МҮГЕДЕКТІК ЖӘНЕ ЕҢБЕККЕ ЖАРАМСЫЗДЫҚТЫ СЫРТТАЙ КУӘЛАНДЫРУ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

Денсаулық Қоғам
580 Views

«Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметті проактивті сырттай көрсетудің пилоттық жобасын іске асыру туралы» білгіңіз келе ме?

«Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметті проактивті сырттай көрсетудің пилоттық жобасын іске асыру туралы» бірлескен бұйрығын жұмысқа толық асыру және проактивті сырттай куәландыру нозологиясы бойынша мәселелері бойынша қазіргі танда қатерлі ісіктер, ересектердегі қан айналым жүйесінің аурулары — цереброваскулярлы аурулардың салдары, ауыр гемипарез немесе гемиплегия, трипарез немесе триплегия, тетрапарез немесе тетраплегия, қантамырлық деменциямен асқынған ми қан айналымының жедел бұзылыстары, созылмалы бүйрек жеткіліксізділігінің соңғы сатысындағы ересектердегі зәр шығару жүйесінің аурулары, психикалық ауру, оның ішінде ақыл-ойдың кемістігі, балалық аутизм, балалардағы 1 типті қант диабеті, туа біткен және жүре пайда болған анатомиялық ақаулар (аяқтың болмауы немесе ампутациясы, рентгендік растау болған кезде, хирургиялық ампутация кезінде — стационарлық науқастың тарихынан алынған үзінділер), Даун синдромы, трансплантациясынан кейінгі жағдай – МӘС-ке алғаш рет жолдаған кезде, Анофтальм, Лепра нозологиялары бойынша науқастар пилоттық режимде сырттай куәландырудан өтеді.

Осы көрсетілген нозологиялар бойынша науқаста организм функцияларының едеуір немесе өте айқын білінетін бұзушылықтары бар болып табылған жағдайда, диагнозы белгіленген сәттен бастап кемінде төрт айдан кейін медициналық әлеуметтік сараптамаға проактивті сырттай куәландыруға жібереді.

Емдеуші дәрігер пациенттің денсаулық жағдайы туралы мәліметтерді қамтитын медициналық ұйымдардың ақпараттық жүйелерде тіркелгенін тексеріп, мобильдік азаматтар базасында (МАБ) ұялы байланыс абоненттік құрылғы номері тіркелген жағдайда, пациентті сырттай куәландыруға жіберілетінін және дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім туралы sms-хабарламаға жауап жіберу қажеттігі туралы хабар етеді.

Келісім туралы sms-хабарламаға келген жағдайда, емдеуші дәрігер № 031/у / нысанын ( медициналық-әлеуметтік қорытындысы ) және № 033/у нысанын белгілеп ДКК төрағасының электрондық цифрлық қолы бекітілгеннен кейін автоматтандырылған түрде Қазақстан Республикасы медициналық ақпараттық жүйелерінен ( ҚР ДСМ АЖ-дан) мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған деректі банкіне (МОБД) автоматтық түрде түседі.

Медициналық құжаттар иесіздендіріліп сырттай куәландырылады. Куәландыру «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы бұйрығына сәйкес жүргізіледі.

М.ҚУСТАНБАЕВ,

№10 мамандандырылған МӘС бөлімінің бас маманы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *