Ж.ТӘЖИЕВА – БҰРЫНҒЫДАН ДА ЖАУАПТЫ ҚЫЗМЕТТЕ

Құттықтаймыз
1 120 Views

Шымкент қалалық білім бөлімін   8 жылдай басқарған Жанат ТӘЖИЕВАНЫ Оңтүстік жұртшылығы жақсы біледі. Жанат Арысбекқызы білікті ұстаз, білім беру саласында 30 жылдан аса уақыт бойы жемісті еңбек етіп келеді. Жақында Шымкент қаласының әкімі Н. Сауранбаев және басқа да әріптестері мен ұстаздар қауымы өкілдері оны салтанатты жағдайда жаңа қызметке шығарып салды. Енді ол ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Оңтүстік Қазақстан облысының білім саласындағы бақылау департаментін басқаратын болды. Бұл – жауапты қызмет. Оған басшы тағайындау конкурс арқылы іріктеледі. Ж. Тәжиева кандидатқа қойылатын сынақтан мүдірмей өтті.

«Әділет. Рухани жаңғыру» газетінің ұжымы Жанат Арысбекқызын жаңа қызметімен құттықтап, әрқашан еңбегінің жемісті болуына тілектестік білдіреді.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *