«МЕН НЕ ДЕЙМІН, ҚОБЫЗЫМ НЕ ДЕЙДІ?»..

Мәселе
1 344 Views

«Әділет. Рухани жаңғыру» газетінде Шымкент қаласын абаттандыру бойынша облыс әкімдігінің бастамасымен және басшылығымен жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасыздығы жөнінде бірнеше сын материалдар жарияланды. Әрине, асығыс, атүсті жоспарланып, қалай болса солай атқарылып жатқан, болғанынан боладысы көп, шындығынан өтірігі басым «Шатқал» бағдарламасы қатты сынға алынды («Мюнхаузен өтіріктері жолда қалады немесе күні кеше желдей ескен екпінді сөздің аяғы күбір-сыбырға айналып барады»). Сондай-ақ, «Тілдің құты қашып барады», «Нұр Отаның – братанымның садағасы», тағы басқа материалдарда облыстық әкімдік аппаратының нақты істен гөрі жалпылама сөзге көшіп бара жатқаны да сын тезіне ілінген еді. Алайда облыстық әкімдік өзіне қарата айтылған сынға жауап беруді жөн таппай, үнсіз отыра берді. Редакция, амал жоқ, ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың атына хат жолдауға мәжбүр болды.

Сең қозғалды. Бірақ сол тұстағы қала және облыстық әкімдіктердің жауапты қызметкерлері ескі әдеттерінен айнымай, жауырды жаба тоқитын жауаптарын тағы да жолдаумен тынды. Тек ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті мен ҚР Қаржы министрлігі ішкі мемлекеттік аудит департаменті бір ғана Шымкент қаласының көше-көшелеріндегі бағана орнату жұмыстары бойынша миллиондаған мемлекет қаржысының желге ұшып жатқанын анықтады.

Бір сөзбен айтқанда, сол баяғы сырғытпа жауап, «болды» мен «боладының» ара жігін ажыратпау, сапаны ұмытып, сан қуалау, өтірік мәлімет беру әдетінің етек алып тұрғанына тағы да куә болдық. Сонымен Шымкент шенеуніктерінің өтіріктерін жұрт білсін, тасқа басылған қалпында тарихта қалсын деген оймен бұра тартқан жауаптарды да оқырман назарына ұсынуды жөн көрдік.

 

10 СУ ҚОЙМАСЫН ОРНАЛАСТЫРУ  КӨЗДЕЛІП ОТЫР

 

«Әділет. Рухани жаңғыру»

газетінің редакциясына

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *