«ПАРАСАТ» ПІКІРТАЛАС КЛУБЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Қоғам Құқық
889 Views

2020 жылдың 11 желтоқсан күні А.Исмайлов колледжінің мәжіліс залында «Nur Otan» партиясы Сайрам аудандық филиалы жанынан құрылған «Парасат» пікірталас клубының кезекті отырысы өткізілді.

Отырысқа «Парасат» пікірталас клубының мүшелері, зиялы қауым өкілдері мен ауданымыздың белсенді азаматтары қатысты.

Жиынды «Қазақ тілі» қоғамының Сайрам аудандық филиалының төрағасы Мұрат Есалиев жүргізіп отырды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру, аудан аумағында қордаланған өзекті мәселелерді бірге талқылап, шешу жолдарын қарастыруда азаматтық қоғамды белсенді қатыстыру, пікірталас мәдениетін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды. Бұл жиынымыз ауданымыздағы көкейкесті мәселелерді талқылап, оң шешілуіне өз септігін тигізері сөзсіз.

Клуб отырысында аудан тұрғындарын сапалы ауыз су, табиғи газ, тазалық және электр энергиясымен қамту барысы және аудан көлеміндегі жер мәселелері қаралып, ашық алаңда талқыланды.

Аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков:

«Жер теліміне және ондағы кемшіліктер мен заңсыздықтар қаншама жылдан бері көтеріліп келеді. Мысалы, Қарабұлақ ауылдық округінде соңғыжылдары тұрғын үй құрылысының қарқынды жүріп жатқаны белгілі. Біраз азаматтармемлекет меншігіндегі ауылшаруашылық мақсатында пайдалануға берілген жертелімдерін өз беттерінше заңсыз иеленіп құрылыс жұмыстарын бастап кеткен», –деп ауданның күн тәртібінен түспеген ауыз су, табиғи газ, электр жарығы, электрбағаналарын ауыстыру, қоқыс шығару, тазалық сақтау және жер мәселелері бойыншаорын алған кемшіліктер мен атқарылған жұмыстарды айтып, «Парасат» пікірталасклубының келесі отырысында күн тәртібіне мына тақырыптар бойынша пікір алмасып,әлеуметтік көмек көрсету бағытында атқарылып жатқан жұмыстар мен аталған салажұмыстарына қатысты нақты ұсыныстар, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселесі,жастар арасындағы суицид пен ерте жүктілік сынды бүгінде ауданымыздағы еңөзекті мәселелерді талқылауға ұсынып, сөз соңында нақты жұмыс жасау жөнінде мекеме басшыларына тапсырма беріп отырысты қорытындылады.

«Әділет — ақпарат».

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *