КЕРЕМЕТ АДАМ РЕТІНДЕ МӘҢГІ БІЗДІҢ ЖАДЫМЫЗДА

Өмір-өзен
1 119 Views

Қазақстандық қоғам қайраткері, техника ғылымдарының докторы, профессор, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының академигі. Қазақстанның еңбек сіңірген жұмыскері, ҚР ҰҒА академигі Ташимов Лесбек Ташимұлы дүниеден өтті.

Зейнетке шыққан соң, Лесбек Ташимұлы ҚР ҰҒА Түркістандық облыстық өкілеттілігін басқарды, М.Әуезов атындағы ОҚМУ жанындағы математика және қолданбалы механика институтының директоры және жиырма жыл бойы облыстық маслихаттың депутаты болды. Л.Ташимов қоғамдық кеңестің мүшесі болып Назарбаев Зияткерлік мектептерінің бірінде қамқоршылық кеңесінде болды.

Ташимов Лесбек Ташимұлы 2019 жылдың сәуір айында Қалалық кардиологиялық орталықтың Бақылау кеңесі төрағасы болып тағайындалды.

Л. Ташимов басшылығымен қызметкерлерге арналған автотұрақ, бірінші және үшінші қабаттың күрделі жөндеу, орталықтың инфраструктурасын толығымен жаңалау, бірнеше Халықаралық ғылыми конференциялар секілді маңызды жобалар іске асырылды.

Лесбек Ташимұлы жақсы әке, жауапты басқарушы, керемет адам ретінде мәңгі біздің жадымызда қалады.

Қалалық кардиологиялық орталық ұжымы мезгілсіз дүниеден озған Ташимов Лесбек Ташимұлының жақындары мен туыстарына шын ниетпен көңіл білдіреді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *