КОЛЛЕДЖ, МЕКТЕП, БАЛАБАҚШАЛАРҒА ЖАҢА МІНДЕТ ЖҮКТЕЛУДЕ

Білім
10 Views


МЕКТЕПТЕГІ БІЛІМНІҢ САПАСЫН БАҒАЛАУДЫҢ ҰЛТТЫҚ ЖҮЙЕСІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САПА БЕЛГІСІН АЛДЫ

Білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингілеу ұлттық құралы (ББЖМ) Халықаралық аккредитациядан өтті. Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пен Халықаралық сараптама және сертификаттау ғылыми-зерттеу орталығының (rcec) директоры Арнольд Брауердің кездесуі өтті.

ББЖМ – оқушылардың білім сапасын, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын (МЖМБС) меңгеру деңгейін айқындайтын ұлттық құрал болып табылады. 2023-2024 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі ББЖМ Халықаралық аккредиттеу процесіне бастамашылық етті.

Ғани Бейсембаевтың айтуынша, ББЖМ ұлттық құралының Халықаралық аккредитациядан өтуі оның сенімділігін, шынайылығын және Халықаралық сапа стандарттарына сәйкестігін растайды. ББЖМ-нің барлық кезеңдері мен процедуралары pisa, timss, pirls сияқты белгілі зерттеулерде қолданылатын ғылыми тәсілдерге негізделген.

– Қазақстан білім сапасын арттыру жолында сенімді қадам жасауда. ББЖМ-нің Халықаралық танылуы – озық тәсілдер мен стандарттарды енгізуге бағытталған бағдарымыздың дұрыстығын дәлелдейді. Біз уақыттың сын-қатерлеріне төтеп бере алатын және жаһандық білім беру қауымдастығына сәтті интеграциялануға қабілетті жүйе құрудамыз. Бұл жетістік білім сапасын одан әрі арттыруда маңызды кезең болатынына сенімдіміз, – деді министр.

Халықаралық сараптама және сертификаттау ғылыми-зерттеу орталығының (rcec) директоры Арнольд Брауер атап өткендей, Қазақстанның ұлттық бағалау жүйесі Орталық Азия аймағындағы бірлескен бағалау жобаларының негізі немесе бір бөлігі бола алады.

– Қазақстандық білім беру жүйесі қазірдің өзінде жақсы нәтиже көрсетуде. Ынтымақтастықтың екі жылында ББЖМ аккредитациясының 7 кезеңі жүзеге асырылды. Олар бағалау жүйесін әзірлеуді, тест сұрақтарының базасын құруды, барлық қатысушылар үшін нұсқаулық әзірлеуді, цифрлық платформада тестілеуді әкімшілендіруді, Халықаралық стандарттарға сәйкес нәтижелерді талдауды қамтиды. Бұл білімді бағалау жүйесін дамытудағы маңызды қадам, – деп атап өтті Арнольд Брауер.

Еске салайық, ББЖМ – мектеп оқушыларының білім сапасын зерделейтін қазақстандық ұлттық зерттеу, ол оқу-тәрбие процесіндегі күшті және әлсіз тұстарды анықтауға мүмкіндік береді. Оның түпкі нәтижесі – білім сапасын арттыру үшін әр өңірге кешенді талдау жасай отырып, әдістемелік ұсыныстар әзірлеу болып табылады

ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ ИНКЛЮЗИВТІ ЖӘНЕ АРНАЙЫ БІЛІМ БЕРУ МӘСЕЛЕСІН ТАЛҚЫЛАДЫ

Ғани Бейсембаевтың айтуынша, 2024 жылы елімізде ерекше білім беруді қажет ететін балалардың саны 230 мыңнан асты. Барлық білім беру ұйымдарында бірдей инклюзиялық білім берудің қажеттілігі мен маңыздылығын ескере отырып, министрліктің құрылымында алғаш рет инклюзивті және арнайы білім беру департаменті құрылды.

– Өткен жылы ғылыми қауымдастық және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп қыруар жұмыс атқарылды. Инклюзиялық және арнайы білім беру саласындағы барлық нормативтік құжатқа талдау жүргізіліп, нәтижесінде 15 нормативті-құқықтық акт қабылданды. Осыған орай баланың дүниеге келген сәтінен бастап оқу оқып, мамандық алған кезіне дейін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің үш деңгейлі үлгісі енгізілді, қолдау кабинеттері үшін жаңа талаптар бекітілді, ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс үшін жеке бағдарламалар әзірленді, одан бөлек педагог-ассистент, арнайы педагог, жеке көмекші секілді жаңа лауазымдар пайда болды, – деп бөлісті бұл туралы әлеуметтік желідегі өз жазбасында министр.

Сонымен қатар министрлікпен ұлттық үздіксіз инклюзивті білім беру орталығын құру туралы шешім қабылданды. Оның мақсаты – педагогтерге әдістемелік сүйемелдеу көрсету, білім берудегі қиындықтарды анықтау және алдын алу бойынша ғылыми-зерттеулер жүргізу, сондай-ақ психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметін үйлестіру жұмыстарын жүзеге асыру.

– Әсіресе, балалардың әлеуметтік бейімделуіне ерекше көңіл бөлінуде. Міне, дәл осы мақсатта Алматыдағы арнайы және инклюзивті білім беру орталығын трансформациялау қолға алынуда. Маңыздылығына баса назар аударар тағы бір жаңалық — былтырдан бастап техникалық және кәсіптік білім ұйымдарында мүмкіндігі шектеулі балалар үшін квота саны өсті. Онымен қоса «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға кешенді қолдау көрсету туралы» жаңа заң жобасы әзірленуде. Білім беру ұйымдарында жайлы орта қалыптастыру барлық білім алушылар үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін негізгі фактор, – деп қорытындылады министр.

Елімізде қазіргі таңда 500-ге жуық арнайы білім беру ұйымы жұмыс істейді. 2024 жылдың қорытындысы бойынша ел аумағындағы мектептердің 90 пайызында инклюзивті білім алуға жағдай жасалды, ал балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамту 80пайызға жетті.

2025 – ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ

Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев «Жұмысшы мамандықтары жылы» іске асыралатын алты іс-шараға тоқталды.

Жаңа кәсіптер атласы және кәсіптік бағдар тұжырымдамасы

«Жаңа кәсіптер атласы» еліміздің барлық өңірлерінде әзірленеді. Оқушылар еңбек нарығының талаптары туралы ақпарат алады және мансапты дұрыс таңдай алады. 1000 мектепте бейіндік сыныптар ашылып, жоғары сынып оқушылары тәжірибелік дағдыларға үйретіледі.

Техникалық және кәсіптік білім беруді қаржыландыру

2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап жан басына шаққандағы қаржыландыру 437 мыңнан 912 мың теңгеге дейін ұлғаяды. Жаңа қаржыландыру жүйесі білім ұйымдарын заманауи жабдықтармен қамтамасыз етуге және педагогтердің біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Колледждердің материалдық-техникалық базасы жаңарады

270 мемлекеттік колледждің жабдықтарын жаңарту жоспарланған. 2025-2027 жылдары жұмыс берушілер мен жеке инвестицияларды тарта отырып, колледждерге заманауи жабдықтар алынады. Колледж студенттері үшін 6 мыңнан астам жатақхана орнының тапшылығын жою міндеті қойылған.

Бизнес-құрылымдармен ынтымақтастық артады

518 кәсіпорын шефтік қамқорлық көрсетсе, бұл санды 4000-ға дейін арттыру көзделуде. Дуальды оқыту жүйесі дамып, кәсіпорындармен 2000-нан астам жаңа білім беру бағдарламасы әзірленеді.

Колледждерді интернационализациялау

10 колледжді Халықаралық стандарттарға сәйкестендіру және жаһандық дең-гейде бәсекеге қабілеттілігін арттыру көз-делген. Шетелдік менеджерлердің қаты-суымен басқару жүйесі енгізіледі, ал педа-гогтар Халықаралық тәжірибе алмасады.

Turkskills чемпионаты

Түркітілдес елдер арасында алғаш рет Тurkskills чемпионаты өтеді. Мақсаты – үздік тәжірибелерді анықтап, инновациялық шешімдерді өндіріске енгізу. Чемпионат 2025 жылы Түрксой ұйымының мәдени астанасы – Ақтауда өтеді.

Министр «Жұмысшы мамандықтары жылы» елімізде қандай шаралар ұйымдастырылатынын айтқан еді. Ғани Бейсембаев шаралар жоспары 7 бағытты қамтитын 70 тармақтан тұратынын айтады.

МИНИСТР ЕЛІМІЗДІҢ ШАЛҒАЙ АУЫЛДАРЫНЫҢ ПЕДАГОГТЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Шарада қатысушылар «Ауыл мектебі – сапа алаңы» республикалық жобасын қорытындылап, орта білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылады.

Қатысушылардың бірі Жамбыл облысы Төле би ауылындағы Ермұхан Бекмаханов атындағы мектеп-гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі Бексұлтан Бақыт. Жас ұстаздың әлеуметтік желілерде жариялаған ауыл мектебінің күнделікті өмірі туралы бейнетаспалары миллиондаған қаралымға ие. Оның айтуынша, көптеген идеяларды жүзеге асыруына ауыл мектептеріндегі интернет сапасының жақсаруы ықпал еткен.

– Біз Президенттің ұстаздарға деген қамқорлығын айқын сезінудеміз. Менің әріптестерім оқытуда әртүрлі креативті әдістерді қолданады, бірақ мұның бәрі интернеттің жылдамдығының арқасында жүзеге асуда. Бейнероликтерімде өз мамандығымның маңыздылығын жеткізуге және әр оқушымен ортақ тіл табудың қаншалықты рөл атқаратынын көрсетуге әрекет жасаймын, – дейді Бексұлтан Бақыт.

Сондай-ақ, Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының биология пәнінің мұғалімі Ерқанат Сәдуханов та өз ойымен бөлісті.

Жас педагог ұстаздық қызметті шығармашылықпен үйлестіріп жүр. Ол Халықаралық жобаларға қатысып, Голливудтың бірқатар танымал әртістерінің саунд-продюсері болды.

Кездесуге қатысушылар өздерінің жетістіктерімен бөлісіп қана қоймай, мемлекет тарапынан қабылданып жатқан шаралардың ауылдық мектептерде білім беру сапасын жақсартуға қалайша ықпал еткенін талқылады.

Өткен жылдан бері министрік қалалық және ауылдық мектептер арасындағы білім сапасының алшақтығын азайтуға, инфрақұрылымды жақсартуға және ауылдық мектептерде кадрлық әлеуетті дамытуға бағытталған»«Ауыл мектебі – сапа алаңы» республикалық жобасын іске қосты.

Мемлекет педагогтерді қолдау және қолайлы білім беру ортасын құру үшін орасан зор шаралар қабылдауда. Президенттің тапсырмасы бойынша «Ауыл мектебі – сапа алаңы» республикалық жобасы іске асырылуда. Оның қорытындысы бойынша бір жыл ішінде ауылдық мектептердегі білім сапасы орта есеппен 7-9 пайызға өсті, ал республикалық олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болған ауыл оқушыларының саны 10 есеге жуық өсті. Жыл сайын 1000-нан астам ауылдық мектеп жаңғыртудан өтуде. 1300 мектепті жаңарту жұмыстары басталды, соның 900-ге жуығы ауылдық жерлерде орналасқан, – деді Ғани Бейсембаев.

Кездесу соңында білім беру жүйесін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін бірқатар педагогтер Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің Алғыс хатымен марапатталды.

Бүгінде елімізде 8 мыңға жуық мектеп бар, олардың 67 пайызы ауылдық жерлерде орналасқан.

ЕУРОПАЛЫҚ ӘРІПТЕСТЕРМЕН БІРҚАТАР КЕЛІССӨЗДЕР ЖҮРГІЗДІ

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев еуропалық білім беру қорының басшысы Пилви Торстимен, Эстонияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Яап Орамен кездесті. Тараптар орта, техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мүмкіндігін талқылады.

Кездесу барысында министр Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту жүргізіліп жатқанын атап өтті. Заңнамалық нормалар жетілдіріліп, Халықаралық тәжірибелерді ескере отырып, колледждердегі менеджмент күшейтілуде. Сондай-ақ кездесу барысында бірлескен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру, колледждердің инновациялық дамуы, студенттер мен педагогтердің тағылымдамадан өтуі және мектеп педагогтерінің кәсіби дамуы жөніндегі жобалар талқыланды.

АУЫЛДЫ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДЕГІ МЕКТЕП ИНТЕРНЕТІН СӨЗ ЕТТІ

– Бүгінгі таңда сапалы интернетпен 85 пайыз мектеп қамтылып отыр. Интернет жылдамдығы кемі 20 mb/s, ал бұған дейін 4,8 mb/s еді. Онымен қоса, алыс шалғайдағы 94 ауыл мектебін сапалы интернетпен қамтамасыз ету мүмкін болмай отыр. Қазіргі таңда бұл мәселе Цифрлық даму министрлігімен бірге шешіліп жатыр. Оның басты себебі – мектептер шекараға жақын аймақта орналасуы. Ол аймаққа starlink интернетін жеткізіп көргенбіз, бірақ оның жұмыс істеуіне кедегілер бар екенін анықтадық. Мұны енді басқа жолмен шешуді көздеп отырмыз. Дегемен осы жұмыстың барысында басқа да 136 ауылдық мектепке желі тарту арқылы интернет орнатып жатырмыз, – деді Ғани Бейсембаев.

ЕЛІМІЗДЕГІ 8 МЫҢҒА ЖУЫҚ МЕКТЕПТІҢ 5247 АУЫЛ МЕКТЕБІ

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Оқу-ағарту министрлігі ауыл мектептерінің әлеуетін арттыру жұмыстарын жүйелі жүзеге асыруда. Еліміздегі 8 мыңға жуық мектептің 67 пайызы (5247) ауыл мектебі. Соның 51% (2654) шағын жинақты мектеп.

-Ауыл мектебінің әрбір екінші мектебі шағын жинақты. Оқушылардың 40пайызы ауыл мектебінде білім алады. Ауыл мен қала мектептері арасындағы білім сапасындағы алшақтықты pisa Халықаралық зерттеулері айқындап отыр. Дегенмен pisa-2018 нәтижелерімен салыстырғанда 2022 жылғы математикалық және жаратылыстану сауаттылығы бойынша айырмашылық көрсеткіші 4-5 баллға дейін қысқарды, ал оқу сауаттылығы өзгеріссіз қалуда, – деді Ғани Бейсембаев.

Ол Оқу-ағарту министрлігі 2023 жылдан бастап «Ауыл мектебі – сапа алаңы» республикалық жобасын іске асырып жатқанын атап өтті.

– Алматы облысында 2023-2024 оқу жылында 50 мектепті қамтитын жаратылыстану-математикалық бағыт пәндері бойынша білім сапасын арттыру мақсатында «білім-инновация» лицейлерінің тәжірибесіне негізделген жоба «Қазақстан халқына» қорының қаржылай қолдауымен жүзеге асырылды. Маңғыстау облысы мектептерінің білім сапасын арттыру мақсатында осы оқу жылында өңірде 50 мектепті, соның ішінде 35 ауылдық мектепті қамтитын «отпан» жобасы басталды, – деді Ғани Бейсембаев.

ҒАНИ БЕЙСЕМБАЕВ ЗАҢ ЖОБАСЫН ТАНЫСТЫРДЫ

– Бүгінде еңбек нарығының талаптарына жауап беретін мамандарды сапалы даярлауды іске асыру үшін колледждер жүйесіне онлайн-оқытуды енгізу ұсынылады. Бұл өзгеріс өндірістен қол үзбей кадрларды даярлау мәселесін шешуге бағытталған және студенттерге оқу мен еңбек қызметін үйлестіре отырып, жеке бағдарламалар бойынша оқуға мүмкіндік беру көзделген, – деді министр.

Оның айтуынша, мұндай тәжірибе АҚШ, Канада, Қытай, Аустралия және Ұлыбритания сияқты елдерде кездеседі. Бұл елдердегі онлайн оқыту білім беру процестерінің тиімділігін арттырған.

– Онлайн оқыту форматын енгізудің негізгі мақсаты – колледждерге сала сарапшылары мен озық технологияларды тарта отырып, білім беру бағдарламаларын икемді бейімдеу, ал студенттерге жұмысты үзбей-ақ нақты жағдайларда тәжірибелік дағдыларды қалыптастыруға жағдай жасау. Экономиканы цифрландыру жағдайында ерекше сұранысқа ие it-мамандықтарға басты назар аударылады, – деп түсіндірді Ғана Бейсембаев.

Елімізде it-сала секторы даму үстінде — қазіргі уақытта осы бағыттар бойынша 56 мың студент оқытатын 227 колледж дайындықты жүргізіп келеді.

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ  МЕКТЕП ДИРЕКТОРЛАРЫМЕН ЖӘНЕ ПЕДАГОГТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Ақтөбе облысында жұмыс сапарымен болды. Педагогтер қауымдастығымен кездесуде ол білім беру сапасын арттыру, педагогтердің кәсіби дамуы бойынша негізгі бағыттарға, сондай-ақ білім беру саласында министрлікпен қабылданған негізгі шараларға тоқталып өтті.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Педагог мәртебесі туралы» заң аясында ұстаздарға жан-жақты қолдау шаралары жүзеге асырылуда. Соның ішінде аттестаттаудан өткізу қағидалары қайта қаралды, педагогтердің сапалы құрамын жасақтау, өңірлерде білім беру инфрақұрылымын жақсарту бойынша бірқатар бастамалар іске асты.

Соңғы төрт жылда елімізде бір миллионға жуық оқушы орны қолданысқа берілді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша 154 жаңа білім беру нысанының пайдалануға берілуі есебінен 12 апаттық, 29 үш ауысымды мектеп мәселесі шешімін тапты.

Мектептерді пәндік кабинеттермен жарақтандыру көрсеткіші екі есеге ұлғайды, интернет сапасы жақсарды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда. Биылғы оқу жылында 365 мың оқушыға арналған 221 мектеп ашу жоспарлануда.

– Тәрбие жұмысы басым бағыттардың бірі болып қала береді. Өткен оқу жылында барлық білім беру ұйымдарында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» жалпыұлттық құндылықтарға негізделген «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы енгізілді. Мектеп әкімшіліктері білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету, балаларға тәрбие мен білім беруде жайлы орта құру мәселесіне жауапкершілікпен қарауы тиіс. Бұл үшін мемлекет жан-жақты қолдауды жүзеге асыруда – заңнамалық шаралар қабылданды, психологиялық қызметтің рөлі күшейтілді, бала құқықтары жөніндегі уәкілдердің мәртебесі бекітілді. Қабылданған бағдарлама шеңберінде алдын алу, ақпараттық жұмыстарды және ата-аналармен өзара іс-қимылды тиімді жалғастыру қажет, – деп мәлімдеді Ғани Бейсембаев.

Сондай-ақ Ұстаздар күні қарсаңында Ақтөбе облысының педагог-шебер біліктілік санаты бар мұғалімдері министрдің қолынан Ыбырай Алтынсарин атындағы төсбелгісін алды. Кездесуді қорытындылай келе министр ұстаздарға еліміздің білім саласына және өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

– Worldskills lyon – 2024 Халықаралық кәсіби шеберлік чемпионатының жеңімпаздары елге оралды. Жеңімпаздармен кездесіп, оларды жетістіктерімен құттықтадым. Биылғы жылы ұлттық құрама алты үздік медальон және 69 елдің арасынан «Ұлт үздігі» аталымын иеленіп, айтарлықтай нәтижеге қол жеткізді. Бұл – шын мәнінде ерекше атап айтуға тұрарлық қуанышты жағдай. Әсіресе, Мемлекет басшысының өз Жолдауында 2025 жылды – Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялауы бұл жеңістің маңыздылығын арттыра түседі, – деп жазды министр өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айтуынша, еңбек адамының беделін арттыру мақсатында былтырғы қыркүйек айынан бастап 300 мыңнан астам колледж студентінің шәкіртақысы 50%-ға артты. Мемлекеттік тапсырыс көлемі 12 мың орынға ұлғайды. Worldskills стандарттары білім беру бағдарламаларына енгізілді.

– Жеңімпаз студенттерді, олардың педагогтері мен ата-аналарын шын жүректен құттықтаймын! Сіздердің жетістіктеріңіз еліміздің дамуы жолындағы жаңа кәсіби белестеріңіздің негізіне айналатынына сенімдімін! – деді салалық ведомство басшысы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *