Нематтилло ЗКРУЛЛАЕВ: ҚАЗАҚ ӘНДЕРІНЕ ДЕГЕН МАХАББАТЫМ ШЕКСІЗ

Өнер
654 Views

Өзбек этносы Нематтилло Хуснуддинұлы Зкруллаев қазіргі таңда Шымкент опера және балет театрының солисі. Ол Шымкент қаласында туып өскен. Он жасынан бастап атасы қазақ әндерін үйреткен. Содан бері қазақ әндеріне деген қызығушылығы ояна бастаған.

Бала кезінен қазақ әуендеріне баулып өскен Нематтилло, 9 сынып бітіргеннен кейін саз колледжіне оқуға түсіп, 2015 жылы ҚР Еңбек сіңірген өнер қайраткері Н. В. Мажитованың сыныбын «үздік дипломмен» бітірген.

Колледжде оқып жүрген кезінде түрлі мәдени іс-шаралардың белсенді қатысушысы болып, облыстық, республикалық және халықаралық байқауларға қатысқан. Колледжді аяқтағаннан соң Қазақ Ұлттық Өнер академиясына оқуға түсті. Жоғары оқу орнында да белсенді студенттер қатарынан көрініп, әр түрлі республикалық, халықаралық байқаулардың лауреаты атанған.

Мәскеу, Челябинск, Минскте, Бішкекте және тағы басқа қалаларда өткен халықаралық конкурстарда қазақ әндерін паш етіп келген. Нематтилло Хуснуддинұлы Зкруллаевтің репертуарында қазір 30-дан астам әндер бар және олардың барлығы қазақ тілінде. «Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы және «Қазақстану» жобасы аясында Шымкент қаласында «Ұлт үні» конкурсына өзбек этносынан үміткер болып қатысқан.

«Құсни Қорлан», «Бір бала», «Япыр-ай», «Назқоңыр» сынды халық әндерімен қоса, Абай атамыздың «Көзімнің қарасы»; «Желсіз түнде жарық ай»; «Қараңғы түнде тау қалғып»; «Айттым сәлем, Қаламқас»; Ш.Қалдаяқовтың «Бақыт құшағында»; «Ақ ерке – Ақ жайық», қазақ романстары бар. Сонымен қатар, Т. Мұхамеджановтың «Отан», Е. Хасанғалиевтің «Атамекен», С. Байтерековтің «Қазақстан қыран далам» патриоттық әндермен де толықтырылған.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *