МҰРАЖАЙ МӘДЕНИЕТІН МЕҢГЕРГЕН

мәдениет Руханият
445 Views

Аңсаған Мұқаметқалиқызы Жүзжасарованың іс-тәжірибесі көпшілікке ой салары анық

Тарихтың қатпар-қатпарларындағы талай сырды құшағына сыйғызып, ұрпақтан ұрпаққа айна-қатесіз жеткізіп отыратын, ұлттыққұндылықтарымызды сөрелерінде сақтаған бір таңғажайып мекеме бар. Ол – мұражай.Оның өзі көлемі мен дәрежесіне сәйкес «мемлекеттік мұражай», «мұражай-қорық», «археологиялық мұражай-қорығы», «тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдыққорық-мұражайы» болып кете береді. Солардың бірқатарының атын атап, түсінтүстей кетелік: Қазақстанның мемлекеттік мұражайы КК, «Ежелгі Таразескерткіштері» мемлекеттік, Отырар мемлекеттік археологиялық мұражай-қорығы,Отырар мемлекеттік археологиялық мұражай-қорығы, Ә. Қастеев атындағымемлекеттік өнер мұражайы, Ықылас атындағы халық саз аспаптары мұражайы,Абайдың «Жидебай-Бөрілі» тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдыққорық-мұражайы, А. Құнанбаевтың әдеби-мемориалды мұражайы, ҚР алтын және бағалыметалдар Мемлекеттік мұрағаты, Шығыс Қазақстан облысының тарихи-өлкетанумұражайы, «Ұлытау» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы,С.Сейфуллин мұражайы және басқа болып кете береді. Бұлардың қайсысын алыпқарасаңыз да тарих сырларын қойындарына бүгіп жатыр. Табалдырығынан аттасаңызеліміздің, ұлтымыздың небір қиын-қыстау күндерінен бастап қазіргі кезеңгедейінгі соқтықпалы-соқпалы жолдарынан, тарихи тұлғалардың өнегелі өмірбаянынанхабардар етеді. Зерделі жастардың, жалпы халықтың ой-санасына сәулелі сырсебелейтін, танысқан сайын баға жетпес құндылықтарымыз туралы «сөйлеп қояберетін» мұндағы жәдігерліктер танымдық тәлімімен таңдай қақтырады-ау!

Сондай «сыр-сандықтың» бірі – Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану мұражайының Аягөз қаласындағы филиалы. Мұндағы өлке тарихынан хабардар ететін экспонаттар келушілерді кірген беттен баурап алады. «Аңыздар мен абыздар елі» аталып кеткен бұл өңірдің тағылымды тарихы, тарихи тұлғалары, географиялық ерекшеліктері, этнографиясы мен табиғат өзгешеліктері, жан-жануарлар әлемі туралы аталмыш мұражай кірген бетте «сайрап» қоя береді. Жаныңыз тынышталып, тып-тыныш әлемнің таңғажайып құдіреттеріне қаныға бастайсыз. Әрине, мұндағы мыңдаған экспонаттар бір күнде жинала қалған жоқ. Бағасы шексіз байлық ондаған жылдар бедерінде біртіндеп жинақталып, музей жанашырлары мен көзі ояу зиялы қауымның қолдауымен тірнектеп жиналды.

Қазір бұл қастерлі мекеме мұражай басшысы Аңсаған Мұқаметқалиқызының айтуына қарағанда аудан ғана емес, исі шығыс өңірінің тұрғындарының жиі келетін орнына айналыпты. Сонымен қатар осы атырапқа ат басын бұрған қалың жұртшылықтың, алыс, жақыннан келетін құрметті қонақтардың мұнда соқпайтыны кемде-кем көрінеді. Ал Аягөз қаласында өтетін ұлылы-кішілі жиын-басқосуларға келгендердің мұнда бас сұқпайтыны сирек жайт.

Сондай ірі шараның бірі ағымдағы жылы өткен – ақ тулы төре, айтулы сұлтан Санияз Көшекұлының 300 жылдығына орайластырылған «Санияз сұлтанның тарихы – қазақтың хандық тарихының бір көрінісі» атты республикалық ғылыми – тәжірибелік конференциясы. Осы алқалы жиынға қатысқандар осы Аягөз өлкетану мұражайына жаппай келіп қоймай, іс-шара барысында XYIII ғасырдың соңғы жартысында ел басқарған айтулы төре Санияз Көшекұлының жан-жақтан келген ұрпақтары көздің қарашығындай сақтап келген бабаларының шағатай тіліндегі жазбасы мен мөрін аудандық музей қорына тапсырған. Ал бұл тарихи құндылығы жоғары жәдігерлер «Ұлылар мекені – Аягөз» атты экспозициялық бөлімнің төрінен орын алатынын Аңсаған Мұқаметқалиқызы қонақтарға мәлімдеп, конференция қатысушылары мен қала қонақтарына музей ұжымы атынан ел қорғаған бабалардың ерліктері мен еңбектерін насихаттап, жастарымыздың ұлттық рухын оятқан осындай тарихи маңызы өте зор іс-шара ұйымдастырған төре ұрпақтарына алғысын білдіріп, рахмет айтқан.

Тағы бір жәдігер хақында. ҚР ҒЖБМ ҒК ЖТН: АР09261115 «ШҚО, Аягөз ауданының археологиялық ескерткіштері: пәнаралық зерттеулер» ғылыми жобасы аясында 2021-2022 жылдары Абай облысы, Аягөз ауданы, Мамырсу ауылдық округіне қарасты Бозай ауылы маңында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, тарих факультеті, Археология, этнология және музеология кафедрасының доценті, т.ғ.к, археолог Ғани Қалиханұлы Омаровтың жетекшілігімен археологиялық зерттеулер жүргізілген. Қыруар зерттеулер нәтижесінің жемісі ретінде табылған заттардың көшірмесін археологтар Ғани Қалиханұлы Омаров пен Бауыржан Бесетаев музейде аудан тұрғындары, тарихшылармен сұхбаттасып 23 сандық бірлік, соның ішінде 4 с.б. бұғының бастары бейнеленген, 6 с.б. бедерленген қаптама, 13 с.б. тілікшелер мен екі оқу құрал кітабын музей қорына табыс еткен.

Сондай-ақ Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейінің Аягөз қаласындағы филиалының табиғат бөліміне осы өңірдің тумасы белгілі палеозоолог Болат Уапұлы Байшашовтың ғылыми археозоологиялық олжалары қойылған. Әйгілі археолог Болат Уапұлы осы уақытқа дейін сақтап келген құнды коллекциясын музей қорына тарту етті. Олар:

1.Төменгі күрек тісінің сынығы;

2. Жоғарғы алдыңғы түп тісі;

3. Төменгі түп тісі;

4. Үйкелмеген төменгі түп тісі;

5. Жоғарғы түп тісі;

6. Миоцен кезеңінде тіршілік еткен мүйізтұмсықтардың ацератерий (Aceratheriinae) тұқымдастарының бір түрінің жоғарғы жақ тістері;

7. Тасқа айналған, мезозой дәуірінің (70-250 млн. жылдар аралығы) ағаштарының сынықтары.

Осы өңірден табылған ертедегі мүйізтұмсықтардың сүйектері Аягөз музейінің табиғат бөлімінде тұр. Бұл құнды жәдігерлер Аягөз өңіріндегі палеонтологиялық зерттеулердің ғылымға енгізген үлкен жаңалығы екені ақиқат. Әлі талай әлемге аты шыққан зерттеушілер осы ғылыми жаңалық нәтижесін өз көзімен көру үшін сонау шет елден Аягөзге ат арытып жетері хақ.

Ал осы музейді он жылдан бері басқарып келе жатқан Аңсаған Мұқаметқалиқызы Жүзжасарованың жұмыс тәжірибесі көпке үлгі екені айдан анық. Өзінің саналы ғұмырын республикалық деңгейде өткен мұражай ісінің ілгері басуына арналған көптеген біліктілікті арттыру курстарына, конференцияларға тұрақты қатысуы нәтижесінде шыңдаған замандасымыз бүгінде осы саланың хас шеберіне айналған.

Жақында Аңсаған Мұқаметқалиқызы Жүзжасарованың еңбегі тағы бір мәрте бағаланып, мұражай мәдениеті мен ондағы атқарылатын ғылыми-танымдық істерді ұйымдастыруды шебер меңгерген А.Жүзжасарова «Мәдениет және Өнер саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Бұл енді ел қамы үшін атқарылған еселі еңбектің жемісі, әділ баға деуге әбден болады. Марапат құтты болсын! Сәттілік дәйімде серік болсын!

Мұратбек ТОҚТАҒАЗИН,

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, Халықаралық Ақпараттандыру академиясының академигі

Астана

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *