САЛЫҚТЫҚ РАҚЫМШЫЛЫҚТЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ

Қоғам Құқық
693 Views

Құрметті салық төлеушілер, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап шағын және орта бизнес субъектілері үшін салықтық рақымшылықты жүргізуді қарастыратын заң күшіне енгізілгені туралы және 2019 жылдың 8 ақпанынан бастап негізгі салықтан бересін төлеген жағдайда, өсімпұл мен айыппұл сомасын есептен шығару қағидалары қолданысқа енгені өздеріңізге белгілі.

Түркістан облысында 2018 жылғы 1 қазандағы жағдайға сәйкес 288 млн. теңге салық берешегі бар 12 561 шағын және орта бизнес субъектілері рақымшылыққа жатады.

Өз кезегінде 2019 жылдың 1 маусым жағдайына Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер органдарымен 2018 жылдың 1 қазанында болған жалпы сомасы 56,1 млн.тг. құрайтын негізгі қарызын төлеген 4 574 салық төлеушілердің 7,3 млн.тг. өсімпұл сомаларын есептен шығару туралы шешім қабылданған.

Салықтық рақымшылыққа мониторингте тұрған ірі мекемелер, акциздендірілетін өнімдерді шығаратын салық төлеушілер, сондай-ақ, жер қойнауын пайдаланушылар жатпайды. Алайда, жер қойнауын пайдаланушылардың жерасты суын және емдік мақсатта шығарылатын балшықтарды өндіретін салық төлеушілер осы мүмкіндіктерді пайдалана алады. Сондай-ақ, шағын және орта бизнес субъектілерінің мемлекеттік кірістер органдарына барудың қажеті жоқ: өсімпұлдар мен айыппұлдар салық төлеушінің өтінішінсіз есептен шығарылатынын назарларыңызға жеткіземіз.

Ал, Оңалту рәсіміндегі және салықтар бойынша төлеу мерзімін ұзартқан салық төлеушілер бересі сомасын толығымен төлеген жағдайда өсімпұл мен айыппұл сомаларын есептен шығару туралы арыздарын аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларына жолдау қажет. Сонымен қатар аумақтық мемлекеттік кірістер басқармалары салық төлеушілермен тұрақты негізде «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР заңы 57-1-бабының негізгі борышты төлеу кезінде өсімпұлдар мен айыппұл сомаларын есептен шығаруға қатысты нормаларын түсіндіреді.

Есептен шығаратын соманың арқасында шағын және орта бизнес субьектілері өздерінің айналымдағы қаражаттарын үнемдеп, кәсіпкерлігін дамытуға, ең бастысы – салық салу базасының кеңейтілуіне мүмкіндік алады. Бұл мемлекет тарапынан шағын және орта бизнес субьектілеріне көрсетілген үлкен қолдау, әрі екі жаққа да тиімді шара. Сондықтан шағын және орта бизнес өкілдері осы жасалып жатқан шараға немқұрайлы қарамай, негізгі салықтарын төлеуге дұрыс көңіл бөлу қажет екенін назарларыңызға жеткіземіз.

Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *