Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес ауданға инвестиция тарту жұмыстарын жүйелі, қарқынды жүзеге асырумақсатында Жетісай ауданында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда.
Биылғы жылдың соңына дейін ауданға жалпы 40,8 млрд. теңгеге инвестиция тарту жоспарланса, биылғы жылдың бірінші тоқсанында 4148,9 млн. теңгені құраған негізгі капиталға бағытталған инвестицияның 3866,1 млн. теңгесі бюджеттік емес инвестициялар болып табылады. Бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 6,1 есе, ал жоспардан 5,4 есе артық орындалып отыр.
Жыл соңына дейін ауданда жалпы соммасы 8,2 млрд. теңгені құрайтын 29 инвестициялық жобаны іске асырып, 625 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланса, оның 6,6 млрд. теңгесі білім, денсаулық, спорт, туризм секілді қызмет көрсету саласындағы 23 жобаға, 1,5 млрд. теңгесі өндірістік санаттағы 5 жобаға бағытталатын болады.
Нақтырақ айтар болсақ, Жетісай қаласында жылына 500 мың жұп аяқкиім шығаратын «Ұлықбек» аяқкиім цехы жобасының құрылысы жүргізіліп жатса, құны 350 млн. теңгені құрайтын «Тоқыма емес мата өндірісі» цехының құрал-жабдықтары орнатылуда. Жоба аясында жылына 1,8 млн. тоқыма емес мата өндіру көзделуде.
Сонымен қатар, Ш.Ділдәбеков ауылдық округінде іске қосылуы жоспарланған 300 млн. теңгелік «Бетон зауыты» жобасының құрылыс-монтаж жұмыстары толығымен аяқталып, құжаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Зауыт іске қосылған соң сағатына 100 текше метр бетон өндіріледі.
Аудан кәсіпкерлерінің жеке инвестициялық салымдары есебінен Мақталы ауылдық округінен құны 100 млн. теңгені құрайтын «Мақталы Жер» ЖШС-нің «Бақша өнімдерін қайта өңдеу цехы» жобасы, Ж.Ералиев ауылдық округінде «Тұран Мақта» ЖШС-нің 300 млн. теңге болатын 10 мың тонналық «Мақта шикізатын өңдеу зауыты» жобасы іске асырылатын болады.
– Ауданға инвестиция салуға ниетті кез-келген кәсіпкерге аудан әкімдігі тарапынан барынша қолдау көрсетуге, жан-жақты сүйемелдеуге, кәсіпорын салушы азаматтарды қажетті инфрақұрылымдармен толықтай қамтамасыз етуге мүдделіміз, – дейді Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов.
Айта кетейік, өткен жылы жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде ауданда негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі 15053,9 млн. теңгеге жеткен. Оның 8771,6 млн. теңгесі бюджет есебінен болса, 6133,3 млн. теңгесі жеке қаражат есебінен тартылған.
ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ
Өңірде жергілікті тұрғындармен кездесулерде көтерілген мәселелер кезең-кезеңімен оң шешімін тауып жатыр. Осыған дейінгі Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытовтың Ж.Ералиев ауылдық округі тұрғындарымен өткен есептік кездесуінде округке қарасты Абай елді мекені, Бірлік көшесінің тұрғыны Бекжан Усманов жолға байланысты мәселе көтерген еді. Ол мүмкіндігі шектеулі, жүріп-тұруы қоларбаға тәуелді екендігін айтып, кедергісіз орта қалыптастыру мақсатында көшені асфальттап беруді сұраған болатын. Айтылған өтініш бойынша берілген уәде орындалды.
Қазіргі таңда аудан басшысының тікелей бақылауымен «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Абай және Арай елді мекендеріндегі көшелерге жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жыл соңына дейін Арай, Абай және Үтіртөбе ауылдарында 442,9 млн. теңгеге жалпы 9 көше орта жөндеуден өтеді.
Бұдан бөлек, елді мекендерді су басу қаупінің алдын алу бойынша Бәйтерек және Сейфуллин ауылдарынан арық-атыздар қазу жұмыстарына 8,8 млн теңге бөлінді. Ал Бәйтерек елді мекенінен дәрігерлік амбулатория салу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге 10,9 млн. теңге, Көктөбе елді мекенінен фельдшерлік-акушерлік пункт салу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге 8,3 млн. теңге қаралған.
Елді-мекендердегі инфрақұрылымды дамыту жұмыстары қарқын алды. Сейфуллин елді мекенінің ауыз су жүйелерін қайта құруға 610,6 млн. теңге, Жазықсай елді мекеніндегі ауыз су құбырларын ағымдағы жөндеу, ауыз су жәшіктерін орнату жұмыстарына 25 млн. теңге бөлінді. Жаңадан түскен Арай, Абай, С.Сейфуллин, Жетіқазына, Үтіртөбе, Көктөбе, Бәйтерек, Ғ.Мұратбаев көшелеріне электр желілерін жүргізуге және трансформатор (КТП) орнату үшін жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге 6,5 млн.теңге қаралды. Ғ.Мұратбаев ауылының газ өткізгішінің құрылысына (түзету) 60,4 млн. теңге, Жетіқазына, Ә.Әлімбетов елді мекендерінің газ өткізгіш құрылысына жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге 4,9 млн. теңге қаралды. Сондай-ақ Бәйтерек ауылындағы спорт алаңшаның құрылысына 11 млн. теңге, Үтіртөбе ауылындағы бассейн және балалар алаңшасын салуға 18,7 млн. теңге жергілікті бюджеттен бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылып жатыр.
ӘУЕЖАЙ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖОЛ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН
Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен 2020-2023 жылдары «Түркістан қаласына Кентау қаласынан кіреберіс жолды қайта құру» нысанының жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Жобаға сәйкес жолдың ұзындығы 26 шақырымды құрайды. Бүгінгі таңда жолдың жоғарғы қабаты, майда түйіршікті асфальтобетон жабындысы салынып жатыр. Нысан биыл қыркүйек айында толығымен пайдалануға берілмек.
Еске сала кетсек, мердігер мекеме «Корпорация Береке А» ЖШС, авторлық қадағалаушы мекеме — «Алматы Жоба» ЖШС, техникалық қадағалаушы мекеме — «Ер-гарант строй» ЖШС.
ТӨЛЕБИДЕ 59 КӨШЕ ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕДІ
Төлеби ауданында биыл жалпы 1268, 9 млн. теңгеге 66,7 шақырымды құрайтын 59 көше жөндеуден өтеді. Оның ішінде, «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 835,6 млн. теңгеге 38,4 шақырымды құрайтын 29 көше, аудан бюджеті есебінен 433,9 млн. теңгеге 28,5 шақырымды құрайтын 30 көше орта жөндеуден өтпек.
Қазіргі таңда Аққұм ауылдық округіндегі Әли ата, Қасқасу ауылдық округіндегі Қуандық және О.Тәжібайұлы, Алатау ауылдық округіндегі М.Махатаев, Көсәйек ауылдық округіндегі Төлеби көшелерін жөндеуден өткізу үшін конкурс қорытындысы алынып, мердігер мекемемен келісім-шарт түзу жұмыстары басталды. Қалған жолдарды жөндеу үшін мемлекеттік сатып алу порталында конкурс өткізіліп жатыр.
2023 жылдың қорытындысымен облыстық маңызы бар жолдарды 99,5%-ға, аудандық маңызы бар жолдарды 90,3%-ға, елді мекендердің ішкі көшелердің қанағаттанарлық жағдайын 80,1%-ға жеткізу жоспарлануда.
Осы жылы аудан аумағында жалпы көшелерді абаттандыру, аяқжол салу, елді мекеннің атауы жазылған арка орнату және заманауи балалар ойын алаңшасын салу бойынша 180156,0 мың теңгеге 12 нысанның құрылысы жүргізіледі. Бүгінде Ленгір қаласы, Төлеби көшесінен Аманкелді көшесіне дейінгі аралыққа, Төлеби көшесіне, І мөлтек ауданындағы 230 метр жерге аяқжол салу жұмыстары қарқын алды. Бұдан бөлек, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, Төле би көшесінің бойындағы екі қабатты тұрғын үйлердің қасбеттерін ретке келтіру жұмыстары жүргізілуде.
САРЫАҒАШТА 97 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛЕДІ
Сарыағаш ауданында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында елді мекендердің жолдары жөнделіп, көшелері жаңартылуда. Биыл Құркелес ауылдық округіне қарасты 3 елді мекеннің, 15 көшесіне орташа жөндеу жұмыстары басталды.
Осыған орай, аудан әкімі Арман Абдуллаев Құркелес ауылдық округі, Ақниет елді мекеніне арнайы барып, Аль-Фараби, Қажымұқан, №1, М.Мақатаев, Т.Аубакиров көшелеріндегі жол жөндеу жұмыстарын жаяу аралап көрді.
Жол құрылысымен танысқан аудан басшысы құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер мекеме өкіліне жол құрылыстарының сапасына сараптама жасатып қорытындысын алу қажет екенін ескертті. Сонымен қатар тиісті бөлім басшысына аталған елді мекендегі Пупащенко көшесіне асфальт төсеу жұмыстарын уақытылы, сапалы аяқтауды тапсырды.
Жалпы биылғы жылы аудан бойынша 60 көшенің 97 шақырымына орташа және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Оның ішінде: «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 21 көшенің 41,4 шақырым көшелерге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Ал аудандық бюджеттен 38 көшенің 55,2 шақырымына орта және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қаржы бөлінген. Нәтижесінде елді мекендердегі ішкі көшелердің жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 58%-дан 66%-ға арттыру күтілуде.
АУЫЛДАРДА ЖОЛДАР ЖАҢАРУДА
Арыс қаласында «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында игілікті істер атқарылуда. Аталған бағдарлама шеңберінде Сырдария және Атамекен елді мекендерінде 24 көшеге, яғни 9,8 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.
Қазіргі таңда, Сырдария елді мекенінде 11 көшенің негізгі қабаттары күшейтіліп, 2 қабатты асфальт төсеніші салынуда. Аталған бағдарламаның шарапатын Арыстан алыстағы Атамекен елді мекені жұрты да көреді. Мұнда дәл осындай 13 көше орташа жөндеуден өтпек.
Бұдан бөлек, Арыс қаласының ішкі көшелеріне асфальт төсеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Яғни, биыл бес шақырымды құрайтын қала ішіндегі 21 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу процестері жүргізілуде.
Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында автомобиль жолдары күтіп-ұстауға тиісті қаржы бөлініп, ішкі көшелерге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұдан бөлек, 1808 шаршы метр жаяу жүргіншілерге арналған жолақ пен 58,6 шақырым қарама-қарсы бағытты айқындайтын сызба сызу жұмыстары жоспарланған.
АУДАНДА 97 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛЕДІ
«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында аудан аумағындағы елді мекендердің жолдары жөнделіп, көшелері жаңартылуда. Ағымдағы жылы Құркелес ауылдық округіне қарасты 3 елді мекеннің, 15 көшесіне орташа жөндеу жұмыстары басталды.
Осыған орай, Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Құркелес ауылдық округі, Ақниет елді мекеніне арнайы барып, Аль-Фараби, Қажымұқан, №1, М.Мақатаев, Т.Аубакиров көшелеріндегі жол жөндеу жұмыстарын жаяу аралап көрді.
Жол құрылысымен танысқан аудан басшысы құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер мекеме өкіліне жол құрылыстарының сапасына сараптама жасатып қорытындысын алу қажет екенін ескертті.
Сонымен қатар, тиісті бөлім басшысына аталған елді мекендегі Пупащенко көшесіне асфальт төсеу жұмыстарын уақытылы, сапалы аяқтауды тапсырды.
Жалпы ағымдағы жылы аудан бойынша 60 көшенің 97 шақырымына орташа және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Оның ішінде: «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 21 көшенің 41,4 шақырым көшелерге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Ал, аудандық бюджеттен 38 көшенің 55,2 шақырымына орта және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қаржы бөлінген.
Нәтижесінде елді мекендердегі ішкі көшелердің жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 58%-дан 66%-ға арттыру күтілуде.
ЖҮЗ ПАЙЫЗ АСФАЛЬТ ЖОЛМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
Ағымдағы жылы Жартытөбе ауылының 2 көшесі мен Аққолтық елді мекенінің 5 көшесіне асфальт төселіп, осылайша ауыл округке қарасты елді мекендердің ішкі көшелері 100 пайыз қамтылатын болады. Сондай-ақ осы жылы Бабата елді мекенінде Б.Есжанов көшесі мен Жартытөбе ауылының Иманқұлұлы көшесіне аяқ жолмен қоса көше жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп, халық игілігі үшін іске қосылды. Алдағы айда тұрғындар сұранысына орай Бабата елді мекенінде «Беккери» шұңқырының құрылысы басталып, пайдалануға беріледі. Бұдан бөлек Жартытөбе елді мекенінің кіші футбол алаңының газоны ауыстырылып, қоршауы 1,5 метр биіктікке көтеріледі. Бұл туралы бүгін аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Жартытөбе ауыл округі тұрғындарымен өткізген есептік жиында мәлімдеді.
Жиында тұрғындар атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, алдағы уақытқа бірқатар ұсыныс-пікірлерін жолдап, көкейдегі сұрақтарын жеткізді. Көтерілген сауалдардың маңыздылығы ескеріліп, сала мамандары тарапынан жауап беріліп, қосымша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Есептік кездесу соңында тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Жауапты мамандармен айтылған мәселенің шешу жолдарын жан жақты саралап, тиісті тапсырмалар жүктеді.
КӨШЕЛЕР ЖАРЫҚТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
Ағымдағы жылы Таукент кент округінде тұрғындар сұранысына орай бірқатар жұмыстар атқарылуда. Кент округте 11 көше жарықтандыру жұмыстарымен қамтылады. Атап айтсақ, Жыныс ата, Мыңжылқы, Мәңгілік ел, Болашақ, Тұран, Қаратау, Қ.Сәтбаев, Е.Ерімбетов, Бәйтерек көшелеріне жарықтандыру жұмыстары жүретін болады. Демеушілер есебінен Геологтар, Бейбітшілік, Тәуелсіздік көшелерінде қамту жоспарлануда. Бұдан бөлек Таукент кентіндегі Геологтар көшесіне дейінгі арақашықтыққа жаяу жүргіншілер жолы салынып, «Орталық» саябақ пен кент ішіндегі көпқабатты тұрғын үйлердің ауласына жарықшамдар қойылады. Бұл жөнінде Созақ аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Таукент кент округі тұрғындарымен өткізген есептік жиында мәлімдеді.
Жиын барысында тұрғындар аудан көлемінде атқарылған жұмыстарды тыңдап, келелі жоспарлардан хабардар болды. Жасалып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, кент округті көркейту, көгалдандыру мақсатында бірқатар ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.
Аудан басшысы алдарыңызға келудегі басты мақсатымыз туындаған сұрақтарды ашық түрде талқылап, алдағы атқарылар жұмыстарды пысықтап алу екенін айтты.
Айтылған мәселенің маңыздылығын ескеріп, келелі күнге ұтымды ұсыныстарын айтып өтті. Бұл жөнінде сала мамандарына қолға алатын мәселені жан-жақты жеткізіп, нақты тапсырмалар жүктеді.
14 КӨШЕГЕ ЖАҢАДАН АСФАЛЬТ ЖОЛ ТӨСЕЛЕДІ
Бәйдібек ауданының әкімі Ержігіт Шәріпбеков бекітілген кестеге сәйкес орталық саябақта Шаян ауылының тұрғындарымен кездесті.
Кездесуде аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстармен қатар алдағы уақытта орталықта атқарылатын бірқатар жоспарлы жобалармен таныстырды.
– Өздеріңізге белгілі, Шаяндағы тұрғындарды таза ауыз сумен қамту бойынша барлық көшелердегі су құбырлары жаңартылды. Осы аптада Айналма жол көшесіне ауыз суды беруді бастадық. Бірақ бұл босатылған су құбырларды тазалауға байланысты жіберілуде. Аудан орталығындағы барлық көшеге жүргізілген құбырларға жаңадан қазылған жер асты суынан кезең кезеңімен су жіберіліп тазартылатын болады. Сондықтан жіберілетін суды құбырлар тазаланып біткенге дейін ішуге болмайды. Тек бау-бақша мен тұрмысқа пайдаланыңыздар. Құбырлар толық тазаланып біткен соң қосымша хабарланып, таза ауыз суды пайдаланатынын хабардар ететін болады. Сонымен қатар су құбырын жаңарту кезінде қазылған жолдарды жөндеу мақсатында биыл орталықтағы 14 көшеге жаңадан асфальт жол төселеді. Қазіргі таңда өздеріңіз көріп отырғандай жолдарды кеңейту, тас төсеп тегістеу, бордюрлар мен суағарлар орнату жұмыстары жүргізілуде, – деді Ержігіт Шәріпбеков.
Жиында Шаян ауылының тұрғындары қоқысты уақытында тазалау, жөндеуден өтіп жатқан Әлжанов көшесіндегі қойылған суағарлардың үстінен тұрғын үйлерге кіру үшін құбырлар орнату, Т. Рысқұлов көшесіндегі бойлай орналасқан дүкендердің тазалығы, Қапшағайдан келіп жатқан ауыз судың Шаянға не үшін жетпей жатқанын зерделеу және басқа да әлеуметтік мәселелер айтылды.
Қойылған сұрақтар мен ұсыныс-пікірлер назарға алынды. Жоспарға сәйкес тиісті жұмыстар жүргізу жөнінде жауаптыларға тапсырма берілді.
Аудан әкімінің Шаян ауылдық округі тұрғындарымен кездесу жиынына аудандық мәслихат төрағасы Асқар Кенехан қатысты.
МЕКТЕПКЕ ЖОЛ ТАРТУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ
Мақтаарал ауданы Еңбекші ауылдық округі Т.Жайлыбаев елдімекенінде мәдениет үйі және кітапхана нысанының құрылысы жүргізілуде.
Мәдениет үйі мен кітапхана нысанының құрылысы үшін бюджеттен 429 миллион теңге қаржы қаралған. Өткен жылы басталған нысанның құрылысын «Умирзак» ЖШС жүргізуде. Нысанды салуға ауданның сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі тапсырыс берген. Құрылыс биыл аяқталады деп күтілуде.
Аудан әкімі Бақыт Асанов аталған округке арнайы барып, нысанның құрылысымен танысты. Ішін аралап көріп, кейбір орын алып жатқан кемшіліктер бойынша мердігерге ескерту жасады. Сондай-ақ, жауапты сала басшысына нысанның өз мерзімінде пайдалануға берілуі керектігін атап өтті.
Мұнан соң аудан әкімі Иіржар ауылдық округі Алаш ауылында да болып, мұндағы жаңадан салынған мектепке жол тарту мәселесін қарады. Бақыт Насырханұлы жол саласына жауапты басшыға арнайы тапсырма беріп, шұғыл түрде жол салу үшін тиісті шараларды атқару керектігін айтты.
Айта кетейік, ауданда Еңбекші ауылдық округі Т.Жайлыбаев елдімекенінен бөлек, Жамбыл ауылдық округі Жалын елдімекенінде де мәдениет үйі мен кітапхана нысанының құрылысы жүргізілуде.