РУХАНИ АЗЫҚ ЖИНАП, ТЕР ТӨККЕН АБЗАЛ

Рухани жаңғыру
1 304 Views

Даналық атты патшалықты тіреп тұрған құнды дүние ол – кітап. Гауһар сөзді, жауһар дүниелерді жиып терген құндылық. Адамның ұшқыр ойлары мен қиялының, өмірлік тәжірибесініңжемісі. Ол мидан ажырамайтын білім. Кітап – қияли фильм. Ол сенің қиялыңнаналып ғимарат, жеке әлем тұрғызушы. Ол сенің көзқарасыңның дұрыс не бұрыстығындәлелдеуші. Ол сенің ақылшың. Кітапты сен, ал кітап сені оқушы. Жеке әлем боп,дүниемен масайрап отырғаннан гөрі, рухани азық жинап, тер төккен абзал. Ал руханидүниеңді әрлеуші кітап әлемінде байлыққа қанығып отыруың ғажаптың ғажабы.Осыған байланысты Шымкентте Тұңғыш Президент күніне арнап кітап оқу, кітапқадеген құштарлықты насихаттауға арналған іс-шара өтті.

Иә, нақтырақ айтар болсақ, мегаполисте «Кітап FEST» фестивалі ашылды. Мұнда фестиваль алғаш рет болып жатыр және оны  Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар ісі басқармасының «Рухани жаңғыру» бөлімі ұйымдастырды. Шараға өңірдің зиялы қауым өкілдері, кітапхана оқырмандары, студенттері, жалпы қала тұрғындары қатысты.

Фестиваль 2020 жылдың 30 қарашасында басталды. Айта кетсем, «Kiтап Fest» республикалық фестивалі 5 желтоқсанға дейін жалғасты. Бірінші күні фестивальды мегаполистің қала әкімінің бірінші орынбасары Мұқан Шыңғыс Жұмабекұлы «Кітап – адамзаттың баға жетпес байлығы, ғылым көзі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында электронды форматтың қарқынды дамып келе жатқанына қарамастан, дәстүрлі кітапхананың тәрбиелік рөлі ешқашан өз маңызын жоғалтпайтынын, сонымен бірге кітапханалардың кітап қорын жаңартуға және толықтыруға басымдық беру керектігін тапсырған болатын. Шынымды айтсам, адамдар осы күндері кітап оқу дағдыларын жоғалтуда. Мысалы, АҚШ-та ата-аналар балаларына күніне 30 минут кітап оқуы керек. Бүгінгі іс-шараның басты мақсаты – кітап оқуды дәріптеу, оқырманның оқуға деген қызығушылығын арттыру. Осы фестивальге келген әр оқырман, өзінің кітаптарының бірін арнайы ашылған «Балаларға базарлық» қайырымдылық бұрышына қалдыра алады. Онда жиналған кітаптарды еріктілердің көмегімен қаламыздың аз қамтылған және көп балалы отбасыларының балаларына сыйға тартады, – деген сөз толғауымен фестивальді ашты».

Келген қонақтар кітап көрмесімен, баспалармен танысып, керемет көріністер мен композицияларды тамашалады. Және де бірінші күннің бағдарламасында «Жебе» баспа үйінің «Кемеңгер. Дана. Көшбасшы» кітабының таныстырылымы өтті. Іс-шара Тұңғыш Президент күні мерекесімен байланысты болғандықтан, оқырмандарға таныстырылған жаңа кітап жайында Елбасының сыныптасы Роза Төлемісова мен Қазақстанның Құрметті журналисі Байдулла Қонысбек Тұңғыш Президенттің ел үшін еңбектері туралы толғана тебіреніп айтып берді. Бұдан бөлек оқырмандар фестивальда Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды ​​және Шымкент қалаларының баспаларымен, кітап дүкендерімен және кітапханаларымен танысып, оқырман баспамен ашық түрде диалог жүргізе алды.

Екінші күні фестивальда М.Әуезов атындағы ОҚУ рухани жаңғыру бөлімінің «Жас тілші» блогерлер клубының ашылуы болып, Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай, А.Құнанбайұлының өлеңдері және Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай әл-Фарабидің трактаттарынан әдеби композицияларының шоу бағдарламасы өтті. Композициялар өткен соң, «Фолиант» баспа үйі өзінің жаңа өнімдерімен таныстырып, одан соң «Қазақ университеті» баспа үйінің презентациясы өтті.

Әрине мұндай керемет іс-шара болып жатқанда, сұхбат алмау мүмкін болмады. Сол себептен мен «Shugylakitap» баспасының директоры Кирилинская Людмила Всеволодовнадан баспаға қатысты сұрақтар қойып, сұхбат алдым. Әңгіме барысында, Людмила Всеволодовнаға «Shugylakitap» баспасы туралы сұрақтар қойылды.

– Людмила Всеволодовна, сіздің баспаханаңыз қашан ашылды?

– Біздің «Shugylakitap» баспаханамыз Қазақстанда жасап жатқанына 30 шақты жыл болды.

– Қандай бағытта кітаптар шығарасыздар?

– Біздің ең басты мақсатымыз кішкентай балаларға арнап қызықты кітаптар шығару.

– Сіздің баспаханаңыздың мақсаты неде және баспахананың қандай ерекшелігі бар?

– Қазіргі заманда кішкентай балаларды қызықтыру өте қиын, біздің ең басты мақсатымыз, балдарды кітаптағы қызықты суреттер мен анимациялар арқылы кітап оқуға деген ынтасын ашу. Біздің баспамызда өте талантты Ә.Қастаеевтің немерелері суретші болып жұмыс жасайды. Жақында олар Лондон қаласында өткізілген кітап көрмесінде иллюстратор ретінде бірінші орын иеленді. Ал егер баспаханамыздың ерекшеліктеріне келетін болсақ, жоғарыда айтып кеткендей, біздің ең басты ерекшелігіміз, балаларға кез-келген ақпаратты қызықты әрі мазмұнды етіп жеткізу. Мысалға, бізде жақында «Финансик» деген кітап шықты, ол кітапта біз балаларды қаржы мәселесімен таныстырып, ақшамен қалай жұмыс жасау керектігін үйретеміз. Және «Балапан» каналында қазақша, «Ел-арна» каналында орысша әліппені үйрететін бейнебаяндар көрсетеміз.

Қорытындылай келе, айтқым келгені «Күш – білімде, білім – кітапта» дегендей, кітап – білім мен мәдениеттің биік белестеріне жетелейтін тәрбиелік құрал екенін әрдайым жадымызда сақтауымыз қажет.

Көркем БОЛЫСБЕКҚЫЗЫ,

«Жас тілші» рухани жаңғыру блогерлер клубының мүшесі

М.Әуезов атындағы ОҚУ

«Журналистика» мамандығының 1-курс студенті.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *