ОН СЕГІЗДЕЙ ҚҰЛПЫРҒАН МАЛИКА ҚЫЗ!

Құттықтаймыз
1 045 Views

Малика, Малика əпше, Малика қыз,

Біз қашан іні болып жарытамыз?

Жас қосып, жасарып бір жатырсыз ба,

Бүгін шабыт түймесін ағытамыз.

Сары қауын піскенде дүниеге,

Келіпсіз кезінде ыстық сары тамыз.

«Батыр əйел» деген бір атақ беріп,

Етіп жүрсін, оооу, кейін халық аңыз.

Басымнан бір сипаған мейірім үшін,

Мына басым бір Сізге əлі қарыз.

Қырық асқан жасыңыз құтты болсын,

Он сегіздей құлпырған Малика қыз! – деп ақын Дәурен Айманбетов жырлағандай, біздің блогер әріптесіміз Малика ханым Әбдәлиева бүгінде қасиетті қырықтан асып, елуге аяңдап келеді. Оны осы жеке мерекесімен құттықтап, мол шығармашылық табыс тілейміз! Өскелең өркениет дәуіріне сәйкес өмір сүріп, еңбек етіп жүрген әріптесімізге дені-басының сау болып, өсіріп отырған ұл-қызының рақатын көрсін деген ізгі ниетімізді білдіргіміз келеді.

Ақ тілекпен,

республикалық қоғамдық-саяси, тарихи-танымдық «Әділет. Рухани жаңғыру» газетінің ұжымы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *