Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Егер жаңғыру елдің ұлттық рухани тамырынан нәр алаалмаса, ол адасуға бастайды. Сонымен бірге рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлібағыттарын қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды». Әр ұлттыңөзіне тән болмысы мен құндылықтары, даму мәдениеті, сондай-ақ діни көзқарастарымен сенімі, тұрмыс-тіршілігі, ұлттық құрылымы, өмірдің өзі туғызған әдет-ғұрыптардыңерекшелігіне сәйкес Қазақ халқының да өзіндік тарихы терең мәдениетіқалыптасқан.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Шымкент қаласында біршама үлкен-кіші жобалар, жарыстар, іс-шаралар жүргізіліп отыр. Сондай-ақ қала, аудан кітапханалары да тыс қалмапты. Соның ішінде қалалық «Отырар» кітапханасының ұйымдастыруымен әр жыл сайын өткізілетін «Фараби оқулықтары» және Шымкент қаласының орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесіне қарасты №13 кітапхана бөлімшесінде «Салт-дәстүр – ұлттың тірегі» атты іс-шаралар өткізілген болатын. Түрлі тақырыпта кітап көрмелері, «Бір кітап – бір ел» атты акциясы өткізілді. Іс-шаралардың негізі салт-дәстүрімізден сыр шертіп, тереңінен насихаттап ақпараттық қамсыздандыру болатын.
Бұл дегеніміз – адами құндылықтарды, рухани қазынамызды дәріптеп, жастарды тәрбиелеу мақсатында бағытталған, олардың бойына патриоттық рухты сіңдіру. Сонымен қатар 2019 жыл Жастар жылы деп белгіленгені еліміздің рухани салаға басымдық беруі ұлтымыздың барлық ұлттық салт-дәстүрлерін, мемлекеттік тіліміз бен әдебиетімізді, мәдениетімізді, ұлттық рухымызды жаңғырту деген асыл ұғымға келіп саяды.
Ежелден мұра болып жеткен ата салт-дәстүріміз қазіргі ұлтымыз үшін өмір, қоғам заңы. Санамызға сіңіріліп жатқан, білім алу жолында атқан әрбір таң, тіршілік ережесі болып ел зердесіне рухани өнеге болып құралған. Дана да, жаңа да жас елімізге, болашақ өскелең ұрпаққа дәріптеп отыруымыз керек. Салт-дәстүрдің ел арасындағы тәлімдік, тәрбиелік, халықтық мәні зор. Себебі, салт-дәстүр байлығы – мәдениеттің байлығы. Ата-ананы, үлкенді құрметтеу, байғазы, көрімдік, сүйінші, кәде сұрау, сәлем беру секілді, тағы басқалар атадан балаға келіп жеткен салт-дәстүр болып табылады. Ең бастысы – бағыт-бағдарымыз анық, жолымыз жарқын. «Мәңгілік ел» болуымыз жолында бізге қажетті қасиеттер мен құндылықтардың қайнары тоғысып, ақыл-парасаты толысқан, ғаламдық ғылымды игерген адамдар көп болса, еліміз өркениетті, бәсекеге қабілетті болатыны ақиқат.
«Әділет-ақпарат».