Бұл көпір Балдыберек өзенін екіге бөліп тұрған Ханарық ауылын қосып қоймай, Тасарық ауылокругінің ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің басым бөлігіне техникалардыапаратын күре жолда тұр. Тасарық ауыл округіндегі стратегиялық маңызы баркөпір. Ауыл ақсақалдары көпірдің жоқтығынан туындаған қиыншылықтарды күйінішпенжеткізді. Осыдан үш төрт жыл бұрын мектепке келе жатқан бір оқушы суға ағып кетіп мерт болғанын өкінішпен айтты.
Ханарық ауылындағы көпірдің келісімшарттағы соммасы 47 518 576, мердігер компанияға аударылған сомма 43 070 321 теңге, аудан бюджетінде қалған сомма 4 448 253 тенге.
13.12.2018ж Төлеби ауданы әкімдігінің Тұрғын үй комуналдық шаруашылық және автомобиль жолдары бөлімі мен «Қайнар-Құрылыс» ЖШС арасында Тасарық ауыл округы Ханарық ауылындағы Балдыбірек өзеніне көпір құрылысын бастау үшін №165 келісімшарт түзеді.
28.12.2018ж № 165/2 қосымша келісімшарт түзеді.
Осы он бес күн аралықта мердігер компания «Қайнар-Құрылыс» ЖШС-нің басшысы Сейдуалиев Нұрдаулет пен «Глобус инжиниринг» ЖШС-нің инжинері К.А.Тулендиев пен директоры Е.К.Кенжебаев атқарылған жұмысқа №2 формадағы акт толтырып, қолдаңбалары мен мөрлерін басып бекітеді. Осыны растап жоғарыда аталған үш азаматқа қосылып, Төлеби аудандық Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Оспанов Нұрлан атқарылған жұмыстың қаржысын төлеу үшін №3 формадағы акт түзеді.
Енді осы №2 формадағы актты талдап көрейік.
Көпірдің автомобильдер жүретін бөлігіне ұзындығы 18 метрлік жалпы құны 19 746 698 теңгенің 22 дана ортасы қуыс плиталар орнаттық деп көрсеткен. Осы плиталарды орнату құны 1 837 463 теңге деп көрсетілген.
2019жылдың ақпан айында осы үш азамат және атқарылған жұмыстарға №2 формадағы акт толтырып, №3 формадағы акт арқылы 6 824 900 теңге аударады.
Бұл актілерді де талдайық.
Жалпы соммасы 2 804 367 теңгелік 28 дана жаяу жүргіншілер плитасын орнаттық деп көрсеткен және ол плиталарды орнатуға 102 573 теңге, сондай ақ осы жұмыстарға қосымша атқарылатын жұмыстарға 1 188 791 теңге көрсеткен. Суреттерде көрініп тұрғандай бұл жұмыстардың біреуі де атқарылмаған.
Мемлекетке келген шығын 25 680 178 теңге.
Қаратөбе ауыл округі Қаратөбе ауылынан Қостөбе «бұрынғы аты Қызыл Жалау» ауылына баратын жалғыз жол. Бұл ауылдың тұрғындары да көпірдің жоқтығынан көрген азаптарын қиналыспен жеткізді. Жедел жәрдем шақыру, қыс мезгіліндегі автокөліктердің ауылға қатынауы қиынның қиыны болып отыр.
Мемлекеттік сатып алу туралы заңның талаптары бойынша мердігер компания негізгі көпір біткенше, айналма жолмен және уақытша өткелмен қамтамасыз етуі керек еді. Ауыл тұрғындарының айтуынша айналма жолмен уақытша өткелді өз күштерімен салған. Суға кеткенді құтқару, суға кетушінің өз қолында дегендей ауыл тұрғындары өз күштерімен айналма жолмен уақытша өткелді салып алмаса Қостөбе ауыл тұрғындары бүткіл әлемнен байланыссыз қалар екен.
Қаратөбе ауылындағы көпірдің келісімшарттағы соммасы 50 594 096 теңге, мердігер компанияға аударылған сомма 46 757 399 теңге, аудан бюджетінде қалған сомма 3 836 695 теңге.13.12.2018жылы Төлеби ауданы әкімдігінің Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдары бөлімі мен «Қайнар-Құрылыс» ЖШС арасында Қаратөбе ауыл округы Қаратөбе ауылындағы Балдыбірек өзеніне көпір құрылысын бастау үшін №169 келісімшарт түзеді. 26.12.2018ж. №169/2 қосымша келісімшарт түзеді. Осы он үш күн аралықта мердігер компания «Қайнар-Құрылыс» ЖШС-нің басшысы Сейдуалиев Нурдаулет пен «Глобус инжиниринг» ЖШС-нің инженері К.А.Тулендиев пен директоры Е.К.Кенжебаев атқарылған жұмысқа №2формадағы акт толтырып, қолтаңбалары мен мөрлерін басып бекітеді.Осыны растап жоғарыда аталған үш азаматқа қосылып, Төлеби аудандық Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Оспанов Нұрлан атқарылған жұмыстың қаржысын төлеу үшін №3 формадағы акт түзеді. Енді осы №2 формадағы актты талдап көрейік. Көпірдің автомобильдер жүретін бөлігіне ұзындығы 18 метрлік жалпы құны 17 918 540 теңгенің 18 дана ортасы қуыс плиталар орнаттық деп көрсеткен. Осы плиталарды орнату құны 1 503 378 теңге деп көрсетілген.
2019 жылдың ақпан айында осы үш азамат және атқарылған жұмыстарға №2 формадағы акт толтырып, №3 формадағы акт арқылы 10 960 102 теңге аударады.
Бұл актілерді де талдайық;
Бұл актіде жоғарыда атап кеткендей жалпы құны 6 288 509 теңге тұратын ұзындығы 18 метрлік ортасы қуыс 7 дана плита орнаттық делінген. Осы плиталарды орнату ақысы 584 647 теңге және плиталарды орнатуға қажетті қосымша жұмыстарға (плиталардың шовтарын бекітуге)
750 358 теңге кетті деп көрсеткен. Суреттерде көрініп тұрғандай бұл жұмыстардың да бір де біреуі атқарылмаған.
Бұл көпірден де мемлекетке келген шығын 27 045 425 теңге.
Екі көпірден мемлекетке келген шығын 52 725 606 теңге.
Бұл атқарылды деп жалған актілердегі көзге көрініп тұрған атқарылмаған жұмыстары. Көзге көрінбей бетондардың астында қалған (болат арматураларды жеткілікті мөлшерде салу, метал сеткалар салу, свайларды жеткілікті тереңдікке дейін бұрғылап қағу және т.б) атқарылған жұмыстарына жоғарыда көрсетілген фактілерден кейін күдік туады екен.
Өз қызметтерін пайдаланып қызметтік жалғандық жасап,жалған актілер толтырып, мемлекет қаржысын талан-тараж жасаған, жоғарыда аттары аталған азаматтар Оспанов Нұрлан, Сейдуалиев Нурдаулет және ЖШС-нің инженері К.А.Тулендиев пен директоры Е.К.Кенжебаев кімге сүйенді екен, кімнің тапсырмасын орындады екен?
Осы салаға басшылық жасайтын аудан әкімінің сол кездегі орынбасары Төлепов Ғалымжан мырза өз қызметіне салақтық жасап, ай қарап отырды ма? Ғалымжан Төлепов мырзаның өз құзыреті шегіндегі функционалдық міндетіне осы саланы қадағалау кірмеуші ме еді?
НЕГЕ ҚАДАҒАЛАМАҒАН? ҚЫЗМЕТТІК САЛАҚТЫҚ!!!
Төлепов Ғалымжан мырзаның орнына келген Серікбаев Лесбек мырзаның кезінде 2019 жылдың желтоқсан айының 31 күні тағыда №2және №3 формадағы актілер толтырылып, 3 877 000 теңге Қаратөбе ауылындағы көпірдің құрылысы үшін аударылады. НЕГЕ? «Қайнар-Құрылыс» ЖШС-нің игермеген қаржысы аз деді ме екен?
Сұрақтар көп. Жауап жоқ. Ортада шырылдаған қара халық.
Халық нақты жауапты құзырлы органдардан күтеді.
Е. МАЙЛЫБАЕВ