САЙРАМ – ДАМУ ДАҢҒЫЛЫНДА

Қоғам
997 Views

Сайрам ауданы — Түркістан облысындағы ең ірі аудандардың бірі. Жер көлемі 1760,4 шаршыкилометрді алып жатыр. 56 ұлттың өкілінен құрылған 250,0 мың адамнан астаммекендейді. Әкімшіліктің аймақтық құрылымында 17 ауылдық округ, 78 елді мекенжәне аудандық жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын 13 бөлімдер бар. Аудан орталығы– Ақсукент. Осы орайда тарих толқынынан да, қазіргі заманнан да өз орнын ойыпалып, күн сайын даму үстінде келе жатқан ауданда Президент Жолдауындағытапсырмалардың жүзеге асуы, халықтың өмір сүру сапасы және аудандамүгедектердің құқығын қамтамасыз етуде атқарылып жатқан іс-шаралар жайлы біліпқайттық.

Өңірлік инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру және еңбек нарығындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында 2020-2021 жылдарға арналған «Жұмыспен қамтудың Жол картасы» қабылданды. Осы мақсатта ауданда мемлекет қазынасынан 37 жобаны іске асыру үшін 787 млн теңге қаржы бөлінген. Жоба аясында 3 мектеп, 3 спорттық нысан ағымдағы жөндеуден, 21 көше орташа жөндеуден өтуде, 7 көшеге сапалы электр желісі тартылып, 3 елді мекендегі ауыз су құбырлары орташа жөндеуден өтеді деп жоспарлануда. Бүгінгі таңда 37 жоба бойынша 236 жаңа жұмыс орны құрылып, жұмыспен қамту орталығы арқылы 159 азамат жұмыспен қамтылып отыр. Президент өз Жолдауында «Ауыл – Ел Бесігі» жобасын жалғастыруды тапсырған еді. Бұл жоба аясында да «Ауыл – Ел Бесігі» жобасы аясында Ақсукент және Манкент ауылдарын дамытуға 887 млн теңге бөлінген. Қазір 434 млн теңгеге 10 жол орташа жөндеуден, 493 млн. теңгеге 1 білім, 1 мәдениет және 1 денсаулық сақтау нысандары күрделі жөндеуден өтуде екен.

Аудан экономикасына серпін беретін негізгі салалардың бірі өнеркәсіп саласында 6 айда 13,5 млрд теңге өнім өндірілген. Облыстың өнеркәсіп өнім көлеміндегі үлесі – 5,4%. 2019 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда өнім көлемі 24,8 пайызға артқан. 6 ай қорытындысымен жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 15 243 бірлікті құрайды.

Ауданға жыл басынан бері 11,4 млрд теңге инвестиция тартылған. 2019 жылдың 6 айымен (11,3 млрд.теңге) салыстырғанда НКИ 100% пайызды құрайды. Негізгі капиталға бағытталған инвестицияның 43,5%-ын жеке қаражат есебінен тартылған инвестициялар құрайды. Ағымдағы жылдың 5 айлық есебімен салыстырғанда, Сайрам ауданының бұл саладағы үлесі облыс көлемінде 4 орында.

Ауыл шаруашылығына 6 айда 1,5 млрд теңге инвестиция тартылған. Агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік қолдаудың арқасында 19,7 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, 24,1%-ға артты. Биылғы жылға 51 911 гектар жерге егістік жоспарланып, толығымен орындаған. 2020 жылдың 6 айында 12,7 тонна ет, 58,7 тонна сүт, 76 мың жұмыртқа өндірілген. Былтырғы жылмен салыстырғанда өсім бар екенін көрсетеді.

Қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында барлық елді мекендер бойынша өзекті мәселелерді қамтитын ауданның әлеуметтік картасы әзірленген. Әлеуметтік картада жалпы аудан бойынша 122 өзекті мәселе қамтылады. Олар:

— инфрақұрылым мәселесі – 41;

— ағын су және каналдарды жөндеу – 15;

— білім саласы – 13;

— жер мәселесі – 13;

— жол мәселесі – 13;

— ауыз су және кәріз мәселесі – 11;

— мәдениет және спорт саласы – 4;

— басқа да мәселелер – 12.

Жоғарыда аталған маңызды мәселелердің барлығы басты назарға алынып, үш топқа бөлінген.

Олар: шешімін тапқан мәселелер (5), мерзім талап ететін мәселелер (104) және облыстық, республикалық деңгейде шешілетін мәселелер (13). Осы орайда, айта кету керек жоғарыда айтылған мәселелердің 31-інің шешу жолдары жасақталған. Бірқатарына қаржы бөлінді, басқаларына жобалық сметалық құжаттары дайындалып, облыстық, республикалық бюджеттен қаржы қарастыру жөнінде ұсыныстар енгізілді.

Кейбір мәселелердің өзектісіне тоқталсақ:

— Аудандағы жер қорының жетіспеуіне байланысты тұрғын үй салу үшін жер телімдерін кезегінде тұрған 17 мың азаматтың мәселесі;

— Жайылым жер мәселесі;

— Манкент, Жібек жолы, Ақсукент ауылдарындағы ауыз су;

— Қайнарбұлақ, Қарабұлақ ауылдарындағы күл-қоқыс полигоны мәселелерін шешу мақсатында қадамдық іс-шаралар жоспары әзірленген.

Біраз уақыттан бері шешімін таппай келе жатқан Манкент ауылындағы ауыз су мәселесі қосымша су ұңғымасын орнату арқылы шешілген .

Өздеріңізге мәлім, Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты тұжырымдамасы қоғамда үлкен серпіліс туғызып, ел дамуының ұзақ мерзімді бағдарын айқындады. Елбасы бұл еңбегінде Қазақстанда әлеуметтік жаңартуды жүзеге асыруға жол ашатын жаңа әлеуметтік саясатты қалыптастыруды, баршаға Ортақ Еңбек Қоғамын құруды ұсынғаны белгілі.

ҚР Президенті Н.Назарбаев: «Әрбір қазақстандықтың лайықты, адал және кәсіби еңбек етуі –Қазақстанның ұлы мақсаты, әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына кіруінің кепілі», — деген болатын. Ал, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жұмысшыларға уақытылы және лайықты жалақы төлеу – жұмыс берушінің басты міндеті. Өйткені әрбір қызметкердің артында отбасы мүшелері тұр. Жұмыс беруші тарапынан жалақыны дер кезінде төлемеу еңбек дауларына ұласатыны анық. Сондықтан, бұл мәселе аудан әкімшілігінің басты назарында тұр. Барлығымыз «Мәңгілік Ел» болуға бет түзеген Отанымыздың болашағы үшін аянбай еңбек етуіміз қажет. Ауданда «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын 2020 жылға іске асыру бойынша талдау жұмыстары жүргізіліп, алға қойылған міндеттерді орындау мақсатында іс-шаралар түзілген.

Бағдарламаның белсенді іс-шараларына 5606 адам жүгінсе, олардың 1939-ы жұмыссыз жастар. Осы жастардың ішінен 1174 азамат бағдарламаға қатысты. Атап айтқанда: 341 жас түлек жастар практикасына, 77 азамат әлеуметтік жұмыс орындарына, 223 азамат қоғамдық жұмыс орындарына, 477 азамат тұрақты бос жұмыс орындарымен қамтылса, 29 жасқа дейінгі 44 азаматтың бизнес идеяларына мемлекеттік грант беріліп, 12 азаматқа шағын несие берілді.

Мемлекеттік және салалық бағдарламалар арқылы жыл ағымында 68 жобаны іске асыру аясында 2097 жаңа жұмыс орындарын құру көзделсе, халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы 294 жұмыссыз азаматтарды жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз ету жоспарланған. Есепті жылдың маусым айында бағдарлама аясында 41 жоба іске асырылып, 1626 жаңа жұмыс орындары құрылды, оның ішінде 162-і жұмыспен қамту орталығы арқылы жолданған.

Елімізде жарияланған төтенше жағдайларға байланысты мемлекет басшысының бастамасымен 2020-2021 жылдарға арналған «Жұмыспен қамтудың Жол картасы» қабылданды. Ондағы негізгі мақсаты – өңірлік инфрақұрылымдық жобаларды іске асыра отырып, еңбек нарығындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету. Осы мақсатта аудан аумағында орналасқан әлеуметтік мәдени нысандарды ағымдағы және күрделі жөндеу сондай-ақ қайта жаңарту жұмыстарынан өткізу үшін мемлекет қазынасынан 787 млн теңге қаржы бөлінді. Биылғы жылы ауданымызда түрлі нысандағы жобалық құны 787 млн теңгені құрайтын жалпы 40 жобаны іске асыру көзделіп отыр. Атап айтқанда:

Білім саласынан 3 жоба;

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі арқылы 21 жоба;

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінен инфрақұрылымды 10 жоба;

Спорт саласы аясында іске асырылатын 3 жоба;

Және облыстық салалық уәкілетті басқарманың сүйемелдеуімен 3 жоба іске асырылмақ.

Аталған жобаларды іске асыру аясында 285 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланса, ал халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы 133 жұмыс орындарын құру көзделген. Бүгінгі таңда жоспарланған 40 жобаның 37 іске асырылып, 239 жаңа жұмыс орындары құрылған, аталған жұмыс орындарына орталық арқылы 162 азамат жолданып, жұмыспен қамтылған. Бағдарламаның үшінші бағыты аясында 180 адамға әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін республикалық бюджеттен 55440 мың теңге қаржы нақтыланса, есепті айда жұмыссыз 200 азамат аталған жұмыс орындарына жолданып, олардың жалақыларына 16632 мың теңге қаржы субсидияланып отыр.

Жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыру бойынша 238590 мың теңгеге 500 түлекке жастар практикасын ұйымдастыру жоспарланды. Есепті мерзімде 341 жас түлек аталған практикаға жолданып, 81607 мың теңгеге айлық жалақылары төленді.

Биылғы жылға ауылдық округтер аумағын көріктендіру және көгалдандыру мақсатында жергілікті бюджет қаражаты есебінен 346 жұмыссыз азаматты ақылы қоғамдық жұмыс орындарымен қамтамасыз ету үшін жергілікті қазынадан 39258 мың теңге қаржы бөлінген. Ағымдағы жылдың мамыр айына дейін 210 азамат аталған жұмыс орындарына жолданып, олардың айлық жалақылары жергілікті бюджет есебінен 22060 мың теңге қаржы төленген. Министрлік тарапынан еңбек нарығының қажеттіліктеріне орай қабылданған іс-шараларға сәйкес, қоғамдық жұмыс орындарын республикалық бюджет қаражаты есебінен іске асыру көзделіп, Сайрам ауданы бойынша 2000 азаматты уақытша жұмыспен қамту үшін 680000 мың теңге мемлекет қазынасынан бөлінген. Ағымдағы жылдың маусым айында орталық арқылы 340 азамат қоғамдық жұмыстарға жолданса, айлық еңбек ақыларына 45540 теңге республикалық бюджет есебінен төленген.

Ағымдағы жылы бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 150 азаматқа мемлекеттік гранттар беру және 230 азаматты Бастау бизнес жобасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда 169 азаматтың бизнес идеялары мақұлданып, оларға 93278,6 мың теңге мемлекеттік грант берілген. Сондай-ақ бағдарлама аясында 45 азаматтың жеке кәсіпкерлігіне 196,2 мың теңге көлемінде шағын несие алуға мүмкіндік жасалған.

Жыл ағымында 5621 отбасына немесе 33670 адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсету жоспарланса. Маусым айында 2995 отбасына немесе 16041 адамға әлеуметтік көмек тағайындалған.

2020 жылы 1 шілдеде 2995 отбасыға 581266,4 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған, яғни құрамында еңбекке қабілетті мүшесі бар 2563 отбасыға 472204,8 мың теңге шартты ақшалай көмек тағайындалды, 432 отбасыға 109061,6 мың теңге шартсыз ақшалай көмек тағайындалып, 2710 отбасына 566773,3 теңгеге атаулы әлеуметтік көмек төленген.

2020 жылғы 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекпен қатар кепілдендірілген әлеуметтік топтама бірге жүреді. Осы мақсатқа республикалық бюджеттен 338425 мың теңге, жергілікті бюджеттен 121847 мың теңге қарастырылған. Барлығы 460272 мың теңге қарастырылған.

Бүгінгі күнге аз қамтамасыз етілген отбасылардың 1-6 жасқа дейінгі 3989 балаға 100155 мың теңгеге кепілдендірілген әлеуметтік топтама тағайындалып, 3529 балаларына 78811,9 мың теңгеге кепілдендірілген әлеуметтік топтама беріледі деп күтілуде.

– Төтенше жағдай кезеңінде халықтың жекелеген санаттарын (атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы 6-18 жасқа дейінгі балаларға; 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға; барлық жастағы І,ІІ және ІІІ топтағы мүгедектерге; мүгедек бала тәрбиелеп отырған адамдарға; халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органда тіркелген жұмыссыздарға) азық-түлік және тұрмыстық жиынтығымен қамтамасыз ету мақсатында 17267 адамға 209118,8 мың теңге жоғарыда көрсетілген санаттағы адамдардың шоттарына аударылған.

Мүгедектердіоңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес, 37 мүгедектерге 44 дана мүгедектікқоларба, 48 мүгедектерге 117 дана тифлотехникалық құралдармен, 22 мүгедектерге29 қосымша құралдармен қамтамасыз етілді, 414 мұқтаж мүгедектерді қамтамасызету үшін жергілікті бюджет есебінен 22550,3 мың теңге қаржыға 158540 данажөргектер (памперстер), республикалық бюджеттен 79 мүгедектерге 1340,0 мыңтеңгеге қосымша құралдар сатып алынып, таратылған.

Зерек МҰРАТБЕКҰЛЫ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *