НАЗАР АУДАРАТЫН МЕМЛЕКЕТТІҢ ТАҒЫ БІР ТЕТІГІ

Қоғам
739 Views

Егер мемлекеттік органға шағым, арыз не ұсыныс жазғыңыз келсе, оны онлайн істеуге болады. Әдеттегідей, egov.kz порталы – Сіздің басты көмекшіңіз.

ЭЦҚ-ңыз болса, керекті мемлекеттік органға өтінішті жазып қана қоймай, орындалу мәртебесін бақылап, берілген жауапты да көруге болады.

Бұл үшін:

✅ Порталға кіріп, авторизациядан өтіңіз;

✅« Электронды өтініштер» сервисін таңдаңыз;

✅ Мәліметтеріңізді енгізіп, өтінішіңізді қалдырыңыз;

✅Э ЦҚ-мен қол қойып, мемлекеттік органға жолдаңыз;

Заңды не жеке тұлғалардың жазған өтініші бойынша жауап 15-30 күнтізбелік күн (қосымша ақпарат қажет болған жағдайда ұзартылуы мүмкін) аралығында қаралады.

Достар, egov.kz порталының қызметін пайдаланып, ЭЦҚ-мен қол қою үшін ең алдымен оның пайдаланушысы болу керек. Электронды үкімет порталын бірнеше жылдан бері пайдаланып келе жатқандар онда ЖСН енгізіп, жасырын сөзді толтыру керектігін біледі. Бүгінде порталға кірудің тағы бірнеше жолы іске қосылған. Сонымен, келесі ақпаратқа құлақ түріп, #Oqyp&Toqyp алыңыз.

✅ Бір жолғы жасырын сөз.

Бұл әдіспен порталға кіру үшін ЖСН нөмірін теріп, ұялы телефон нөмірін толтыру қажет. Аталған әдісті мобильді азаматтар базасында тіркелгендер пайдалана алады.

✅ Электронды цифрлық қолтаңба.

ЭЦҚ арқылы порталға кіремін десеңіз, жүйе Сізге сертификатты таңдауды ұсынады. Электронды кілт құпиясөзі толтырылғаннан кейін барлық мәліметтер сәйкестендіріледі.

✅ QR-код

QR-код – порталға кіру үшін жасалған жаңа әдістің бірі. Бұл жолмен порталға смартфондарында egov mobile қосымшасы барлар кіре алады. Егер өзіңізбен бірге ЭЦҚ бар флэш-карта болмаса, осы әдіспен порталға оңай кіруге болады. Egov mobile қосымшасынан скан белгісі арқылы компьютерде шыққан код-ты сканерлеп, бірден қызметтерді пайдалануды бастай аласыз.

«Азаматтарға арналған үкімет»

МК КЕАҚ Шымкент қаласы бойынша

филиалының баспасөз қызметі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *