Қазақ халқына және Нұрғиса Тілендиев атындағы Қазақ мемлекеттік
академиялық фольклорлық-этнографиялық
«Отырар сазы» халық аспаптары оркестірінің
дирижері Дінзухра Тілендиеваға
КӨҢІЛ АЙТУ ХАТЫ!
Белгілі күйші, композитор Нұрғиса Тілендиевтің жары, қадірлі Дариға Тілендиеваның дүниеден өткені жайлы қаралы хабарлы естіп, қабырғамыз қайысып отыр. Қайғылы жайғдайға байланысты ТҮРКСОЙ ұйымы және өз атымнан шын жүректен көңіл айтамыз.
Дариға Тілендиева «Қазақфильм» киностудиясында түсірілген «Алты жасар Алпамыс», «Құлагер», «Ақ машина», «Жамбылдың жастық шағы», «Қоштасқым келмейді» сынды көркем фильмдері арқылы, ұлттық кино өнерінде өшпес із қалдырды. Дариға Тілендиеваның өнері мен рухани мұрасы қазақ халқының жүрегінде мәңгі сақталады. Қайғыларыңызға ортақтасып, отбастарына сабыр тілейміз. Бұл ауыр кезеңде сіздердің жандарыңызда екенімізді жеткіземіз.
Сұлтан РАЕВ,
Халықаралық ТҮРКСОЙ түркі мәдениеті
ұйымының Бас хатшысы