САЛЫҚ ТӨЛЕУШІЛЕР НАЗАРЫНА!

Қоғам Құқық
703 Views

Қазақстан Республикасы аумағынан Еуразиялық экономикалық одағы аумағына тауар экспорттауда ІЛЕСПЕ ҚҰЖАТТАРДЫҢ РАСТАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

2015 жылғы 12 қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бiздiң елдің Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі туралы хаттамасы ратификацияланып, 2015 жылдың желтоқсанынан бастап Қазақстан Республикасы аталған ұйымның толық мүшелігіне ие болды. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2017 жылғы 9 ақпандағы №58 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша 2018 жылғы 19 желтоқсандағы №108 бұйрығына сәйкес төмендетілген кедендік баж ставкасы қолданылатын тауарлар тізбесі (2 916 түрінен) бекітілді. Аталған тізбе kgd.gov.kz. сайтында орналастырылған.

Тізбеге енгізілген тауарларды Қазақстан Республикасы аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер аумағына экспортталған жағдайда кеден декларациялар мен электрондық шот-фактураның көшiрмелерімен сүйемелденуі тиiс. Сонымен қатар Қазақстан Республикасында өндірілген тауарлар осы топқа жататын болса, ҚР ҚМ МКК-нің Төрағасы мен ҚР Атамекен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма Төрағасымен 2016 жылы 20 қаңтарында өзара іс-әрекет регламентіне байланысты растайтын құжат ретінде СТ-1 нысанындағы тауардың шығу тегi туралы куәлiктi тапсыруы тиіс. СТ-1 нысаны Түркістан облыстық кәсіпкерлер палатасында әзірленеді. ЕАЭО-қа тауарларды экспорттау үшін негізгі құжаттар болып, тауарлар декларациясы мен СТ-1 нысаның тауар шығу тегi және электрондық шот-фактуралар. Экспортталған тауарлардың шығу заңдылығын және тауар декларациясы мен электрондық шот-фактуралар дұрыс толтырылған жөнінде зерттеп-тексеріп, осыдан кейін Мемлекеттік кірістер органдарымен қол қойылып, мөрмен басылып расталып, Қазақстан Республикасы аумағынан шығарылады. Тізбеге енгізілмеген тауарларды Қазақстан Республикасы аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге шығарылған жағдайда электрондық шот-фактуралар Мемлекеттік кірістер органымен растаусыз жүзеге асырылады. Алайда, салықтық міндеттемелерін орындамаған СЭҚ қатысушылармен салық төлеушілер электронды шот-фактураны жазу талабын бұзған жағдайда Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі 280-1 бабының 5 тармағына сәйкес елу айлықтық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлеу жауапкершілігі қарастырылғанын ескертеді.

ЕАЭО шеңберінде жанама салықтар бойынша ақпаратты Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіндегі 8 (72533)7-2354 телефоны арқылы немесе салық төлеушінің орналасқан жері бойынша Мемлекеттік кірістер басқармаларынан алуға болады.

С. ЖАПАШОВ,

Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің экспорттық бақылау басқармасының басшысы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *