МҰНАЙ ҚАЛДЫҒЫН ТАУАРҒА АЙНАЛДЫРАМЫЗ…

Экономика
337 Views

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Айгүл Қапбарова Шымкент қаласына арнайы іс сапармен келді. Ол қаладағы бірқатар өндіріс орындарын аралап, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Ондағы жұмысшылардың жай-күйіне қаныққан сенатор азаматтарды 5 маусымда өтетін референдумға белсенді түрде қатысуға шақырды.

Шымкенттің қуатты күші өндіріспен тығыз байланысты. Жеңіл өнеркәсіпке жақын қала. Бұл салаға бағытталған инвестиция — еселенген табыс көзі. Шымкенттегі «Саяхат – сервис – юг» ЖШС-не арнайы келген Парламент Сенатының депутаты осылай деді. Сенатор Айгүл Қапбарова іссапар барысында, өндіріс орнының жәй-күйін бақылап, жұмысшыларымен ашық әңгіме құрды. Мақта талшықтарын өндірумен айналысатын зауыт басшысы Ғалымжан Жүнісәлиев депутат алдында көкейтесті мәселесін көтерді.

Тоқыма емес бұйымдарды шығаратын «Саяхат» зауыты 2008 жылы құрылған. Мақта талшықтарын өндіру арқылы зауыт қысқы, жазғы арнайы жұмыс киімдерін тігіп, көрпе-төсек жабындыларды шығарумен айналысады. 10 жылдан аса уақыт нарыққа шыққан өндіріс орны, техникалық базамен толыққанды қамтамасыз етілген. Жеңіл өнеркәсіпті дамытып, өз өндірістері үшін аянбай қызмет етіп отырған зауыт арнайы шетелдің өндірістік технологияларын қолданады. Өнім өндіру бойынша практикалық сабақтардан өтіп, бұл саланы жіті игеріп алған. Зауыт жұмысына көңілі толған Айгүл Қапбарова өз сөзінде жеңіл өнеркәсіпті дамытуға барынша қолдау көрсетілгені дұрыс деді.

Кездесуде өндіріс басшысы сенаторға біршама ұсыныс пікірлерін айтты. Соның ең өзектісі зауытқа шикізаттың жетіспеушілігі. Мақта талшықтарын өндіретін шикізат мұнайдан пайда болады. Ал, Қазақстан жері — мұнайлы өлке екенін ескерсек шикізатты өз елімізде өндіріп іске жаратуға мүмкіндік бар. Қазіргі таңда мұнайдан өндірілетін шикізат шетелге экспортталып, одан шыққан өнім өз елімізге импортталуда. Нәтижесінде бағасы екі үш есеге қымбат болады. Зауыт басшысы шикізатты да, одан шыққан өнімді де өзіміз өндірсек өнім бағасы 2 есеге арзан түсетінін алға тартты. Ол үшін арнайы шикізат өндірісімен айналысатын зауыт салу керек, сондықтан мемлекеттің қолдауы бізге ауадай керек дейді өндіріс басшысы.

Бүгінгі күні зауыт 50 жұмысшыны еңбекпен қамтып отыр. Жалақысы орта есеппен 80 мың мен 150 мың аралығында . Болашақта шикізат өңдеуді қолға алып, зауыт құрылысы жүргізіліп мәселе шешімін табатын болса аталмыш зауыт қосымша тағы да 80 адамды жұмыспен қамти алады.

Депутат кездесу соңында республика бойынша өткізілетін референдум төңірегінде, кәсіпорынның еңбек күшіне түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, Өз кезегінде сенаторлар «Саяхат сервис юг» зауытының жұмысына сәттілік тіледі.

Құрмет ДОСЖАН

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *