СОТТАҒЫ ЦИФРЛАНДЫРУ

Қоғам Құқық
784 Views

Цифрлы Қазақстан мемлекеттік бағдарламасы бойынша 4 аудандық Абай, Еңбекші,Қаратау және Әл-Фараби соттарында электрондық қылмыстық істерді қарайтын залдар ашылған.

Сонымен қатар Ақпараттық портал (яғни QR код) сынды қосымша жобалар іске қосылады деп жоспарлануда. Бұл ақпараттық порталдың мақсаты – сотқа келген азаматтарға өздеріне қажетті ақпаратты QR кодты сканерлеу арқылы жылдам беру. Яғни азаматтарды қабылдауға онлайн түрде жазылу және т.б.

Қазіргі таңда сот жүйесі толығымен 100 пайыз компьютерлік құрылғылармен жабдықталған. Сондай-ақ сот мәжіліс залдары 86 пайызға аудио-бейне жазба құрылғыларымен қамтылған. Қызметкерлердің цифрлық сауаттылығы да жоғары деңгейде.

Өздеріңіз білетіндей, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында соттар мобильді құрылғыларды (мобильді бейнеконференцбайланыс) пайдалану арқылы сот істерін қашықтықтан қарауға көшкен. Қашықтан сот отырыстарын өткізу кезінде Trueconf, whatsapp, skype және т. Б. Мессенджерлерді қолданылып келеді екен.

Осыған орай, қашықтан сотқа қатысушыларға жоғары жүктемелерді ұялы байланыс операторлары мен Интернет провайдерлер бастан өткеретінін ескере отырып, гаджеттердің интернет сапасына бағытталған бірнеше міндетті шарттарды сақтауға кеңес береміз дейді Шымкент қалалық сотының Ақпараттық технологиялар және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің басшысы Ә. Елшібаев.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *