Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жеке тұлғалардың 2018 жылға көлік салығын 2018 жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірмей төлеу қажеттігін ескертеді.
Жеке тұлғалар салық төлеуді тұрақты тіркелген тұрғылықты жері бойынша жүргізеді.
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz сайтында орналасқан «Электрондық сервистер» / «Калькуляторлар» бөлімінде «Көлік құралдары салығы бойынша есеп-қисабы» сервисі арқылы 2018 жылдың көлік салығының сомасын есептеуге болады.
Сонымен қатар еgov.kz порталында авторизация жасамай және электрондық цифрлық қолтаңбасыз салықтарды электронды түрде төлеуге болатынына назар аударады. Бұл үшін, Egov.kz порталында «Салықтар және қаржылар» — «Салық салу» — «Салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу» және «Онлайн ресімдеу» батырманы басып, қызметке тапсырыс беруге болады. Салық төлеушінің ЖСН/БСН, мемлекеттік кірістер органының атауын, төлем сомасын, бюджеттік сыныптамасының кодын таңдағаннан кейін жүйе салықты төлеу бөліміне өтуді автоматты түрде ұсынады. Барлық процедура аяқталғаннан кейін төлем болғанын растайтын электронды чек беріледі.
Екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы (post.kz, kaspi.kz, homebank.kz.) және fastpay.kz. сайты арқылы да төлеуге болады.
Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті.