Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету бойынша аумақтық департаменттердің басшыларымен кеңес өткізді. Онда білім беру жүйесін дамыту,балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жергілікті жерлерде мемлекеттік бастамаларды тиімді орындау жөніндегі стратегиялық мәселелер қаралды.
Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауға, білім беру сапасын арттыруға, балалардың құқықтарын қорғауға, педагог мәртебесін қолдауғаерекше көңіл бөлінді. Министр сапалы білім беру елдің тұрақты дамуының негізгіфакторы болып табылатынын, ал балалардың құқықтарын қорғау және олар үшінқолайлы білім беру ортасын құру министрлік қызметінің басым бағыты екенін атапөтті. Сондай-ақ кеңес барысында мемлекетпен қабылданған шаралардың іскеасырылуына бақылауды күшейту, балалардың қауіпсіздігін, білім беру ұйымдарындағы жұмыстың ашықтығын қамтамасыз ету, жергілікті жерлерде құқықбұзушылықтардың алдын алу мәселелері де талқыланды.
Кеңес қорытындысы бойынша Ғани Бейсембаев бұл бағыттағы жұмысты күшейту, жергілікті атқарушы органдармен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету және білім беру бастамаларының орындалуына мониторинг жүргізудің қосымша тетіктерін енгізу жөнінде нақты тапсырмалар берді.