Жаздың келуімен бірге демалыс маусымы да басталды. Бұл уақыт ХҚО қызметкерлері үшін де ыстықкезең, себебі демалысында құжаттарын реттеп алғысы келгендердің легі көп.Сондықтан «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкентқаласы бойынша филиалы анықтамаларды онлайн алуға шақырады.
Бүгінде жеке куәлік пен паспорт рәсімдеуден басқа мемлекеттік қызметтерді үйден шықпай-ақ онлайн алуға болады. Мысалы, тұрғылықты жері бойынша тіркеу, жылжымайтын мүлікті тіркеу, автокөлік сатып алу және тіркеу, түрлі жәрдемақылар тағайындау, тұрғын үй көмегі, студенттерді уақытша тіркеу, медициналық анықтамалар беру секілді мемлекеттік қызметтердің 90 пайыздан көбін egov.kz порталы, mgov мобильді қосымшасы, EgovKzBot2.0 телеграм-боты, сондай-ақ Kaspi.kz және Halyk Homebank банк қосымшалары арқылы онлайн алуға болады.
«Мемлекеттік қызметтер барлық қазақстандықтарға бірдей онлайн қолжетімді. Тіпті кейбір қызметтерді алуға ЭЦҚ талап етілмейді, бір реттік құпиясөз арқылы да ала аласыз. Қызметтерді онлайн алу арқылы уақытыңызды шынымен маңызды нәрселерге жұмсаңыз», — дейді «Азаматтарға арналған үкіметтің» Шымкент қаласы бойынша филиалының баспасөз хатшысы Алтынай Татаева.
Айта кетейік, Шымкент қаласы бойынша жеті ХҚО және 3 мамандандырылған ХҚО бар. Олардың әрқайсысында өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары жұмыс істейді. Мұнда клиенттер мемлекеттік қызметтерді талонынсыз, кезек күтпей-ақ ала алады.
Шымкент ХҚО-лары 2022 жылдың бес айында 450 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетті.