СЕРІК ЕМШІНІ ІЗДЕЙТІНДЕР КӨП

Денсаулық
1 853 Views

Бүгінде дәстүрлі медицинамен бірге халық емшілігі де қатар дамып келеді. Ел ішінде өзінің шипалы емімен сырқаттарды сауықтырып жүрген ізгі жүректі жандар көптеп саналады. Солардың бірі – Серік Пазылұлы Жабаев десек, әсте жаңылыса қоймаспыз. Ол 1949 жылы 25 наурызда Қырғызстанның Ош қаласында дүниеге келген. Сегізінші сыныпты бітіргеннен кейін Қызылордадағы политехникалық техникумға оқуға түскен. Электрик мамандығын алып шығып, сондағы «Қазэлектромонтаж» мекемесінде өзінің еңбек жолын бастайды.

Қызылорданың аптап ыстығына шыдай алмай Шымкентке көшіп келген оның ұйқысынан маза кетіп, маса талап, бір жетідей әбден қиналады. Өзінің зайыбын емдеп жүрген халық емшісі Марат Таспеновке бар жайды баяндайды. Ол: «Сені талап жүрген маса емес, әруақ қой», – дейді. Содан Серіктің түсіне бір аян кіреді. Оның ата-бабалары бір қағазды көрсетеді. Одан жер шарының картасы шығады. Бабаларының бірі әлгі картадан жердің төрт бұрышынан аттары Алла деген сөзді құрайтын қалаларды көрсетіп, олардың арасын қосады. Сызық Х бейнесін береді. Ортадағы сызықтар қиылысқан нүктені көрсетіп, «Мына жерден кен табасың», – депті.

Арадан көп уақыт өтпей Серіктің бір ұлы автокөлік апатынан көз жұмады. Бұрыннан сырқат зайыбы қатты қиналып, шашы ағарып, күйзеліске түсіп кетеді. Содан Серік әйеліне ем жасап көреді. Арадан бір жыл өткенде зайыбы құлан-таза айығып, сауығып кетеді. Бұл 1997 жыл болатын. Міне, содан бері дертіне шипа іздеген жандар Шымкенттің Тельман атындағы бөлімшесінде тұратын Серік емшіні жиі іздейтін болды.

«Халық айтса қалт айтпайды» дегендей, Серіктен өздерінің дертіне шипа тапқан сырқаттардың ол туралы жазған оңды пікірлері көп. Тіпті Зәуреш Нұрсұлтанқызы «Серік емші» деген кітапша шығарып та үлгеріпті. Онда ел ішінде жүрген емшінің шапағатын көрген жандардың пікірі берілген.Енді солардың бірнешеуін Сіздердің назарларыңызға ұсынып көрелік:

«Балам Шералы Әлібековті 1999 жылы жолдас балалары алдап әкетіп, милицияға табыс еткен. Жала жауып, үш күн ұрған. Содан.тергеушілер ақтап шығарды. 20 күннен кейін әрнәрсені айтып, жынданып кетеді. Дәрігерлерге көрсеттік. Сәтін салып, одан дұрысталған еді. Содан 2008 жылы ақпан айында анасы автокөлік апатынан қайтыс болды.Сөйтіп, баламның бұрынғы кеселі қайта қозып кетті. Дәрігерлер 25 рет ине екті, дәрі-дәрмектер ішкізді, бірақ одан нәтиже болмады. Сәкеңнің аты-жөнін есітіп, баламды алып бардым. Шипасын беріп, қазір баламның жағдайы ойдағыдай болды», – деп жазады Рүстембек Әлібеков.

«2008 жылы 12 сәуірде түнжарымда бірден тілден қалдым. Содан осы кісіні есітіп,Серік көкеге келдім. Үш күннен кейін қайта сөйлей бастадым. Серік көкеме мың да бір рақмет!» – деп жазады Арыс қаласының Балғынбеков көшесінде тұратын Раушан есімді қыз.

Жалпы, ол бірқатар сырқаттарды емдейді. Сондай-ақ өмірде жолы болмай жүрген адамдардың да жолы оңғарылуына көмектеседі. Асқазаны, басы, бауыры, бүйрегі, қабырғасы, омыртқасы ауыратын, көзі көрмейтін, құлағы естімейтін, ақ шаштарды қарайтатын, жараны, өндірістік жарақаттарды жазатын, грыжаны емдейтін, қан қысымын реттейтін, аяғы сал болған сырқаттарды сауықтыратын, псориаз, полиатрит, бедеулік, жүрек талмасы, маскүнемдіктен арылу, тағы басқа, тағысын тағылар, тағы сол сияқты көптеген сырқатқа шалдыққандар жер-жерден оны арнайы іздеп келіп жатады.

Өзімнің де балам ауырып, Серік емшінің алдына бардым. Алла тағала шипасын беріп, балам құлан-таза сауығып кетті. Басқа да көптеген емделушілер сияқты менің де Халық емшісіне айтар алғысым шексіз.

Гүлфарида ДҮЙСЕНБАЕВА,

мұғалім.

Шымкент қаласы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *