма мен «Атамекен» Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасының екіжақты келісімі негізінде кәсіпкерлік негіздеріне оқыту кестесі бекітілді.
Бекітілген кестеге сәйкес оқу 2021 жылдың 26 сәуірінде басталып, 5 ағымда (1 ағымда 730 адам) жүргізіледі. Жалпы «Бастау Бизнес» жобасына қатысушылардың орта есеппен 66,4%-ы (485 адам) әлеуметтік және әлжуаз топқа жататын азаматтар қатарынан оқытылатыны көзделді.
Бүгінгі таңға шағын несие бойынша Қаржы министрлігі мен жергілікті атқарушы органның арасында жасалған орталықтандырылған (директивтік) кредиттер бойынша өтелмеген берешектің болуына байланысты Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі тарапынан кредиттік келісімдерге қол қойылмаған.
Осыған орай, шағын несиелеу жұмыстарын мамыр айынан бастап жүргізу жоспарлануда.
Мемлекеттік грант 369 адамға (12,0%) беріліп, бөлінген қаржының 215,3 млн.теңгесі немесе 11,5 пайызы игерілді.
Айта кетер тағы бір ақпарат мемлекеттік грант алған 369 азаматтардың ішінде 76 жастар, 5 мүгедегі бар азаматтар, 163 адам аз қамтылған қатарынан, 49 адам көп балалы отбасылардың мүшелері, 76 басқа санаттағы азаматтар.
Грант алушылардың 200 адамы (54,2%) кәсіпкер ретінде тіркелді, қалған 169 адам бірыңғай жиынтық төлем төлеушілер.
Бағдарламаның үшінші бағыты (Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту) аясында 23 603 адамға жұмыспен қамту шаралары көрсетілді, яғни 6711 адам бос және жаңа жұмыс орындарына орналасты, 3 452 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жолданып, бөлінген қаржының 178,5 млн. теңгесі немесе 17,7 пайызы игерілген, 2 403 адам жастар практикасына жолданып, игерілген қаржы 350,5 мың теңгені немесе 14,9 пайызды құрады. 11 037 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға жолданып, 1277,1 млн.теңге қаржы игерілді.
«Nur Otan» партиясының 2021-2025 жылдарға арналған «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлау алды бағдарламасында «Алғашқы жұмыс орны» жобасын Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының үшінші бағыты шеңберінде жүзеге асырылады. Жобаны іске асыру мақсатында облыстық бюджеттен 198 адамға 92 410,5 мың теңге қаржы қарастырылған. Аталған жобаны 2021 жылдың мамыр айынан бастап жүзеге асыру көзделуде.
Сонымен қатар, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының үшінші бағыты аясында халқы тығыз орналасқан Оңтүстік облыстардан жұмыс күші жетіспейтін Солтүстік өңірлерге Түркістан облысынан 2021 жылдың 1 сәуіріне 51 отбасы, яғни 201 адам қоныс аударды. Толығырақ айтар болсақ, Қостанай облысына 12 отбасы (54 адам), Павлодар облысына 15 отбасы (74 адам), Солтүстік Қазақстан облысына 24 отбасы (73 адам) қоныс аударып, квотамен көшу үшін берілетін субсидиямен қамтамасыз етілуде.
Жыл басынан облыстан қоныс аударған 201 адамның 92-сі еңбекке қабілетті болса, оның 81 адамы немесе 88,0 пайызы жұмыспен қамтылған. Қалған 120 адам бала күтіміндегі және үй шаруасындағы азаматтар.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 2020 жылдың қорытындысымен жұмыссыздық деңгейі 5,2 (жоспар 6,1%), жастар жұмыссыздығы 3,4 (жоспар 5,6%), әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі 6,1 пайызды құрады.
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бағыты бойынша Түркістан облысында 95 мың мүгедектігі бар азаматтар есепте тұр. Бұл республикадағы мүгедектердің 13,4 пайызын құрайды.
2021 жылы бұл мақсатқа барлық деңгейдегі бюджеттер есебінен 8,4 млрд. теңге бөлінді. Бөлінген қаржының шегінде жылдың соңына дейін 47,4 мың мұқтаж азаматтар 70 мыңға жуық техникалық оңалту құралдарымен және әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз етілетіні күтілуде.
2021 жылдан бастап цифрландыру шеңберінде әлеуметтік салада бірқатар жаңалықтар енгізілді. Атап айтқанда, жылдың басынан бастап «Әлеуметтік қызметтер порталы» толығымен іске көшті. Портал мүгедектігі бар азаматтар үшін оңалтудың жеке бағдарламасының шеңберінде көрсетілген оңалту шараларын тікелей тауарлар мен қызметтер көрсететін өнім берушілерді өз таңдауымен алуға мүмкіндік алды.
Бүгінгі таңда Портал арқылы 16538 азамат тапсырыс беріп, олардың ішінде 4064 адам оңалту құралдарымен, 5800 адам әлеуметтік қызметтермен қамтылды. Оның ішінде 3512 адам міндетті гигиеналық құралдармен, 221 адам сурдотифло-құралдармен, 331 қоларбалармен, 1605 азамат санаторлық-курорттық емделумен қамтамасыз етілді және 4195 азамат жеке көмекшілер мен ымдау тілі маманы қызметтерін алуда. Нәтижесінде облыс бойынша мүгедектігі бар азаматтарды оңалтудың жеке бағдарламаларының 0,8% қамтамасыз етілді. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 85%-ға жеткізу жоспарланып отыр.
Одан бөлек, қазіргі таңда, мүгедектігі бар азаматтар «Халыққа қызмет көрсету» орталықтары, «Egov» жүйелері арқылы өтініш берумен қатар, оңалту шараларын проактивті қызмет түрінде өтінішсіз алу мүмкіндігіне ие болды. Бүгінгі күнге проактивті қызмет түрін 10195 азамат алды.
– Маңызды бағыт ретінде олар үшін қолжетімді орта құруға үлкен көңіл бөлінуде. Облыс бойынша мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолжетімді орта құру мақсатында паспорттаудан өткен 3428 әлеуметтік инфрақұрылымдық объектілердің 84,3%-ына немесе 2891(оның 1847 мемлекеттік, 1044 жеке меншік) объектіге бейімдеу жұмыстарын жүргізу белгіленген. 2020 жылы жоспарланған 2868 нысанның 99,2 пайызы реттелді (2 848 нысан).
Дегенмен, нысандардың көпшілігі бейімдеуден өткенімен, тек пандустармен шектелген. Бұл бағыттағы жұмыстарды күшейту, сондай-ақ, Түркістан қаласын жаңа қала ретінде кедергісіз қалаға айналдыру мақсаты қойылды. Осы ретте, «Қолжетімді Қазақстан» республикалық жобасының аясында Түркістан қаласындағы нысандарға қоғамдық ұйымдардың мониторингілеу қорытындысына сәйкес бірқатар кемшіліктер айтылып, нәтижесінде 2021 жылға «Қолжетімді Түркістан» кешенді іс-шаралар жоспарының жобасы әзірленіп, бекітілу үстінде.
2021-2025 жылдары «NUR OTAN» партиясының «Өзгеру жолы: әрқайсысына лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасына сәйкес барлығы 1294 нысанды, оның ішінде 2021 жылы 259 объектіні бейімдеуден өткізу жоспарланып отыр.
Жүйелі жұмыстар әлі де жалғасуда, — деді басқарма басшысы.
Саралап қарар болсақ, мемлекеттік бағдарламалардың шарапаты халыққа тиіп жатыр. Расында да, елімізде аталған бағдарламалар қабылданған кезде баршамыз аспанға бөркімізді атып қуандық. «Екі қолға бір күрек» таппай жүргендер жұмысқа орналасса, қайтарымсыз несие алып, өз кәсібін бастаса, мемлекет тарапынан беріліп отырған басқа да мүмкіндіктерді пайдаланып қалса тұрғындарға ең қажеті осы болмақ. Мемлекеттік бағдарламаларды іске қосу – пандемия кезінде жұмыспен қамту шараларының бірі. Басты мақсат – жұмыссыздыққа жол бермеу және қосымша жұмыс орындарын құру.
Қоғамның әлеуметтік қорғау деңгейі мемлекеттің ұлттық байлығы, әлеуметтік-экономикалық дамуымен қабат әлеуметтік қорғау механизмдерін жетілдіру жағдайымен бағамдалады.
Бұл орайда, қоғамның экономикалық белсенділік әлеуетін сақтау мен арттыру, азаматтардың экономикалық белсенділігін қамтамасыз ету алдыңғы кезекті міндет.
Қорыта айтқанда, жұмыссыздықпен күресу мақсатында мемлекеттен түрлі қолдаулар көрсетіліп келеді. Бағдарлама бойынша орта жас пен жастарды, әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды жұмысқа ынталандыру, мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сапасын жақсарту мақсатында жұмыс жасап жатқан Түркістан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалары жөніндегі басқармасының бүгінге дейін көпке көрсеткен игілігі осындай.
Осы жерде көпшіліктің назарына сала кететін бір жай, облыстағы бос орындарға мамандығыңыз сәйкес келіп жатса, ондағы мамандар сіздерді жұмыспен қамтамасыз ете алады.Тек қажетті құжаттарыңызды жинап, уақытында тапсырсаңыздар жетеді.
Мемлекеттің қазіргі жүргізіп жатқан жұмыстарына қарасақ, экономикамыз дамыған сайын мемлекеттің әлеуметтік салада ұстанған саясаты да барған сайын тереңдеп, қанатын кеңге жаймақ. Еліміздің денсаулық сақтау, білім беру, халықты әлеуметтік қорғау, еңбекпен қамту салаларына көп қаржылардың бөлінуі соның дәлелі. Жаңа заман бейнесіндегі жаңа Қазақстан, барыс бейнелі Қазақстан осылайша бірте-бірте қалыптасып келеді.
Иә, «Еңбек деген байлық бар, ерінбеген жетеді» демекші, елімізде жұмыс істеп қаражат табамын деген жанға барлық жағдай жасалған. Ең бастысы ниет түзу болса болғаны.
Аягөз ДҮЙСЕНБАЕВА
Түркістан – Шымкент